1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



бет20/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар.
1. Тұтынушының тауарға сұранысының негізі не?
2. Сұранысқа қандай факторлар және қалай әсер етеді?
3. Сұраныс қисығы нені көрсетеді? Баға мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділік сипаты қандай?
4. Сұраныс заңының негізін қандай факторлар құрайды?
5. Қандай факторлардың әсерімен график бойынша сұраныс қисығы жылжуы мүмкін?
6. Не себептен ұсыныс көлемі тауарға баға көтерілгенде ұлғаяды және керісінше?
7. Ұсыныс қисығының төмен жылжуының экономикалық мәні қандай?
8. Нарық ұзақ мерзім бойы теңсіздік күйінде тұра ала ма?
9. Нарықтың элементтерін атаңыз.
10. Нарықтың қандай түрлері бар?
Тақырып бойынша тест тапсырмалары.

1. Нарықтық шаруашылық механизмiнiң элементiне жатпайтынын көрсет:


А. қатаң жоспарлау;
Б. сұраныс;
В. ұсыныс;
Г. баға;
Д. бәсекелестiк.
2. Егер тауар бағасы сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесiнен төмен болса, онда қандай жағдай туындайды?
А. артық болу;
Б. тапшылық;
В. ұсыныс сұраныстан жоғары;
Г. нарықтық тепе-теңдiк;
Д. өзгеріс болмайды.
3. Баға құрастыру принциптерiне байланысты нарық қалай жiктеледi?
А. бағалы қағаздар нарығы, капитал нарығы
Б. жергiлiктi, ұлттық, әлемдiк
В. жетiлген және жетiлмеген бәсекелiк нарық
Г. тұтынушылық тауарлар, қызмет көрсету нарығы
Д. ашық және жабық
4. Егер тауар бағасы 1%-ға өзгерсе, осы тауарға сұраныс қаншалықты өзгеретiнiн көрсететiн көрсеткiш не деп аталады ?
А. ұсыныстың бағалық икемдiлiгi
Б. сұраныстың табыстық икемдiлiгi
В. сұраныстың қиылысушылық икемдiлiгi
Г. сұраныстың бағалық икемдiлiгi
Д. бiрлiк икемдiлiктi ұсыныс
5. Тұтынушының табыс шамасы 1%-ға өзгергенде сұраныс қанша %-ға өзгеретiнiн көрсететiн көрсеткiш не деп аталады ?
А. бiрлiк икемдiлiктi ұсыныс
Б. сұраныстың қиылысушылық икемдiлiгi
В. ұсыныстың бағалық икемдiлiгi
Г. бiрлiк икемдiлiктi ұсыныс
Д. сұраныстың табыстық икемдiлiгi
6. .......…- бұл нарықтық бағаның 1%-ға өзгеруiне байланысты ұсынылатын өнiм көлемiнiң %-дық өзгерiсi
А. ұсыныстың бағалық икемдiлiгi
Б. бiрлiк икемдiлiктi ұсыныс
В. бiрлiк икемдiлiктi ұсыныс
Г. сұраныстың табыстық икемдiлiгi
Д. сұраныстың қиылысушылық икемдiлiгi
7. Сұраныс заңын көрсетiңiз.
А. ұсыныс өссе, сұраныс та өседi;
Б. баға өссе, сұраныс төмендейдi және баға төмендесе , сұраныс өседi
В. баға өссе, сұраныс та өседi;
Г. ұсыныс төмендесе, сұраныс өседi;
Д. нарықта тепе-теңдік болады
8. Нарықтық шаруашылық механизмiнiң элементiне жатпайтынын көрсетiңiз:
А. ұсыныс.
Б. сұраныс.
В. жәрдемақы.
Г. баға.
Д. бәсекелестiк.
9. Егер тауар бағасы сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесiнен жоғары болса, онда қандай жағдай туындайды?
А. нарықтық тепе-теңдiк
Б. тапшылық
В. ұсыныс сұраныстан жоғары
Г. артықшылық
Д. еш өзгеріс болмайды
10. Нарықта тауарлар мен қызметтерді өндірушіден тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.
А. маркетинг
Б. бәсекелестік
В. сұраныс
Г. меншік
Д. нарықтық инфрақұрылым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет