1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі


Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, түрлері



бет8/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, түрлері.
Ф.Оразбаева, Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: «Тілімізде дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда саны - 25, кейде 26. Бұл щ дыбысына байланысты туындап отыр. Фонетиканың бас оқулығында «Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,у,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң»- дейді.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер – дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп болған жоқ. Мысалы: ат, ет, от, өт мұнда бір ғана т-ның 4 түрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік(ат), жіңішке езулік(ет), жуан еріндік(от), жіңішке еріндік(өт). Осындай қасиет у-дан басқа дауыссыздардың бәрінде де бар. Ал у тек жуан еріндік(у) және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә.Жүнісбековтің айтуынша, «қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингармотиптен немесе 66 сингармо-дауыссыздан құралады. Басқаша айтқанда 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар: б, ғ, г, д, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в,ф,х,һ,ц,ч дыбысы жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны Н.Ильминскийден бастап кешегі 40ж дейін көбіне 19 делініп келді. Кей текстер мен сөздіктерде қ,ғ мен к,г арқылы берілетін жайлары да кездеседі. Сондай-ақ й,у (кейде р,л) дыбыстарын кезінде А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамед және басқалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі.
Жоғарыда Ә.Жүнісбеков көрсеткен в,ф,ц,ч дыбстары негізінен орыс сөздерімен бірге енгені анық. Фонетиканың бас оқулығында академик І.Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазақ әдеби тіліне в,ф,ч,х тәрізді фонемалар енді,- деп алады да, былай жалғастырады: «Екі тілде «қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в,ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады.
Дауыссыз дыбыстар аустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі. Олар:
1. Дауыстың(салдырдың деуге де болады) қатысына қарай: а) үнділер: л,м,н,ң,р,й,у; ә) ұяңдар: б,в,г,ғ,д,ж,з; б) қатаңдар: п,ф,к,қ,т,ш,с,х,һ,ц, ч. Ұяңдар мен қатаңдар, үнсіздер делінеді.
2. Дауыссыздардың айтылу (ауаның шығу) жолына қарай: а) шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч.м,н,ң; ә) ызың (фрикатив)дауыссыздар: ф,в,с,ш,ж,з,һ,ғ,л,й,у; б) діріл дауыссыз: р.
3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай: а) ерін (лабиаль) фонемалары: п,б,в,ф,м,у; ә) тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, ң, л, р, й; б) көмей (фарингаль) фонемасы: һ.
Тіл фонемалары үшке бөлінеді: а) тіл алды: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,н,л,р; ә) тіл ортасы: й; тіл арты: г,ғ,к,қ,ң,х.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет