1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет8/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Аралас ұдайы өндіріс – бұл бір уақытта экономикалық ресурстардың санын арттыру және техника мен технологияны жетілдіру есебінен өндіріс ауқымын кеңейту процесі.
2.2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар және игіліктер.

Экономикалық ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш мәселесіне жауап бере алатын басты ұғымдар орын алады. Бұл ұғымдар экономикалық теорияның базалық түсініктері болып табылады, яғни олар:


1. Қажеттіліктер.
2. Игіліктер.
3. Ресурстар.
Кез-келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден басталады. Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, экономикалық қажеттіліктер мен олардың қанағаттандырылу тәсілдері болып табылады.
Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер немесе басқаша айтқанда, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және жеке индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар.
Қоғамның кез-келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағаттандырылуы тиіс. Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар, өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз және шектеулі көлемде болып келеді.
Шексіз игіліктерге ауа, күннің нұры, жел энергиясы жатады, бұларды экономикалық емес игіліктер деп аталады.
Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық игіліктер деп атайды. Экономикалық игіліктер дегеніміз экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық және материалдық емес заттар мен қызметтер. Ал, экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар немесе қызмет көрсету жатады.
Ресурстар – бұл қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктерді өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері.
2.3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет