1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет91/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

15.3. Этикет (французша etiquette) белгілі жердегі қалыптасқан тәртіпті білдіреді. Ол этиканың жалпы анықтамасы болып табылады.
Іс-қимыл мәдениеті – белгілі ережелер мен принциптерді сақтай отырып қарым-қатынасқа түскен адамдар қимылының формалары мен мәдениеті. Шың мәніндегі мәдениет бұл – адамның ішкі және сыртқы мәдениетінің органикалық бірлігі, стандартсыз, кейде мүлдем шешімі жоқ жағдайлардан шығудың дұрыс жолын табуды білдіреді.
Іскерлік этикет – іскер адамның профессионалды қимылының маңызды моральдық жағы. Іскерлік этикетті білу – қажетті профессионалдық сапа болып табылады. Және оны әрдайым жетілдіру қажет. Іскер адамдар үшін табысты істердің 70 пайызы іскерлік қатынас этикасын және іс-әрекет мәдениетін білмеуден болған. Бұл мәлімет әлемдік тәжірибемен де айқындалған. 1936 жылы Дейл Карнеги ол туралы былай деп жазған: «кез-келген адамның қаржылық істердегі табысының 15 пайызы оның профессионалдық білімінен және 85 пайызы оның адамдармен қатынасу шеберлігіне байланысты». Көптеген адам карьерасын мен біршама ақшаларды жоғалту іс-әрекеттің дұрыс еместігінен және тіпті адам тәрбиесіздігінен болған. Осыны біле тұра жапондықтар этикет бойынша жақсы манералар мен консультацияларға, іс-әрекет мәдениетіне жылына миллиондаған доллар ақша жұмсайды. Олар кез-келген фирманың табыстылығы көбінесе оның жұмыскерлерінің мүмкіндігіне, олардың жалпы мақсат үшін бірігіп еңбек ете білуінен тәуелді екенін біледі.
Этикет - тарихи құбылыс. Іс-қимыл ережелері қоғам өмірінің, нақты әлеуметтік ортадағы өзгерісімен өзгеріп отырған. Этикет абсолютті монархияның пайда болу кезеңінде туған. Анықталған іс-қимылдар ережесін ұстану әйгілі тұлғаларды жоғарлату үшін пайдаланылған. Яғни императорлар, хандар, княздар, патшайымдар, герцогтер арасында иерархияны қалыптастыру үшін Этикет білімі, оның ережелерін білуден әрдайым тек қана карьера емес сонымен қатар адам өмірі да тәуелді болған. Мұндайлар Ежелгі Египетте, Қытайда, Римде, Алтын Ордада қалыптасқан. Этикетті бұзу тайпалар, халықтар арасында түсініспеушіліктерге, тіпті соғысқа әкелген.
Мәдени іс-қимылдан басқа тағы профессионалды этикет бар. Өмірде болатын және мәңгілікке қалатын профессионалдық функцияларды орындауда ең жоғарға тиімділікті қамтамасыз ететін қарым-қатынастар бар. Кез-келген қарым-қатынастардың қатысушылары әрдайым бұл қатынастардың және іс-қимыл ережелерінің оптималды формаларын сақтауға тырысады. Мысалға, жаңа жұмыскерден қалыпты түрде қалыптасқан этикет ережелерін мүлтіктірмей орындауды талап етеді, себебі бұл ұйым ішіндегі қарым-қатынасты жеңілдетеді. Кез-келген ұжымда анықталған дәстүрлер қалыптасқан және олар кейін уақыт өте келе моральдық принциптер күшіне айналады және осы ұжымның этикетін қалыптастырады.
Іскерлік қатынас этикеті көбінесе бизнестегі іс-қимылдар ережелерінің бірлігі ретінде анықталады. Ол іскерлік қатынастың сыртқы бетін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет