1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы



бет30/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Алым төлеуден босатылады:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және ІІ топтағы мүгедектер;
3) бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралмандар;
5) кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркегенi үшiн төлемнен босатылады.
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде төленеді. Ал енді тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады.
Тiркеушi орган тiркеген кезде мүдделерi көзделетiн жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Мемлекеттiк мекемелер алым төлеуден босатылады.
Көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және жағдайларда уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Тiркеуге жататын механикалық көлiк құралдарымен тiркемелердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi растайтын құжаттың дубликатын берген кезде алынады. Тiркеудi дәрi-дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.
Дәрi-дәрмек құралдарын тiркеушi органға тiркеуге ұсынған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып саналады.
Жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушiлер болып табылады, тiркеушi орган солардың мүддесi үшiн тiркеудi жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым:
1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасы аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитi;
3) iрi көлемдi және ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруi;
4) отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүруi үшiн өндiрiп алынады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Алымдарды есептеу және төлеу тәртiбi
Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сату құнының 3 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi. Атқарушы құжаттар арқылы атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына қарай салық салынатын объектiге түзету жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет