5.1 - сурет. Сұраныс қисығы (D)
мұндағы: Р –баға
Q- өнім көлемі
D- сұраныс қисығы
Ұсыныс заңы: баға қаншылықты жоғары болса, ұсыныс та соншалықты жоғары болады және баға төмендеген сайын ұсыныс та төмендейді.
мұндағы: Р –баға
Q- өнім көлемі
S- ұсыныс қисығы
5.2 - сурет. Ұсыныс қисығы (S)
Ұсынысқа бағадан басқа да мынандай факторлар ықпал етеді:
өндіріс шығындары.
өндіріс технологиясы.
салық мөлшері.
өндірушілер саны.
пайда табудың басқа көздерінің болуы.
табиғат жағдайлары.
болашақтың болжамы.
Нарық тепе-теңдігінің графигін төмендегі суреттен көруге болады.
5.3 - сурет. Нарық тепе-теңдігі.
Е- нарықтағы тепе-теңдік нүкте
QE – тепе-тең өнім көлемі
PE – тепе-тең баға
а – тапшылық
в – артықшылық
Тепе-теңдік жағдайда сұраныс пен ұсыныс бір-біріне сәйкес келеді. Тепе-теңдікті қалыптастырудың ең басты реттеуші механизмі Л.Вальрастың айтуынша, тепе - теңдік бағаны қалыптастыру болып табылады.
6. Икемдiлiк ұғымы. Икемдiлiк коэффициентi.
Икемділік – бір көрсеткіштің екінші көрсеткішке қатысты өзгеруінің, осыған біріншісі тәуелді болатын өзгеру өлшемі.
Сұраныс көлемі мен оның өзгерісін туғызатын факторлар арасындағы өзара байланысты анықтау үшін икемділік коэффициенті қолданылады.
Икемділік коэффициенттерінің 3 түрі бар:
1. сұраныстың бағалық икемділігі.
2. сұраныстың табыстылық икемділігі.
3. ұсыныстың бағалық икемділігі.
Сұраныстың бағалық икемділігі (Еd) – тауардың бағасы 1%-ға өзгерсе, осы тауарға сұраныс қаншалықты өзгеретінін көрсетеді.
Егер сұраныстың бағалық икемділігі 1-ден көп болса, (Еd > 1), онда сұраныс икемді деп аталады, ал егерде 1-ден аз болса (Еd < 1), онда сұраныс икемсіз деп аталады. Егер сұраныстың бағалық икемділігінің мәні 1-ге тең болса (Еd = 1), онда бірлік икемділік деп аталады.
Сұраныстың табыстылық икемділігі(Еd) - тұтынушының табыс шамасы 1%-ға өзгергенде, сұраныс қанша %-ға өзгеретінін көрсетеді.
Ұсыныстың бағалық икемділігі (Еs) – нарықтық бағаның 1%-ға өзгеруіне байланысты, ұсынылатын өнім көлемінің %-дық өзгерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |