1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет87/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95
ЖК қызметін қайта бастау тәртібі
Қызметті тоқтата тұру кезеңінде ЖК-да өз қызметін қайта бастау қажеттігі туындаса, ол қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан жеріндегі салық органына салық есептілігін ұсынуды қайта бастау туралы са- лықтық өтінішті ұсынады. Бір мезгілде ЖК-да кезекті салық есептілігін ұсыну қа- жеттігі туындайды.
Мысалы, ЖК Исаев 2018 жылғы 1 наурыздан бастап 2019 жылғы 1 наурызға дейін қызметті тоқтата тұруға рұқсат алды. 2018 жылдың тамыз айында ол өз қыз- метін қайта бастау туралы шешім қабылдап, салық органына қызметті қайта бастау туралы өтініш берді. ЖК-да 2018 жылғы 2-жартыжылдыққа 910.00 нысаны бойын- ша декларацияны тапсыру міндеттемесі туындайды.
Патент негізінде жұмыс істейтін ЖК да патент құнының есеп-қисабын ұсыну арқылы қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін оны қайта бастауы мүм- кін, бұл жағдайда ол патент құнының есеп-қисабын ұсыну күнінен бастап қызметті қайта бастады деп есептеледі.


14 тақырып. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері.

14.1. Коммерциялық құпия түсінігі, мәні және мағынасы.


14.2. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің жіктелуі.
14.3. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау шаралары.
14.1. Коммерциялық құпия - мемлекеттік құпия болып есептелмейтін, шаруашылық жүргізуші субьектілердің өндірістік, технологиялық, ақпаратты басқаруымен, қаржысымен байланысты ақпарат. Оны жариялау субьект мүддесіне зиян әкелуі мүмкін. Кәсіпкердің негізгі мақсаты – фирма жетістіктері жөнінде ақпаратты оның бәсекелестерінен пайдаланудан қорғау.
Бүгіндей бәсекелестік жағдайында жеке кәсіпорынның коммерциялық құпиялылығын құрайтын мәліметтерді анықтау қажеттілігі туады. Оған мыналар жатады: идеялар, өнертабулар, жаңа технологиялар, фирманың табысы, тауар жеткізуші, тауар өткізу жүйесі, байланыстар туралы мәліметтер жатады.
Коммерциялық құпия - жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәлімет. Нарықта операция жасайтын фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар. Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады. Коммерциялық құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті. Кәсіпорын басшылығы коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен көлемін өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария болудан қорғайды. Құпия мәліметті білетін адамдардың тізімін белгілейді.Мемлекет үкімет органдары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауда заңда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды.
Кәсіпорынның өзі заң негізінде коммерциялық құпияға жатқызылатын мәліметтердің тізімін нақты анықтайды. Ол мәліметтер ғылыми-техникалық сипатта болуы мүмкін: чертеждар, схемалар, технологияның ғылыми нұсқалары, жеке электроны есептеу машиналарына арналған бағдарламалар.


14.2. Арнайы бұйрықпен басшы кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтің тізімін бекітеді. Коммерциялық құпияға қатысы бар адамдар қолхат беру арқылы бұйрық пен және оның қосымшаларымен таныса алады. Кәсіпорынның құпия мәліметтері туралы ереже жасалуы да мүмкін. Құпия мәліметтердің үлгі тізімі мынадай түрде рәсімделуі мүмкін. Кез келген ұйымның комерциялық құпиялығын құрайтын мәліметтердің тізімі:

  1. клиенттермен қаржылық есептесу, несие туралы мәліметтер;

  2. табыс, өнімнің өзіндік құнымен қызмет көрсету туралы мәліметтер, олардың көлемі мен өту бағалары.

  3. кәсіпорынды дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлары, тауардың бар, жоқтығы, тапсырыстар көлемі;

  4. жарнама қызметінің жоспары;

  5. жасалған және жоспарланған келісімдер, олардың шарттары, көлемі, сипаты туралы;

Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі мыналарды белгілейді:

  1. мәліметтердің коммерциялық құпияға жату ережесін;

  2. коммерциялық құпияны білетін адамдардың тізімін;

  3. коммерциялық құпия істерді жүргізу тәртібін, оның есебін, құпиялығын сақтау, көбейту жою мерзімі мен тәртібін.

  4. Құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттары.

Содан соң директордың қолы, тегі, есімі, әкесінің аты-жөні жазылады. Әріптестермен қызметкерлермен келісімшарттарда коммерциялық құпияны білудің тәртібі және оның сақталуына жауапкершілік ескеріледі. Құпия мәліметтері бар құжаттарды есепке алу жеке журналдарында тіркеледі және олда құпия жүргізіледі. Коммерциялық құпия кәсіпорынның меншігі болып табылады. Онын мақсаты - кәсіпорынға бәсекелестік күрес жағдайында экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз ету.
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, төмендегі талаптарға жауап беруі тиіс:
1. Ақпаратты ашық түрде қолдану кәсіпорынға зиян келтіруімен байланысты.
2. Заңдық негізде ақпарат жалпыға белгілі немесе жалпыға тиімді болмайды.
3. Ақпарат қорғалуды қажет етеді, ол себебі мемлекеттік секрет болып табылмайды және авторлық және патенттік құқықпен қорғалмаған.
4. Кәсіпорын экономикалық немесе басқа пайда бойынша.
5. Бұл мәліметтердің жасырылуы қоғамға зиян келтірмейді.
Төмендегі ақпараттар коммерциялық құпияны құрайды:
- Фирманың сауда қатынастары;
- Ұйымдар мен қаражат айналымының өлшемі;
- Өткізу нарығының жағдайы;
- Банк операциялары;
- Жеткізушілер мен тұтынушылар;
- Патенттер мазмұны;
- Капитал құрылымы;
- Инвестициялар жоспары;
- Келісім шарттары;
- Тауар бағасының құрылуы;
- Пайда көлемімен өндіріс көлемі;
Өндірістік құпия мына ақпараттарды қорғайды:
- Өндіріс тәсілі мен технологиясын;
- Еңбек ұйымын;
- Техникалық ашылулар мен өнертабуларды;
- Зерттеу жұмыстарының сипатымен мақсатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет