1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет25/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

1. Өндірістік – бұл рухани құндылықтар мен тауарларды, қызметтерді өндірумен байланысты кәсіпкерлік түрі.
2. Коммерциялық – бұл тауарлар
ды қайта сату бойынша операцияларды ұйымдастыратын кәсіпкерлік түрі.
3. Қаржылық – бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, мұнда сату және сатып алу объектісі валюта, бағалы қағаздар бола алады.
4. Делдалдық - өзара келісім шарттар негізінде қызығушы жақтарды кездестіру қызметін атқарады.
5. Сақтандырушы - әртүрлі қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді сақтандыру арқылы жүзеге асатын кәсіпкерлік.
б) Кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың санына байланысты:
1. Шағын – ҚР-да кәсіпорындағы адамдар саны 50-ге дейін болғанда және белгілі бір өндірістік, коммерциялық, делдалдық немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыру қызметі.
2. Орта – КР-ғы кәсіпорындағы адамдар саны 50-500 дейін болғанда және белгілі бір заңға сәйкес қызметпен айналысқанда орын алады.
3. Ірі – бұл ҚР-да кәсіпорындағы адамдар саны 500-ден жоғары болған жағдайда орын алатын кәсіпкерлік түрі.
в) Кәсіпкерлік меншік нысанына байланысты екіге бөлінеді:
1. Жеке – бұл капитал салушы жеке тұлға болғанда ұйымдасатын кәсіпкерлік.
2. Мемлекеттік – мұнда капитал салушы мемлекет болып саналады және ол тек пайда табу үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамдық маңызы бар өнімдерді өндіру немесе қызметтерді көрсету үшін ұйымдастырылады.
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары мынадай:
1. Жеке кәсіпкерлік.
2. Серіктестік.
3. Корпорация немесе акционерлік қоғам.
Жеке кәсіпкерлікте мүліктік жауапкершілік шектелмеген, капитал көлемі аз. Жеке кәсіпкерліктің артықшылығы: фирма иесі барлық пайдаға өзі иелік етеді және өзгерістер енгізе алады.
Серіктестікте – тез ұйымдастыру арқылы қосымша қаржы тарта алады және жаңа идеяны өзіне ала алады. Кемшілігі: мүшелерінің қызмет мақсаттарын дұрыс түсінбеу нәтижесінде, пайданы бөлу кезінде қайшылықтар туындауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет