1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты


– сурет. Экономикалық теорияның құрылымы



бет5/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

1.1 – сурет. Экономикалық теорияның құрылымы

Экономикалық теорияның негізгі 4 қызметтерін бөлуге болады. Мұның ішіндегі ең біріншісі – танымдылық қызметі: бұл қоғамдағы экономиканы зерттеу мен мәнісін түсіне білу және алған білімін теоретикалық түрде, яғни жалпы және жүйелі түрде көрсете білу. Екінші қызметі – әдістемелік. Бұл барлық экономикалық ғылым жүйесіне арналған теориялық және әдістемелік базаларында қызмет істейді.






1.2 – сурет. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.

Білімділік қызмет арқылы экономикалық теорияда, әр түрлі маманды адамдардың көбі экономикалық мәдениетпен таныса алады. Қазіргі кездегі адамның өмірі экономикамен тығыз байланысты, сондықтан да жоғарғы оқу орындарының бағдарламалары - оның заңдары мен үрдістерін зерттеуге бағытталған.


Тәжірибелік қызметі - бұл ұтымды шаруашылықтандырудың тәсілдерін және үрдістерін қалыптастыруға, ал ғылыми ұстанымда мемлекеттің тиімді саясат жүргізуіне бағытталған.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар.
1. «Экономия», «саяси экономия», «экономикс», «экономикалық теория» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсетіңіз?
2. Экономикалық теорияның пәні және аясы болып не табылады?
3. Экономикалық теорияның зерттеу объектісі мен субъектісіне тоқталыңыз.
4. Экономикалық теорияда ғылыми танудың қандай әдістері қолданылады?
5. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.
6. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесінде алатын орны қандай?
7. Өз дамуында экономикалық теория қандай кезеңдерден өтті? Әр кезеңге сипаттама беріңіз.


Тақырып бойынша тест тапсырмалары.
1. Экономикалық теория ғылым ретiнде қай уақытта пайда болды?
А. XVI-XVII ғасырлар тоғысында
Б. XV-XVI ғасырлар тоғысында
В. XVIII-XIХ ғасырларда
Г. XIV-XV ғасырларда
Д. X ғасырда
2. Қоғам дамуының түрлi сатыларында тұрмыстық игiлiктердi өндiрудегi, бөлудегi, айырбастаудағы және тұтынудағы адамдар арасындағы өндiрiстiк қатынастарды, олардың даму заңдылықтарын зерттейтiн ғылым
А. экономикалық теория
Б. саяси экономия
В. экономика
Г. микроэкономика
Д. экономикалық саясат
3. Шектеулi ресурстарды пайдалану арқылы игiлiктердi өндiрудi оптималдауды зерттейтiн, сонымен қатар қоғамдағы өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну араларындағы байланысты талдайтын iлiм.
А. экономикс
Б. саяси экономия
В. экономикалық теория
Г. макроэкономика
Д. экономикалық iлiмдер тарихы
4. Экономиканың кез-келген мәселесiн шешумен байланысты процедуралардың үйлесiмдi, негiзделген, реттi жүйесi бұл ...
А. Экономикалық теорияның зерттеу пәнi
Б. Экономикалық теория курсының құрылымы
В. Экономикалық теорияның әдiстерi
Г. Экономикалық теория курсының логикасы
Д. Экономикалық теорияның механизмі
5. Жекелеген салалар, кәсiпорындар т.с.с. оқшауланған бiрлiктердi зерттейтiн экономикалық теорияның бiр бөлiмi
А. Экономикалық теория
Б. Макроэкономика
В. Супермакроэкономика
Г. Экономикс
Д. Микроэкономика
6. Халықшаруашылығын қамтитын барлық экономикалық құбылыстарды бiртұтас жүйе ретiнде зерттейтiн экономикалық теорияның бiр бөлiмi
А. Макроэкономика
Б. Микроэкономика
В. Супермикроэкономика
Г. Супермакроэкономика
Д. Экономикс
7. Барлық экономикалық құбылыстар мен процестердi жәй түрiнен күрделiсiне, төменгi сатысынан жоғарысына қарай қарастыратын экономикалық теорияның әдiсiн көрсетiңiз
А. логикалық
Б. диалектикалық
В. индукция
Г. дедукция
Д. ғылыми абстракция
8. Зерттелiп отырған құбылыстың мардымсыз, өткiншi жақтарын дерексiздендiру, оқшаулау, ондағы тұрақты қасиеттердi тауып көрсету үшiн пайдаланылатын әдiс.
А. Тәжiрибе
Б. Логикалық
В. ғылыми абстракция
Г. Анализ
Д. Синтез
9. Бұл әдiсте жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады.
А. синтез
Б. дедукция
В. ғылыми абстракция
Г. индукция
Д. анализ
10. Жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің, процестердің жеке ерекшеліктерін сипаттайтын әдіс.
А. синтез
Б. анализ
В. ғылыми абстракция
Г. индукция
Д. дедукция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет