1-тарау. ҚАзақстанда жер қатынастарын реформалау жер меншігі және жерді пайдалану


Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау материалдарын рәсімдеу



бет19/29
Дата05.12.2023
өлшемі2,93 Mb.
#134387
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
лекц.каз.ЖРБ.17г.

Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау материалдарын рәсімдеу.
Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын «Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау Актісімен» рәсімделеді, оған сәйкесінше жер ресурстарының аймақтық орган басқармасының төрағасы қол қойып, Акті тапсырыс берушіге тапсырылады.
Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау барысында, түзету коэффиценттерін тағайындау бойынша материалдар келесілерді қамтиды:
- тапсырыс берушінің жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау туралы өтініші;
- жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау Актісінің көшірмесі;
- түзету коэффиценттері негізделген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау барысындағы есептеу кестелері мен жерге төленетін базалық төлем ставкаларына түсініктеме материалдары.
Бағаланатын жер учаскесінің материалдарына жер учаскесінің орналасқан план (схемасы) қосымша қыстырылады.
Түсініктеме материалдарында түзету коэффиценттерін анықтауда пайдаланылған құжаттардың барлық атауын, тізімін көрсету қажет (өкілетті органның шешімі, топырақ және геоботаникалық зерттеу материалдары, оның жылы және масштабы, орындаушының аты-жөні, құжаттардың қатыстығы және т.б.).
Картографиалық план негізінде жер пайдалану жобасы, жер-кадастрлық карталар, фотопландар және басқа да материалдар болуы мүмкін. Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау барысында түзету коэффиценттерін қабылдау материалдарына мекеме жетекшісі, орындаушы қол қойып, елтаңбалы мөр басады және осы материалдар жер учаскесінің жер кадастрлық ісіне қосылады.
Алматы облысы, Ескелді ауданында орналасқан Т.О. Аманжолов шаруа қожалығының жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау
АКТІ
1. Бағалау актісі Т.О. Аманжолов өтініші бойынша салық салымдары үшін жасалды.
2. Жер учаскесінің нысаналы пайдалану мақсаты, шаруа қожалығын жүргізу.
3. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: 03-264-007-212
4. Жер учаскесінің орналасқан жері – Бақтыбай ауылдық округі.
5. Жер учаскесінің бағалау құнының есебі (жер пайдалану құқығы).
12-кесте.

Алқаптың түрлері, топырақтың типтері мен шағын типтері

Ауданы, га

Жерге төленетін базалық ставка төлемдері, тенге 1 га

Түзету коэффиценттері

Бағалық
құны,
тенге

Бонитет баллы

Жайылым

10,0

5600

1,33

74480

20,9

Жер учаскесінің бағалық құны: жетпіс төрт мың төрт жүз сексен теңгені құрайды.


Жер учаскесін бағалау ҚР-ның Үкіметі 2003 жылы 2 қыркүйек айында қабылдаған № 890 қаулысында бекіткен базалық ставкаларына сай жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет