1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы


Корпоративті табыс салығы бойынша салық есептілігі



бет16/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
2.Корпоративті табыс салығы бойынша салық есептілігі
Салық есептілігін құрастыру жасалған шегерімдер мен ЖЖТ анықтаудан бастау қажет – салық төлеушінің күнтізбелі салық жылына алынған табыстар және жасалған шығындар туралы негізгі есеп формасы (100.00) форма болып табылады. ЖЖТ туралы Декларация түрінде есеп беру салық қызметі органдарына тіркелген орны бойынша жылдың 31 наурызына дейін табыс етіледі.
Салық есептілігі және корпоративті табыс салығы бойынша салық есептілігін дайындау ережесі, мемлекеттік кіріс Министрлігінің № 1306, 18.09.2001 күнінен бастап бекітілген.
Корпорациялық табыс салығы бойынша Декларация 42 қосымшалардан тұрады. Декларацияның 100.00 формасына қоса, кейбір қосымшаларды ашу үшін қосымшаларға толық көлемде 75 – тен аса формалар қарастырылған. Алайда, барлық қосымшаларды және КТС бойынша Декларацияға қосымша формаларды пайдалану міндетті емес, өйткені экономиканың сол немесе басқа салаларына арналған көптеген қосымшалар және қосымша формалар спецификалық сипатта болып келеді.
Осылайша, салық төлеушілер текқана шын мәнісінде қажет болып табылатын салық есебінде заңсыздыққа жол бермейтін қосымшалар мен қосымша формаларды ғана тапсырады.
Анық шектілік үшін сол немесе басқа қосымшаны пайдалану Декларацияға қосымшалардың мәнділігінің сыныптамасы ұсынылады. Осылайша, Декларацияның барлық қосымшалары шартты түрде міндетті, жүзеге асыру кезеңінде, резидент еместерге міндетті деген сияқты бірнеше топтарға бөлінген. Әрине, мұндай сыныптаманы нақты таңдалған деп санауға болмайды, бірақ біз Декларация қосымшасының сыныптамасына арналған негізді ұсынып отырмыз.
3.КТС декларациясы бойынша еңбек ақы шығындарының шегерімдер реті.
Заңды тұлғалардан КТС бойынша міндеттемелі әдіс 12 ХҚЕС негізінде жүргізіледі, ал ЖЖТ пен шығыстардың есебі, ЖЖТ – дан алынған шегерімдер салық есебінде есептеу әдісі бойынша жүргізіледі.
Табыс алу сәтімен салықты төлеу сәтін жақындату мақсатында, сондай – ақ бюджетке ақша қаражаттарының түсу ырғақтылығын қамтамасыз ету үшін, Салық Кодексі корпоративті табыс салығы бойынша аванстық (ағымдағы) төлемдер механизмін бекітеді.
Корпоративті табыс салығының төленген аванстық төлемдер сомалары салық төлеушіге салық жылында есептелген корпоративті табыс салығының есебіне жатқызылады.
Бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жүргізіледі:



Операция мазмұны



Шоттар корреспонденциясы

Дебет Кредит

1



Заңды тұлғалардан ағымдағы кезеңде төленуге тиіс КТС есептелді

7700


3110


2

Бар қателерді жөңдеудің немесе субъектінің есеп саясатындағы өзгерістердің себебіне байланысты бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзетудін нәтижесінде пайда болған КТС сомасын түзету:

  • көбеюі

  • азаюы

5430
3110

3110
5430

3


Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түскен табыстардан КТС есептелді

7700


3110


4


Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болған шығындарға байланысты салық сомасын үнемдеу

3110


7700


5

Бюджетке салықтар аударылды

3110

1040

6

Несиелер есебінен салықтар бойынша қарыздар жабылды

3110

3010
3020

7


Аударымдардан салық сомасының артық болуына байланысты бюджеттен қайтарымдар

1040


3110


8

Уақытша айырмалар сомасынан салық төлемі

4310

3110

Осылайша ЖЖТ туралы ақпарат ағымдағы қаржылық есепте және есептік регистрлерде 6010 «Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс», 6030 «Сату және баға шегерімдері» шоттары бойынша құрылады. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстың орнына, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет етіп тұрған жаңа шот жоспарын қолдануға дейін болған, 6110 – сыйақша түрінде түскен табыс; 6140 – жылжымайтын мүлікке инвестициялау бойынша операциялардан түскен табыс; 6160 – қаржыландырудан түскен басқа да табыстар топ шоттарында есепке алынады. «Басқа да табыстар» бөлімшесінде 6210, 6240, 6250, 6260, 6280 шоттар тобы және 5410 «Ағымдағы жылдың табысы (зиян)» шоты қарастырылған. Кәсіпорын – салық төлеуші салық салынатын табыс сомасын анықтау үшін және есепті жылға ЖЖТ туралы Декларацияда көрсету үшін қажетті жылдық жиынтық табыстың салық есебін ұйымдастыруы тиіс.
Бухгалтерлік (қаржылық) есепте алынған несие бойынша пайыздарды төлеу, шығарылған бағалы қағаздар бойынша және пайыз төлеу шығындары 7310 «Пайыздар бойынша шығындар» шоттарының дебетінде көрініс табады.7230 «Пайыздар бойынша шғындар» шотының дебеті бойынша 3380 «Төленуге тиісті пайыздар» шотымен төленуге тиісті пайыздардың шығындары көрсетіледі. Салық есебінде бұл сомалар жыл ішінде балама формадағы ведомостьтерде қайта есептеледі және жиналады.
ЖЖТ туралы Декларацияда «Өткізілген тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) өзіндік құны» тармағында инфляция индексін есепке ала отырып материалдық қорларға шегерімдер енгізіледі. Салық төлеушілер салық мақсатында №2 ХҚЕС-ке сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың есебін жүргізеді. Бұл жерде келесі әдістердің бірімен тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалау тәртібі бекітілген: орташа өлшенген құн; ФИФО; ЛИФО; арнайы идентификациялау. Салық төлеуші қабылдаған есеп саясатына сәйкес бекітілген төрт әдістің бірін таңдайды. Қажет болған кезде кәсіпорын салық қызметі органдарының рұқсатымен бір әдістен екіншісіне өте алады, қажет болған кезде салық төлеуші өзінің жылдық жиынтық табысының қажетті түзетулерін жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет