1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет9/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95
Экономикалық ресурстар - тауар өндіруге, қызмет көрсетуге және басқа да бағалы заттарды жасауға пайдаланылатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштер мен заттар.
Экономикалық ресурстарды төрт топқа бөлуге болады:

  1. Табиғи - өндіріске пайдалануға жарайтын табиғаттан алынатын заттар. Олар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.

  2. Материалдық – адамның өзі жасаған барлық құрал жабдықтары, бұлардың өздері де өндірістің нәтижесі,

  3. Еңбек ресурстары- бұлар еңбекке қабілеті бар, еңбек жасындағы адамдар. Олар 3 көрсеткіш параметрі бойынша бағаланады:

А) әлеуметтік демографиялық;
Б) мамандық кәсіптік;
В) мәдениет –білім деңгейлерімен.
4) Қаржы ресурстары – бұл қоғамның өндірісті ұйымдастыруға бөлген ақша қаражаты.
Қандай өндіріс болмасын онда табиғи, материалдық және еңбек ресурстары болуы қажет, сондықтан оларды «базалық ресурстар» деп атайды.
Экономикалық теорияда өндіріс факторларын талдаудың маңызы өте зор. Осыған сәйкес, өндіріс факторларына деген көзқарас қалыптасқан: олар – маркстік және маржиналистік.
Маркстік тұжырымдама өндірістің үш факторын бөліп көрсетеді: 1) адамның еңбегі; 2) еңбек заттары; 3) еңбек құралдары. Адамдардың еңбек процесінде өңдеуге түсетін табиғат заттарын еңбек заттары деп атайды. Олардың екі түрі болады, біріншіден, табиғаттың тікелей берген заттары (балық, мұнай, газ, т.б.), екіншіден, өңдеуге түскен еңбек заттары (шикізат). Еңбек құралдары деп адамдардың еңбек затына ықпалын білдіретін құралдарын айтады. Еңбек құралдарына: машиналар, станоктар, жабдықтар, құрал-саймандар, өндірістік ғимараттар, т.б. жатады. Өндіріс құрал-жабдықтарын, еңбек құралдарын іс-әрекетке икемдеп қосатын және өндірістік тәжірибесі бар адамдарды қоғамның өндіргіш күштері деп атайды.
Маржинализм тұжырымдамасы бойынша өндіріс факторлары төртке бөлінеді: 1) еңбек; 2) капитал; 3) жер; 4) кәсіпкерлік қабілет.
Өндіріс факторлары - өндіріс процесіне нақтылы қатыстырылған ресурстардың көрінісі. Өндіріс факторларына келесілер жатады:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет