2. Әлеуметтік инфрақұрылым - бұл халықтың дұрыс өмір сүруі үшін материалдық, мәдени-тұрмыстық, рухани жағдайларды қамтамасыз ететін салалардың және салаішілік салалардың жиынтығы. Бұл әртүрлі қызмет көрсетулер мен рухани игіліктерді өндіру аясы. Әлеуметтік инфрақұрылымның құрамына мыналар жатқызылады: халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, мәдениет пен өнер, бөлшек сауда, қоғамдықтамақтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі, халыққа қызмет көрсету орталықтары, т.б.
Нарықтық инфрақұрылым- бұл ерекше нарықтар ретінде әрекет ететін және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысқан жиынтығы. Нарықтық инфрақұрылымның құрамына мыналар жатады: банктер, сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары, еңбек биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда-өнеркәсіп палаталары, кедендік мекемелер, ақпарат орталықтары, жарнамалық агенттіктер, заң қызметтері, т.б.
Нарық инфрақұрылымы - бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет қөрсетеді.
Нарықтың инфрақұрылымының элементіне:
• тауарлық биржалар;
• қор биржалары;
• еңбек биржасы;
• делдалдық фирмалар;
• коммерциялық банктер;
• сақтандыру компаниялары;
• көтерме және бөлшек сауда орталықтары;
• ақпараттық жүйелер, жарнама агенттіктері;
• құқықтық мекемелер және т.б. жатады.
5. Сұраныс және ұсыныс: мәні, заңдары, әсер етуші факторлар. Нарықтық тепе-теңдік. Сұраныс заңы: баға қаншалықты жоғары болса, сұраныс соншалықты төмен болады және баға төмендеген сайын сұраныс жоғарылай бастайды.
Cұранысқа ықпал етуші факторлар:
тұтынушылардың талғамы.