Әдебиеттер: 1.Сұлтанова, Б.Б. Салық есебі.- Алматы, 2008
2.Жақыпбеков, Д.С. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру.- Алматы, 2009
3.Шарипов, А.Қ. Салық есебі.- Алматы, 2009
4.Султанова, Б.Б. Налоговый учет.- Алматы, 2007
5.Нурхалиева, Д.М. Налоговый учет.- Алматы, 2007
Тақырып 10. Геологиялық зерттеуге шығындардың салық есебі және пайдалы қазбаларды қазып шығаруға даярлайтын жұмыс. Геологиялық зерттеуге шығындардың салық есебі және даярлау.
Табиғи қорлардың шығару жұмыстары.
Қол қойылған бонустарды төлеу шығындары.
Қазақстан Республикасында экспортталынатыншикі мұнай мен газ конденсатына салынатын ренталық салықты түрлеріне салық салу Мыналар салық салу объектiсi болып табылады: 1) акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған, өндiрген және ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
тауар өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
тауар өндiрушiлердің жасап шығарған, өндiрген және ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалануы;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;
3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;
4) тәркiленген немесе иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзуi;
5) ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы;
6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткiзуi;
7) акцизделетiн тауарлардың, акциздік маркалардың бүлiнуi, жоғалуы.
Мыналарға акциз салынбайды: 1) белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
2) этил спиртiн өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi этил спиртi:
тауар өндiрушiде аталған өнiмдi өндiру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек әзiрлеу үшiн;
мемлекеттiк медицина мекемелерiне босатылса.
Операция жасалған күн болып саналады:
барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелтілген немесе берілген күнi;
тауар өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күні;
акцизделетiн алыс-берiс тауарларын беру кезiнде аталған тауарларды мердiгерге (ұқсатушыға) берген күн;
алыс-берiс тауарларынан акцизделетiн тауарлар әзiрленген кезде әзiрленген акцизделетiн тауарларды тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берген күні;
акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк қажеттерiне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күні;
лотерея ұйымдастырған және өткiзген жағдайда салық органында лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген күні;
акцизделетiн өнiм, акциздік маркалар бүлiнген жағдайда бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциздік маркаларды) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күні;
Ренталық салық ставкаларын есептеу және төлеу тәртібі
Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi. Ойын бизнесi бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңiне белгiленген акциз ставкасын салық салынатын объектiлердiң санына қолдану арқылы анықталады. Салық кезеңiнде салық салынатын объектiлердiң саны өзгерсе, енгiзiлген (шығып қалған) объектiге акциз сомасы толық көлемде төленедi. Салық төлеушiнiң белгiленген салық сомасын осында белгiленген шегерiмдерге кемiтуге құқығы бар.
Акцизделетiн тауарларды (спирттiң барлық түрiн және газ конденсатымен бiрге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрi акцизделетiн тауарлар өндiру үшiн негiзгi шикiзат ретiнде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының аумағында төленген акциз сомалары шегерiлуге тиiс.
Салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негiзге алынып анықталған акциз сомасына шегерiм жасалады.
Осы ережелер акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде де, акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарының меншiк иесi акциздiң төленгенiн растаған жағдайда қолданылады.
Егер осында өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз:
1) салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен;
2) салық кезеңінің екiншi он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнінен;
3) салық кезеңiнiң қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнінен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.
Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға өнiм берiлген күнi төленедi.
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген газ конденсатын қоса алғанда шикi мұнайды өнеркәсiптiк ұқсатуға берген кезде акциз ол берiлген күнi төленедi.
Өз өндiрiсiнің акциз салынуға тиiстi шикiзатынан акцизделетiн тауарлар өндiрген кезде осы шикiзатқа акцизделетiн дайын тауарлар бойынша акциз төлеуге белгiленген мерзiмде акциз төленедi.
Бұл тақырыпты оқу жер қойнауын пайдаланушылардың арнай төлемдері мен салығының экономикалық мазмұнына және қолдану сферасына тоқталу қажет. ҚР-да жер қойнауын пайдаланушылардың арнайым төлемдері мен салығының дамуын ашып көрсету қажет. Жер койнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерінің құрылу ерекшеліктеріне және олардың инвестициялық процестерді ынталандырудағы ролін айту қажет.
Сонымен қатар, салық негіздеріне тоқталу қажет. Бонустар, роялтилер және үстеме пайдаға салынатын салықты белгілеу тәртіптерін үйрету қажет. Пайданың ішкі нормасын есептеуді және үстеме пайдаға салынатын салық ставкілерінің құрылу ерекшеліктеріне тоқталу қажет. Сосын, салықтық төлем мерзімі мен салықтық есебін жүргізуге тоқталу керек.
Бюджет табыстарындағы жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемі мен салықтарының мақсаты мен алатын ролін көрсету керек.
- Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленетін салықтық режим жер қойнауын пайдаланудың келісім шарттарында анықталады.
- Жер қойнауын пайдаланушылардың келісім шарттардың негізі түрлері екі моделге бөлінеді.
- Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемі мен салықтарына келесілер жатады.
1. Бонустар: қол қойылатың және коммерциялық табу.
2. Үстеме пайдаға салық.
4. ҚР-ның өнімді бөлу бойынша үлесі.
- Бонус дегеніміз – жер қойнауын пайдаланушылардың келісім шартта белгіленген тәртіп пен көлемде ақшалай формада төленетін тұрақтандырылған төлемі.
- ҚР-ның өнімді бөлудегі үлесі дегеніміз - «Өнімнің бөлінуі туралы» - контракті түріне келісу негізінде пайдалы қазбаларды өндіруде жер қойнауын пайдаланушыларға белгіленген төлем түрі.
- Үстеме пайдаға салынатын салықтың объектісі болып – есепті кезеңдегі жер қойнауын пайдаланушылардың 20%-тең жоғары ішкі пайда нормасын алған әрбір шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысының сомасы.
- Тарихи шығындарға мемлекеттің келісімді аймақтағы мекендерді зерттеу мен іздеумен байланысты және табылған мекендерді қалыптастырудағы бұл мекендердің эксплуатациясы кезінде қайтаруды талап ететің өткен шығындар жиынтығы.