1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі


Алфавит деген сөз – грек алфавитінің алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа



бет7/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Алфавит деген сөз – грек алфавитінің алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа – грек әрпінің бірінші әрпі де, бета екінші әрпі болып табылады. Кейін осы сөздер жазу жүйесінде белгілі бір тәртіппен тізілген әріптер жиынтығы болып, алфавит деп аталып кеткен. Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмір үшін және еңбек процесін жеңілдетуде практикалық мәні аса зор. Мәселен, сынып оқушыларының тізімі және адамдардың аты жазылған барлық тізімдер алфавит ретімен жазылса, алфавитті жақсы меңгерген адамдар ғана оны жақсы пайдаланады. Сондай-ақ басқа тілді меңгеруде түрлі сөздермен жұмыс істейтін адамдар үшін де алфавитті дұрыс меңгерудің мәні ерекше. Сөздікпен жұмыс істейтін адамдарға ондағы сөздердің түзілу принципін білген жөн.
Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Қазақ тілінде пайдаланылатын таңбалар.

  2. Тілдің мағыналы единицалар дегеніміз не?

  3. Фонема ілімінің алғаш негізін салушы.

Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер

  1. 1. Артыкова Т.М., Искакова С.С.Қазақ тілі: Оқу құралы, Нур-принт, 2016.

  2. 2. Салқынбай А.Б., Жұмағұлова А.Ж.,
    Иманқұлова С.М., Рысбай Б.Қ., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі: оқу құралы. – 332 б. 2015.

  3. 3.Б.М. Сұлтанова. М.Ш. Тойғанбекова, Ж.С. Рақыш. Қазақ тілі. –Алматы, 2015. – 311 бет

  4. 4.Ж.Ә. Адрахмановна. Қазақ тілі. Алматы, 2015

  5. 5.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Зият Пресс, 2006.

  6. 6.Жұбанов А.Қ.Қолданбалы лингвистика : Формалды модельдер. Қазақ университеті, 2006.

  7. 7.Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі : Фонетика. Лексика. Шымкент, 2001.

  8. 8.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы, Арыс, 2009.

9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, Сөздік-Словарь,1999
_4__ тақырып
Дыбыстардың жіктелуі
Дәріс жоспары:
1. Дыбыстардың жіктелу принциптері.
2. Дауысты дыбыстардың жіктелуі.
3. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.


Мазмұны
Адамның тілінің дыбыстық жағы сөйлеу кезінде іске асады. Ұзақ ғасырлар бойы дамып келе жатқан тіл, ең алдымен, ауыздан-ауызға ауызша айту нәтижесінде жеткізіліп келеді.Адам ең бірінші сөйлеуді үйренеді. Қазіргі қоғамымызда жазу кең тарағанымен, айту маңыздырақ, себебі әр адам алдымен сөйлеуді үйренеді де содан соң жазуға көшеді. Сөздің өмір сүру формасы дыбыс болғандықтан, үндемей ойлау, жазу, оқудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты болады. Ал әріп – сол дыбысқа берілген шартты таңба. Сонымен дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Тіліміздегі сөздердің дыбыстық жүйесін олардың құрылысын, қолдану ерекшеліктерін, әр дыбыстың сапасын, жасалу жолдарын , т.б. қасиеттерін меңгеру арқылы нақтылы фонетикалық заңдылықтарды түсінуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар дауысты және дауыссыз болып 2 үлкен топқа топтастырылады.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлерді орыс ориенталистері Н.И. Ильминский, В.Радлов, Мелиоранский, Н. Созантов т.б. еңбектерін атауға болады. Ал қазақ ғалымдарынан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Мырзабеков, т.б. атауға болады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а,ә,е, и,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,э. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар тілдің қатынасына қарай, жақтың қатынасына, еріннің қатынасына қарай деп 3 топқа жіктеледі: Тілдің қатынасына қарай: жуан: а,о,ұ,ы,у; жіңішке: ә, ө,ү, і. Жуан дауыстыларды айтқанда тіл сәл артқа қарай тартылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішке дыбысты айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Еріннің қатынасына қарай: еріндік: о,ө,ұ,ү,у, езулік: а,ә,ы,і,е,и. Еріндік дауысты айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Жақтың қатынасына қарай: ашық: а,ә,ө,о,е, қысаң: ұ,ү,ы,і,и,у. Ашық дауыстыларды айтқанда үсіңгі жақ қозғалмай, астыңғы жақ барынша төмен түседі де, қысаң дауыстыларды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Тілімізде дауыссыз дыбыстар саны 26.
Ауаның өкпеден еркін шықпай, дыбыстау мүшелерінің біріне соқтығысуы арқылы жасалған дыбыстарды – дауыссыз дыбыстар дейміз.
Ф.Оразбаева, Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі»бойынша: «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Себебі дауыстылар немесе вокализмдер(лат. дауысты) – сөздің жаны, сөздің жанды тамыры. Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған десек те болады. Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А.Байтұрсынов есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты(а,о,ұ,ы,е), он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты»- деген. Қорыта айтсақ, А.Байтұрсынов еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі 9 дауысты дыбысты көрсетеді: а,ә,е,о,ө,ұ,ү,і. Латын жазуына көшумен А.Байтұрсынов көрсеткен дауыстыларымыз жеке-жеке таңбаланды да, өз ішінен жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік түрінде жіктелді.
Белгілі лингвист Қ.Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген мақаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударды. Ал автордың «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде 1936 жылы бұлар қосынды дауыстылар қатарына енді.
1938 жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қабылданған қаулысы бойынша ең алдымен жазудың принципі өзгерді. Бұған дейін жазуда басшылыққа алынатын фонетикалық принцип морфологиялық принципке ауыстырылды. Қазақ алфавитіне жаңадан х,ф,в таңбалары енгізілді. Қаулыға сәйкес қазақ тілінде а,е,ә,о,ұ,ү,ы,і,и,у,ө дауыстылары нақтыланып, саны 11-ге жеткізілді.
1940 жылы орыс жазуына көшуге шешім қабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақтап жазуға ден қойылғандықтан, дауыстылардың саны тағы да ұлғайды. Осыған орай, С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген мақалаларында қазақ тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді. Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен бірге келген э,ю,я әріптері қосылды. Осы мақаладан кейін жарық көрген тілші М.Балақаевтың «Қазақ тілінің граммтикасында» 11 дауыстыны (а,о,ұ,ү,і,э,е,у,и,я, ю) көрсетеді. 1944 жылы Ғ.Бегалин мен Н.Сауранбаевтың педучилище оқушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілінің граммтикасы» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Мұнда бұрыннан келе жатқан дауыстыларға э дыбысы қосылып, дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді. 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл еңбекті қазақ тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы деп атасақ та болады. Мұның фонетика тарауын академик С.Кеңесбаев жазған. Бұл оқулықта қазақ тілінде 11 дауысты көрсетілді.
Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлер мен қалыптасқан көзқарастарды таразылап, қазақ тілінің табиғатын жаңа қырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Ә.Жүнісбековтің: «Строй казахского языка: фонетика» деген еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді.
Тілші С.Мырзабеков сөздерінің құрамындағы и,у дыбыстарын тілшілеріміз айтып жүргендей дифтонг та, дифтонгойд та емес, әріп деп қарастырып, олардың әрқайсысына екі дыбыстың ұу,ыу,іу,ый,ій қосындысы екенін айтады.
Бүгінге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз (а,ә,о,ө,ұ,у,і) дауысты дыбысы бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің әсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын 12 деп көрсетеміз: а,ә,е,и,о,ө,ұ,ү,у.ы.і.э.
Қазақ тіңліндегі дауысты дыбыстар жалаң(монофтонг) және құранды (дифтонг)болып 2 бөлінеді. Жалаң дауыстыларға мыналар жатады: а,ә,ы,і,ұ,ү. Құранды дауыстыларға: е,и,о,ө,у.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет