1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет17/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Сауықтырушы кызметі. Нарықтық механизм - бұл шаруашылық қызметтің қатысушылары арасында үнемі «табиғи іріктеу» жүргізіп отыратын катаң жүйе. «Бәсекелестік» құралын қолдана отырып, нарық экономиканы тиімсіз әрекет етуші, кәсіпорындардан «тазартып» отырады да, керісінше белсенділер мен тапқырларға жол сілтеп отырады. Нарықтың осындай сараптама жұмысынын нәтижесінде ұлттық шаруашылықтың орташа тиімділік деңгейі мен тұрақтылығы артады.


4.2. Нарықтың түрлері мен оның инфрақұрылымы.
1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша:
- тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы;
- өндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы, капитал нарығы және жер нарығы;
- қаржы нарығы;
- ақпарат нарығы.
2) Географиялық орналасуы бойынша:
- жергілікті нарық;
- аймақтық нарық;
- ұлттық нарық;
- дүниежүзілік нарық.
3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:
- жетілген бәсеке нарығы;
- жетілмеген бәсеке нарығы:
- монополиялық нарық;
- олигополиялық нарық;
- монополистік бәсеке нарығы.
4) Сатылу сипаттамасы бойынша:
- көтерме сауда нарығы;
- бөлшек сауда нарығы;
5) Заң нормаларына сәйкестігі бойынша:
- ресми нарық;
- ресми емес (көлеңкелі) нарық.
Инфрақұрылым -бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір-тіршілігіне әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес мекемелердің кешенді жүйесі.
Экономикада инфрақұрылымның мынадай түрлері қалыптасқан:
1. Өндірістік инфрақұрылым - бұл өндірістік қызметтер мен халық шаруашылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз ететін салалар мен салаішілік салалардың жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымның құрамына өндіріске қызмет көрсететін көліктердің барлық түрлері, өндіріске қызмет көрсететін байланыс құралдары материалдық-техникалық жабдықтау, тауарлар қозғалысының жүйесі, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өткізу, электр қуатының объектілері, т.б. кіреді. Инфрақұрылымның бұл түрі қоғамдық өндірістің тиімді жұмыс істеуі мен оны орналастыру үшін жалпы жағдайлар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет