1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы



бет32/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Кейінге калдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар.
Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 2810 "Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уакытша сомалары көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттармен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.
Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі құнның, сондай-ақ ақша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік кызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Әлеуметтік салық қалай есептелінеді?

  2. Оқытуға арналған шығыстар түрі қандай?

  3. Алымдарды төлеушілер, есептеу және төлеу тәртібі

  4. Төлемақыны төлеушілер.



Әдебиеттер:
1.Сұлтанова, Б.Б. Салық есебі.- Алматы, 2008
2.Жақыпбеков, Д.С. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру.- Алматы, 2009
3.Шарипов, А.Қ. Салық есебі.- Алматы, 2009
4.Султанова, Б.Б. Налоговый учет.- Алматы, 2007
5.Нурхалиева, Д.М. Налоговый учет.- Алматы, 2007




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет