1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы



бет27/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
Лекция Салык есеп

І. Қол қойылатын бонус
Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемi болып табылады.
Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерiн пайдалы қазбалар көлемi мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлген есеп негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізілген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелері бойынша комиссия белгілейді және ол жер қойнауын пайдалану үшін берiлетiн кен орындарының (келісім-шарт аумақтардың) экономикалық құндылығы есепке алынып, келiсiм-шартта бекiтіледi, бiрақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек. Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленеді. Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
ІІ. Коммерциялық табу бонусы
Коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары.
Коммерциялық табу бонусы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.
Коммерциялық табу бонусының мөлшерi - салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi.
Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн:
1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен осы мақсаттағы көлемi салық салу объектiсi болып табылады;
2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекiтiлген көлемiнiң құны төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада белгіленген биржалық баға бойынша есептеледі. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгілебеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзіретті орган бекіткен жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабелділік мөлшеріне түзетілген сомасынан айқындалады;
3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 пайызы ставкасы бойынша бөлінеді.
Коммерциялық табу бонусын уәкілеттік берілген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемін бекіткен күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей төленедi.
Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
Үстеме пайда салығы
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келiсiм-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушiлер бола алады.
Жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу объектiсi болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына шегерiмдер сомасының 20 пайызынан асатын бөлiгі салық базасы болып саналады.
Осында таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық базасы Қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он пайызынан аспайды.
Үстеме пайда салығының ставкалары

Жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарғақатынасының алынған мәнi

Ставкасы

1,2-ден кем

0 пайыз

1,2-ден 1,3-кe дейiн

10 пайыз

1,3-тен 1,4-кe дейiн 

20 пайыз

1,4-тен 1,5-кe дейiн 

30 пайыз

1,5-тен 1,6-ға дейiн

40 пайыз

1,6-дан 1,7-гe дейiн

50 пайыз

1,7-ден жоғары

60 пайыз



Салықты есептеу тәртiбi 
Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу айқындалған салық базасына 6.2-кестеде белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.
Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады. Жинақталған шығыстар салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.
Үстеме пайда салығы үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет