1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы



бет11/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Бақылау сұрақтары

  1. Есеп саясаты дегеніміз не?

  2. Салық есебі қандай қызмет атқарады?

  3. Салық есебінің объектілері қандай?

  4. Салық кодексі қашан қабылданған?

Тақырып 5. Салық есебін ұйымдастыру.

  1. Салық есебін ұйымдастыру.

  2. Тіркеу есебі және салық төлеушінің тіркелуі.

  3. Салықтық тексеру.

Салық есебі – бұл салық комитетімен қарастырылған тәртіпке сәйкес берілген салық бойынша алғашқы құжаттар негізінде салық базасын анықтау үшін жалпыланған мәліметтер жүйесі.


Бұл жердегі айырмашылықтың мәні, бухгалтерлік есептің барлық операция түрлерін, ал салық есебі олардың тек салық салу тұрғысынан қарастыратындығы болып табылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесінен тыс өзінің регистрлері мен құжат айналысы салық есебінің жеке есеп түрі ретінде бөлінуінің қолайсыздығы туралы, біздің пікіріміз көптеген қазақстандық және ресейлік авторлардың пікірлерімен сәйкес келуде. Алайда біздің ойымызша, салық есебі кәсіпорынның қаржылық және біртұтас бухгалтерлік есеп жүйесінің бір бөлігі.
Салық есебінің бөлінуі кәсіпорынның салық есептілігінің жеке есептілік түрі ретінде қарастыру және оны салық есебінің қорытынды кезеңі ретінде мойындау теориялық тұрғыдан жеткілікті. Бұл жерде айта кететін жайт, салық есебінің бухгалтерлік есептен жеке – дара жүйесі ретінде бөлінуі ешбір қосымша арнайы процедураларды қажет етпейді. Бухгалтерлік есеп жүйесінде салық есебінің бөлінуі кәсіпорында қолданатын салық салу мақсатында субшоттардың құрылу жолымен орындалады.
Салық есебінің бухгалтерлік есептің бір бөлігі ретінде және сол салық есептілігінің кәсіпорында жеке есептілік түрі ретінде бөлінуі салық есептілігінің элементтерін талап етуді қажет етеді. Оларға (қаржылық есептілік элементтерін қоса алғанда):

  • Айналым – бұл кәсіпорынның іс әрекеті, оның нәтижесінде салық салу мақсатында қолданылатын табыстар мен шығындар пайда болады.

  • Активтер – бұл өткен іс - әрекет нәтижесінде ұйыммен қадағаланатын ресурстар. Олардан салық салуға жатқызылатын болашақ экономикалық пайда күтіледі.

  • Міндеттеме – бұл салық салу мақсатына арналған экономикалық пайдасы бар, реттеу нәтижесінде ұйым ресурстарының кетуіне алып келетін, өткен кезеңде пайда болған ұйымның қазіргі міндеті.

  • Капитал (таза активтер) - бұл ұйымның барлық міндеттемелерін шегерудің нәтижесінде қалған активтерінің үлесін айтамыз.

  • Табыс – есепті кезең ішінде экономикалық пайданың өсу немесе кему формасында активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы. Оның нәтижесі салық салу мақсатында мойындалатын меншік иесінің үлесіне байланыссыз капиталдың көбеюіне алып келеді.

  • Шығындар - есепті кезең ішінде экономикалық пайданың кему формасында активтердің азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы. Оның нәтижесі салық салу мақсатында мойындалатын меншік иелерінің арасында үлестірілмейтін капиталдың азаюына алып келеді.

Бюджетке төленуге тиісті салық міндеттемесінің соммасын шегергенде бухгалтерлік есепті қолдану кезінде, ол 2 функцияны жүзеге асырады. Біріншісі есепті – қаржылық, екіншісі есепті – салықтық. Салық есептілігін дайындау әр түрлі сипатта болуы мүмкін, мысалы есептің континентік нұсқасын қолдану мен есепті – қаржылық функциясын орындау кезінде салық есептілігі салық салу мақсатында түзетілген бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде құралады.
Салық ставкасы – салық есептеулерінің көлемі, салық базасының өлшем бірлігіне көбейткенге тең. Ол салық базасының өлшем бірлігіне қатысты пайыз немесе абсалютті шамада бекітіледі.
Экономика ғылымында біз түрлі проценттік, пропорционалды, қатаң, прогрессивті, регресивті салық ставкілерін анықтаймыз:

  • проценттік ставка әр бір салық салу базасына проценттік қатынаста есептеледі; (салықтың көбісі)

  • пропорционалды ставка салық объектісіне, оның көлемінің дифференциациясы есебінсіз бірдей проценттік қатынаста есептеледі;

  • қатаң ставка салық салу объектісіне абсолютты соммада орнатылады; (акциздің кейбір түрі)

  • прогрессивті - ставка көлемінің өсуі табыс көлемінің өсуімен байланысты болады;

  • регрессивті - ставка көлемінің кемуі табыс көлемінің өсуімен байланысты болады.

Салық кезеңі – бұл белгілі бір жеке салықтарға тиесілі күнтізбелік жыл немесе уақыт кезеңі. Бұл кезең аяқталғаннан кейін салық базасы анықталады және төленуге тиісті салық соммасы есептеледі.
Көптеген салық салу объектілеріне белгілі бір уақыттағы қайталанбалылық, ұзақтық сияқты қасиеттер тән. Сонымен қатар, салық салудың бірреттілік проблемасының бар болуы берілген элементтердің қажеттілігін түсіндіреді.
Салықты есептеу тәртібі – салық төлеуші салық кезеңіне төленуге тиісті салық сомасын салық базасына, салық ставкасына және салық жеңілдіктеріне негізделе отырып есептейді, салық сомасын есептеу міндеті салық төлеушінің өзіне (ҚҚС, корпорациялық табыс салығы), салық органына (жеке тұлғаның мүлкіне салынатын салық) және салық агенті рөлінде өзін ұсынған үшінші тұлғаға жүктелуі де мүмкін (жеке тұлғаның табыс салығы, шетелдік заңды тұлғаның табысына салынатын салық).
Салық төлеу тәртібі – белгілі бір белгіленген уақытта, барлық салық соммасын бірреттік төлеу қолма-қол және қолма-қолсыз форма түрінде жүзеге асырылады.
Салық төлеу тәртібі келесі сұрақтардың шешімін анықтайды:

  • төлем бағыты (бюджетке немесе бюджеттік емес қорға);

  • салық төлеу қаражаттары теңгелік қаражатта, валютада;

  • төлем механизмі (қолмо-қол немесе қолма-қолсыз тәртіпте);

  • салықтың төленуін қадағалаудың ерекшеліктері.

Салық төлеудің негізгі 3 әдісі бар: бірінші әдіс, салықты декларация бойынша төлеу, яғни салық төлеуші тұлғаға салық органына белгіленген уақытта өзінің салықтық міндеттері бойынша ресми мәліметтерді тапсыру міндеті жүктеледі; екінші әдіс, салықты табыс көздерінен төлеу, табыс алу кезінде салық төлеу сәтінің орындалуы; үшінші әдіс, кадастрлық, салық соммасы, алынуға тиісті орташа мүлік табысының сыртқы белгілері негізінде анықталады.
Салықты төлеу мерзімі күнтізбелік күнмен немесе уақыт кезеңімен оның ішінде жылдар, тоқсан, айлар апта, күндер бойынша есептеледі.
Салықты төлеу мерзіміне байланысты салықтар жедел және кезеңді күнтізбелік болып бөлінеді. Мысалы, лицензияда қарастырылған, белгілі бір оқиғаның орын алған кезінде жер қойнауын пайдаланғаны үшін төленетін бір реттік төлемақы жедел салықтарға жатады. Ал кезеңді-күнтізбелік салықтар өз кезегінде декадалық, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
2. Салық салудың мынадай негізгі қағидалары бар:

  1. Салық салудың әділдік қағидаты.

  2. Қарапайымдылық қағидаты.

  3. Салықтардың анықтығы.

  4. Жеңілдіктердің ең аз саны.

  5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы.

  6. Салық мөлшерлемесінің салыстырмалығы.

Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет