14.3. Кәсіпкерлік құпия – бұл өндірістік құпия, соның ішінде ғылыми зерттеушілік нәтижелер, жобалық – құрамалық нәтижелер, технологиялық іздестіру, зерттеу, көмекші міндеттерлі жеке шешу, қорыта айтқанда өндірістің іс істеу барысында туатын жағдайы болып табылады. Бұл ойлап табу, өндірістің құпиясы, «ноу-хау», қаражатын басқару әдістері, фирманың құпиясын сақтау.
Кәсіпкерлік құпиямен тығыз байланысты мыналар болып табылады: коммерциялық құпия – бұл кәсіпорынның құқығы болып табылады, ұйымға жарияламау, айтпау тапсырылады; банкілік құпия – банк операциясын жүргізетіндермен және тұрақты клиенттердің есебіндегі ақша көлемін жарияламау; қаржылық құпия - бұл бухгалтерлік және қаржылық құжаттардың бүкіл тұлғаның алдында айтылмауы, сақталуы; ақпараттық құпия – мәлімет соның ішінде коммерциялық құндылығы бар қимыл іс-әрекеті.
Кәсіпкерлік құпияның негізгі мақсаты – бұл бәсекелестерден фирманың жетістігі жөніндегі ақпаратты санкцияландырылмаған пайдаланудан қорғау.
Кәсіпкерлік құпияның нысаны:
ғылыми техникалық жетістіктер, жаңалықтар;
шығармашылық жұмысшылар;
коммерциялық ақпарат;
тікелей жұмысшылар.
Кәсіпкер иегері кәсіпкерлік құпия құрайтын мәліметтердің бәрімен танысуға құқысы бар, егер бұл жағдай құрылтайшы құжаттарды қаралмаған болса немесе кәсіпорын мүдірімен келісім шартқа кіргізілмеген болса да, кәсіпорын иесі оған бағынбауға толық құқығы бар.
Кәсіпкерлік құпияны құрайтын маңызды мәліметтердің 4 деңгейін атап көрсетуге болады:
1. өмірлік маңызы бар, алмастырмайтын ақпарат, кәсіпорынның жұмысы үшін өте қажет ашылуына және жабылуына нақты түрдегі септігін тигізеді;
2. маңызды ақпараттың жойылып кету процесіне әкеледі немесе үлкен шығынға батырады;
3. пайдалы ақпарат – мұның қолдан шығып кетуі кәсіпорынға залал тигізеді, бірақ оның қызметінің тиімділігіне оншалықты әсері бола қоймайды;
4. мардымсыз ақпарат – бұл кәсіпорынға материалдық шығын және оның қызмет етуіне тигізер әсері болмайды.
Фирманың келешегінің дамуы туралы мәліметінің құпия болуына қатысты: тапсырыскерлерге, мерзімге, несие сомасына және т.б. жағдайларға байланысты болады.
Кәсіпкерлік құпияны тиімді түрде қорғау төмендегідей міндетті шарттардан тұрады:
1. қаржылық, коммерциялық, өндірістік сұраулар шешімінің бірлігінен;
2. өте құпия ақпараттың сақталу деңгейіне жетекшілердің арнаулы түрдегі жауапкершілігі;
3. коммерциялық құпияны жеткізушілердің, тасымалдаушылардың, сақтық тәртібі, арнайы іс жүргізуді ұйымдастыру;
4. ақпаратты білуге тиісті соның ішінде өте құпия түрін, тұлғаларды шектеу санын анықтау;
5. коммерциялық құпияны сақтаудағы жүргізілген шараладың және өңдеулердің жоспары, соның ішінде қолданылған шараладың тиімділігіне арнаулы бақылау.
Коммерциялық құпияны сақтау үшін соған қажеттілікті дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Коммерциялық құпияны қорғаудың маңызды бағыты болып кәсіпорынның кадрлік құрамының тұрақтылығы саналады. Егер құрамындағы білімді мамандар тұрақсыз болса, онда фирманың құпиялылығы бәсекелестерге жария болып, оларға үлкен пайда әкелуі мүмкін.
Кәсіпкерлік құпияны қорғаудың нақты жүйесін жасау үшін, төмендегідей істерді атқару қажет:
команда құру, соның ішінде фирмадағы құпияны қорғау бағдарламасының орындалуына жауап беретін;
ақпараттың қандай жолмен шығып кету мүмкіндігін анықтау:
құпия сақтау элементтері.
Бұдан басқа ақпаратты қорғау жүйесін ойластыруға болады. Ақпаратты қорғау үшін келесі іс-шараларды пайдалануға болады:
ұйымдасқан түрде;
техникалық тұрғыда;
арнаулы тұрғыда.
Ақпараттың құпиялығын сақтау үшін, оны фрагменттерге бөліп, әртүрлі бөлшектерге және әртүрлі сейфтергде сақтау қажет.
Коммерциялық құпияны күзету, бұл арнайы ортаға мәліметтің таралмауына тыйым салу немесе анықталмаған ортадағы тұлғалар үшін қабылдау түріне әрі мәліметті басқа тұлғаға беруге қатаң түрде тыйым салу.