§ 10. Қара ӛлең
Қазақ арасында бас-аяғы тҧтас, тҿрт тармақты, он бір буынды ҿлеңдерді
қара ҿлең деп атайды. Оның ҥлгісі:
Ҥстіме бешпет кидім кіл қарадан,
Ілгегін інжу-маржан кім қадаған?
Алыстан арып-ашып келгенімде,
Кҿзіңнен, айналайын, бір қараған, –
тҥрінде келеді.
590
«Қара ҿлең, – Шоқан Уҽлихановтың айтуынша, – тҿрт жолдан тҧратын
кҽдімгі ҿлеңдердің бірі. Мҧның ҽр шумағы ҿз алдына жеке бір идеяны
баяндайды. Бҧлар, кҿбіне, дауысқа салып, ҽнмен орындалады»
1
. Ал, академик
В. Радлов мҧны кішкене, шағын ҿлеңдер (маленькие песенки) дейді де,
поэзияның бҧл тҥрі, негізінен, суырыпсалу ҿнерін онша қажет етпейтін,
біршама болса да, бҧрыннан белгілі, ҥйреншікті сҿздерді ҿлең етіп ҧйқастыру
кезінде қолданылатынын айтқан. «Мҧндай жағдайда ҿлеңшінің жадында
жатталып қалған екі жолды ҿлеңнің кҿптеген ҥлгілері дайын тҧрады. Ал,
негізгі айтар ойын ҥшінші, тҿртінші жолдарда баяндайтын болғандықтан, ол
тек тҿртінші тармақтың ҧйқасын ғана ойлап табады. Тегінде тҧтқиылдан
тумаған ҿлеңнің алдыңғы екі жолы тек ҥндестік ҥшін ғана алынады да,
ҿлеңнің мазмҧнымен ешқандай байланысы болмайды»
2
, – деп жазады. В.А.
Гордлевский: «Ҿлеңнің негізгі сарынына кҿшпес бҧрын ақын алдымен
ҽлдеқандай бір табиғат суретін немесе ел тҧрмысынан бір теңеу тауып айтып
алады»
3
, – дейді.
Бҧл пікірдің қҧндылығы, тҧңғыш рет қара ҿлеңнің алғашқы екі жолын
«кездейсоқ», «мағынасыз», «жетім» жолдар деп қарамай, оған сол ҿлең туған
тарихи-этникалық ортаның алуан тҥрлі бітім-болмысынан, жай-жапсарынан
хабар беретін дара бітімді поэтикалық ерекшелік ретінде қарайды.
Қара ҿлең қазақ фольклорының айрықша бір ҿнер тҥрі екенін жақсы
аңғарған М. Ҽуезов бҧл жанрдың екі тҥрлі ерекше сырын ажыратып: «Бір
ауыз ҿлеңі екі ҥлгіге бҿлінеді. Оның біріншісі – бастауыш тҥрі, ең оңайы –
қайым ҿлең, екінші ҥлгісі – қара ҿлең»
4
, – деген. Шынында да, қара ҿлең мен
қайым ҿлеңінің айтылу, орындалу формасында болмаса, ҿлеңнің жасалу
жолдарында, ҿлең ҿлшемдерінде ешбір айырмашылық жоқ. Қайым ҿлең –
қыз бен жігіттің бір-бір ауыз ҿлеңмен
жауаптасу тҥрінде орындалса, қара
ҿлеңде мҧндай айтыс тҥрі болмайды. Бірақ екеуінің шығу тегі, ҥлгісі
бір.
Қара ҿлеңнің де, қайым ҿлеңінің де қҧрылысы – он бір буынды, тҿрт
тармақты болып келеді. Ҽр шумақтың алдыңғы екі жолы ауыздан ауызға
кҿшіп жҥретін жаттанды, ҥйреншікті ҥлгілерден тҧрады. Бҧл бірде ер-
тҧрман, киім-кешек, дҥние-жиһазды бейнелесе, енді бірде елдің кҿші-қонын,
тҿрт тҥлік мал, табиғат суретін сҿз етеді. Демек қара ҿлеңнің де, қайым
ҿлеңінің де ҽр шумағының алдыңғы екі жолы негізгі айтылар ойға қатысы
жоқ, жаттанды ҿлең тармақтарынан тҧрады. Тыңнан туатыны тек соңғы
жолы ғана. Оның ҿзінде де ҥшінші жол ҧйқаспай, алдыңғы екі жолмен тек
тҿртінші жол ғана ҧйқасып келіп отырады.
Ал, осы секілді ортақ қасиеттер қара ҿлең мен қайым ҿлеңді шығарып,
таратушылардан да байқалады. Бҧлар ҽдеттегі ҥлкен айтыстарға, ас пен
тойларға қатысып жҥретін от ауызды, орақ тілді ақындар емес, кҿбіне қыз-
жігіттердің қызықты қынаменде отырыстарында ҽн салып, ҿлең айтатын
1
Валиханов Ч. Ч. Собр. сочинений. Алма-Ата, 1961. Т. I. С. 199.
2
Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в южной Сибири и Дзунгарской
степи. СПб., 1870. Т.ІІІ. С.XXIII.
3
Этнографическое обозрение. 1908. № 4. С. 85.
4
Ҽуезов М. Шығармалары. Алматы, 1969. Т.11. 430-б.
591
жаңа талап жастар. Сондықтан бҧлардың ішінде домбыра тарта білгені
домбырамен, ал, домбыра тарта білмегендері ағаш оқтауды домбыра орнына
ҧстаған болып, айта береді. Тіпті, ат ҥстінде, айдалада келе жатып та,
қолындағы қамшының сабын домбыра қылып, ҿлең шығарған ҽзілқой жастар
аз болмаған.
Академик М.Ҽуезов қайым ҿлеңін бҽдік, жар-жар алуандас ҽдет-салт
айтыстарының қатарында тҧрған аса ескілікті ҿлең тҥрлерінің бірі дейді.
Міне, соған қарағанда қара ҿлең мен қайым ҿлең бір тҧста шыққан болу
керек. Мҧның дҽлелін «қара ҿлең», «қайым ҿлең» деген атаулардың жиі,
қатар қолдануынан да байқауға болады.
Болғанмен малға жарлы, тілім шешен,
Жасымнан қара ҿлеңге болдым кҿсем...
...Қара дауыл ҿлеңді ҽркім айтар,
Қайым ҿлең айтпаққа бар ма жайың
1
, –
деп келетін жолдардың мазмҧнынан бҧл ҿлеңдердің тҥп-тҿркіні бір екенін
кҿреміз.
Тегінде, қазақ жҧрты қара ҿлеңге жҥйрік. «Ҿлеңді мен айтамын екіленіп,
Жалайды қой баласын мекіреніп» деп басталатын екі жол ҿлеңді айтпайтын
қазақ кемде-кем-ақ шығар. Халық арасында: «қара ҿлең – нағашы атам, мен
соның жиені едім» – дейтін ҽзіл сҿздің де бір шындығы бар.
Мен ҿзім кішкенеден қаршадаймын,
Бастаған керуенді наршадаймын.
Несіне айтар сҿздің кідірейін,
Келгенде қара ҿлеңге шаршамаймын
2
, –
деуі қара ҿлеңнің ертеден шығарылған, жҧртқа таныс, ҥйреншікті тҥр екенін
жҽне мҧны ойын-сауық ҥстінде ҿлең айтуға ебі бар екінің бірі орындай
алатынын дҽлелдейді.
Сҿйтіп, қара ҿлеңнің сегіз тҥрлі ерекшелігі байқалады. Бірінші – қара
ҿлеңнің қҧрылысы қашанда он бір буынды, тҿрт тармақты болады; екінші –
осы ҿлеңнің 1-2-4 жолдары ҧйқасады да, 3-жолы ҧйқаспай, бос қалады;
ҥшінші – қара ҿлеңнің ҽр шумағында жеке бір ой (идея) айтылады; тҿртінші
– ҽр шумақтың алдыңғы бір не екі жолы негізгі айтылар оймен тікелей
байланысты болмайды, сырт тҧрады; бесінші – қара ҿлең кҿбіне жҧртқа
таныс, кҿп қҧлағына сіңген, жарым-жартысы жаттамалы жолдардан, теңеу,
салыстырулардан тҧрады; алтыншы – қара ҿлең ойын-сауық ҥстінде
айтылатын болғандықтан, мҧнда ҥлкен, кҥрделі мҽселелер қозғалмайды, тек
жиналған жҧртты кҿңілдендіріп, кҥлдіруді кҿздейді; жетінші – қара ҿлеңнің
1
ОҒК қолжазба қоры. 869-бума, 30-дҽптер.
2
ҼҾИ қолжазба қоры. 364-бума, 2-дҽптер.
592
қосалқы жолдары негізінен халықтың тҧрмыс-тіршілігінен, ҽдет-ғҧрып,
жора-жосығынан туған тҥсініктерді арқау етіп, табиғат дҥниесін суреттейді;
сегізінші – қара ҿлең қалың кҿпке ҽбден мҽлім ҽн ҽуенімен орындалады.
Сондықтан белгілі бір мелодия сазына кез келген қара ҿлеңді ыңғайлап, айта
беруге болады.
Сондай-ақ, қара ҿлеңнің міндетті тҥрде қайырма қосу арқылы
айтылатынын да ерекшелік деп айтуға болады. Жҽне бҧл қайырмалар ҿз
алдына дербес ҿмір сҥріп, ҿлең айтушының жадында жҥреді де, қара ҿлеңді
айту барысында ҽртҥрлі қисынға орай, ҽннің ырғағына байланысты ҧрымтал
қосыла айтылып отырады.
Міне, қара ҿлеңнің табиғатына тҽн негізгі қасиеттер осылар. Мҧның
мысалы:
Барады аулым кҿшіп даулы қҧмға,
Қҧрықтың мҧз қатады баулығына.
Бір жҧмыс екі қолға қиын емес,
Денемнің қуанамын саулығына
1
.
Ауылдан шығушы едім ертеңменен,
Ақ қайың, қызыл ескек, желкенменен.
Кетпейді тҧрсам ойдан, жатсам тҥстен,
Жастағы ҿткізген кҥн еркемменен
2
.
Қараша кҥз қайтады қатқақ болып,
Қалады кҿл суалса, батпақ болып.
Ақ кербез отыр ма екен, жатыр ма екен,
Аққудай кҿлге қонған аппақ болып
3
.
Осы мысалдарда жоғарыда біз атаған қасиеттердің бҽрі де бар. Демек
қара ҿлеңді буынының он бір, тармағының тҿртеу болуына қарап, ҽдебиет
тарихында мҧны «қара ҿлең қҧрылысы», «қара ҿлең ҿлшемі» деген. Бірақ бҧл
ҥлгімен жасалған дҥниенің бҽрі бірдей қара ҿлең бола бермейтінін де ескеру
керек.
Сҿйтсе де, он бір буынды ҿлең ҿлшемі қазақтың халық ҿлеңдерінің
негізгі ҿлең ҿлшемі екенін жҽне тҥп-тҿркіні халықтың кҥнделікті тҧрмыс-
тіршілігінде, ҽдет-ғҧрпында, дағдылы жора-жолында жатқанын проф.
М.Ғабдуллин былай тҥсіндіреді: «Он бір буынды ҿлең жорық, аттаныс,
шабыс картиналарын суреттеуге, оқиғаны тҥйдектете, жырдағыдай желдірме
кҥйінде айтуға ыңғайсыз, оралымсыз»
4
, – дейді. Бҧдан ҽрі ғалым
«Қобыланды батыр» эпосынан мысалдар келтіріп, он бір буынды ҿлең
қҧрылысымен берілген эпизодтарды атайды. «Тҧрмыс-салтқа байланысты
ҽңгімелер айтылатын болса, онда ҿлең тҥрі де ҿзгереді, мҧндай жағдайда
1
Сонда, 144-бума, 8-дҽптер.
2
Сонда.
3
Сонда, 464-бума, 1-дҽптер (Мҧрат Қҧсниевтің жинаған материалдарынан).
4
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1958. 318, 320-б.
593
жырдың орнына он бір буынды қара ҿлең қолданылады»
1
, – деп, ҽдет-салт
ҿлеңдерінің біразы қара ҿлеңнің сыртқы тҥр, қҧрылысын пайдалану арқылы
жасалатынын айтады. Бҧдан, ҽрине, қара ҿлең ҿлшемі жалпы халық
ҿлеңдерінің қай тҥріне болса да, жаттығы жоқ, ортақ ҿлең ҿлшемі екенін
кҿреміз.
Қазақтың қара ҿлеңдері жайында М.Ҽуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жҧмалиев,
Б.Кенжебаев, Ҽ.Тҽжібаев, З.Ахметов, Ы.Дҥйсенбаев, тағы басқалардың
айтуына қарағанда, ҥйлену салт ҿлеңдері мен мҧң-шер ҿлеңдері белгілі бір
ҽдет-ғҧрып, жора-жосық ҥстінде туған да, қара ҿлеңдер жас желең қыз-
бозбалалар бас қосқан ҽртҥрлі ойын-сауық отырыстардың кезінде дҥниеге
келген. Ал, қазақта қыз-келіншектер жиналып, қызық қҧратын той-томалақ
ҿте кҿп болған. Қыз ҧзатып, келін тҥсіру, жаңа туған жас баланың
шілдеханасын тойлау секілді, қой кҥзету, бие байлау, киіз басу, ши тоқу
жҧмыстарында да қыз-келіншектер жиналып келіп, кҿңіл кҿтеріп, ҽн
салатын, ҿлең айтатын болған
2
. Ал, қыс қысымшылығынан қҧтылып, жазғы
жайлауға кҿшіп-қонудың ҿзі де ҥлкен мереке.
Ойын-тойда ҧшқыр ойлы айтқыштар бас қосып, тҥрлі тақырыпты қара
ҿлеңге арқау етеді. М.Ҽуезов қара ҿлеңнің бҧл ҥлгілерін «Тау ҿлең», «Су
ҿлең», «Жер ҿлең»
3
деп, тілге тиек еткен тақырыбына орай атап, соза беруге
болатынын айтып кеткен. Бҧларға «Ата ҿлеңі», «Шай ҿлеңі», «Ет ҿлеңі»,
«Қоштасу ҿлеңін» де қосуға болады. Мҧндайда сол орта ғана тҥсінетін
астарлы теңеулер, ҧшқыр ойға ғана ілінетін тапқырлықтар тыңдаушы
жҧртшылықты ҥйіре еліктіріп отырады.
Қара ҿлең адам қоғамындағы барша ҿмір салтының, салт-дҽстҥрінің,
моральдық-этикалық нормаларының, сҧлулық туралы таным-тҥсініктерінің,
сезім кҥйлерінің поэзиялық ҥлгісі сияқты сан-саналы тақырыпты. Мҽселен:
Мына заман қай заман соқта заман,
Мҧнан басқа қызығың жоқ па, заман,
Мҧнан басқа қызығың жоқ болса егер,
Ойнап-кҥліп қалайық тоқта, заман, –
деген жолдарда ҿмірдің ауыр-тауқыметін белшесінен кешіп жҥрсе де,
мойымайтын, сол ауыр-тауқыметке ҿзінің оптимистік рухын, сергек те
сезімтал кҿңілін қарсы қоя алатын адамның тҧлғасы тҧрса,
Жолықсаң біздің жақтың тентегіне,
Ҿмірдің қарамайды келтеңіне,
Қонаққа жалғыз атын сойып беріп,
Жҥген ҧстап қалады ертеңіне, –
деген шумақ кҿшпелі тҧрмыстың ҿмір сҥру тҽсіліне айналған салт-дҽстҥрін
1
Сонда.
2
Семей қазақтарының ҽдет-ғҧрпы // «Русский вестник». 1878. № 9. С.25-40.
3
Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., к.1. 684-б.
594
танытады. Одан ҽрі ҧласып, тҧтас этникалық рҽсімнің орныққан нормасын
білдіреді.
Бойың тҥзу мылтықтың теміріндей,
Кҿзің қара ағаштың кҿміріндей,
Жақсыменен бір болған жалғыз сҽтің,
Жаманның ҿтіп кеткен ҿміріндей, –
деген жолдары ҽрі қазақ қызының бітім-болмысына тҽн ортақ сҧлулықты
образды теңеумен тап баса елестетеді. Бҧдан басқа:
Ауылым кҿшіп барады таудан асып,
Таудан асқан бҧлттармен араласып.
Алыс ҧзап кеткенде, беу, қарағым,
Ақ қағазбен жҥрейік амандасып, – десе,
тағы бірде:
Белбеуім белімдегі он екі кез,
Шетіне ҽсемдікпен салдырдым жез,
Жолымды Қҧдай менің оңдайды екен,
Жанына жақсылардың келіппін кез, –
деп те кҿңіл-кҥйін толғайды.
Қағаздың қасың сҧлу сиясындай,
Тоғайдың мойның ҧзын миясындай,
Қолымды қайтсем саған жеткіземін,
Сҧңқардың жатқан жерің ҧясындай, –
деген шумақ қыз кҿркіне ҥздігіп отырған жігіт былай тҧрсын, сол суреттей
сҧлулыққа ҿзгені де кҥмҽнсіз сендіре алса, сендіре отырып, кҿрікті қыздың
оңай олжа, жеңіл сауға бола қоймайтынын қиядағы сҧңқардың ҧясына теңеп,
бір гҽпті сездіріп қойса, одан ҽрі бҽлкім, жігіттің шыққан жері сай келмей ме
екен, ҽлде қолы қысқалықтан мҧратына жете алмас па екен дегізгендей
тыңдаушысын, тіптен, қобалжыта тҥседі.
Қара ҿлең еш уақытта шектен шықпайды, ҿзі дҥниеге келген ҿмір
салтының барша тҥсінік-қалыбын аттап кететіндей мінез кҿрсетпейді.
Қазіргі кейбір ҿлеңдердегідей «Мен жҧмыр жердің лҥпілдеп соққан
жҥрегімін» немесе «Мен аспан мен жердің тірегімін» дегендей нақтылы ҿмір
шындығынан алыс, асқақ патетикаға ҽсте бой алдырмайды.
Ҽрине, қарапайымдылықты қарабайырлықпен ҽсте шатастырмау керек.
Қара ҿлеңде ең мол кездесетін тақырып – махаббат, ғашықтық
тақырыбы. Адам сезімінің осынау ғажайып қыры қара ҿлеңде ҧдайы
халықтың орныққан талғам-талабы ҿресінде ғана тілге тиек болып отырады.
Ғашықтықты білдіретін сағыныш, аңсау, тілек-талаптар, сыны мол шарттар,
адалдық пен кісіліктің ҥлгілері, мінез-бітімі, тіптен, киім кию ҥлгісіне дейін
барша қасиеттерге, ең алдымен, халық талғамы – тҿреші. Бҧл орайда қара
ҿлең айтушы-тыңдаушыны эстетикалық ҽсерге бҿлеп қана қоймайды, сол
595
қара ҿлеңді тыңдаған ҽлеуметтік ортаны реттеуші, пиғыл-ниетін
тҧтастандырушы, идеалын біріктіруші қызмет атқарады. Қара ҿлеңді
ҿміршең ететін де, қанатты ҿнер деңгейіне кҿтеретін де қасиет – осы. Кез
келген ҽнші суырылып шығып:
Ой, Алтай, басың биік, шҿбің сҧйық,
Ойнайды бауырында арқар, киік.
Кір жуып, кіндік кескен, қайран Алтай,
Кетеді сені ойласам ішім кҥйіп, –
деп, шырқап қоя берсе, бҧл ҿлең еш уақытта сол ҽншінің ғана сезімі болып
қабылданбайды. Асыл ҿнерді дҥйім жҧрт иемденіп, ортақ сезімнің игілігіне
айналдырады. Ҽрине, нағыз ҿнердің парқы мен нарқын білетін ҽркім-ақ бҧған
таң қалмайды. Солай болуға тиісті екенін біледі. Алайда, қара ҿлеңнің ең бір
типті қасиеті жаңағы жақсы ҽнді тыңдағандағы кҿпке ортақ сезім-кҥйі бар,
сол ҽрбір субъектіні жеке басының мҧңы мен сырындай тебірентеді. Бҧл
қасиет жазба ҽдебиетте, фольклорлық ҽдебиеттің кейбір жанрларында бола
бермейді. Оларда тарихи белгілі жағдай суреттеліп немесе тарихи болған
адамның сезім-кҥйі мен бастан кешкен оқиғасы нақтылы кҿрініп тҧрады.
Оқушы-тыңдаушы мҧндай шығармаларға сырт кҿз ретінде қарап отырып,
жақсысынан ҥйренеді, жаманынан жиренеді. Ал, қара ҿлеңде ҽркім ҿзінің
ғана арман-мҧңын жеткізіп отырғандай сезімге бҿленіп, ҽрі тыңдаушысын
ҧдайы қҧптайтын кҥйге тҥсіріп отырады. Мҧның сыры кҿшпелі ҿмір
салтында ҽлеуметтік-мҽдени идеалдық біртҧтас болғандығынан.
Алты ай қыс біріне-бірі қатыса алмай, сағынысып, сарғайған жастардың
кҿрісуі кҿңілді ойын-сауық, ҽн мен ҿлең базарына ҧласатын. Міне, осындай
шақтарда ҿлең шығарып, ҽзіл-қалжың айтып, сауық қҧрудың соңы қыз бен
жігіттің бір-бірімен ҧғынысып, табысып кетуімен аяқталған. Мҧның
мысалын қазақтың ескілікті ҿлең-жырларынан да кҿруге болады. Жібек пен
Тҿлегеннің, Қозы мен Баянның, Ҽлібек пен Айманның алғаш кездесулері
осындай ҽзіл-кҥлкілі ҿлеңдер айтудан басталады.
Қазақта қара ҿлең шығарып ҽдеттенудің, жастарды ҿлең-жырға
баулудың ҽртҥрлі жолдары бар. Бҧл, ҽсіресе, асық иіру, қолсоқпақ, хан жақсы
сияқты талай кҿп ойындарды ойнаған тҧстарда ерекше байқалады. Мысалы,
асық иіру ойынында асығы жығылып қалған жігіт ойынды басқарушының
жазасынан:
Базардан алып келген тайлы бие,
Демесең қҧлыны еркек сайлы бие.
Асығым алшы иірген дейді шіге,
Бетіне пҽстҽуйдің майлы кҥйе
1
, –
деп, бір-екі ауыз ҿлең айтып, қҧтылады. Айтпаса, бес арық, бес семіз қамшы
1
ОҒК қолжазба қоры. 1082-бума, 1-дҽптер.
596
алады немесе теке болып бақылдап, ойын басқарушыны арқалау жазасына
кесіледі.
Қазақ ойын-сауықтарының тағы да бірі – «Хан жақсы ма?» ойыны.
Ойынның тҽртібі бойынша хан мен ханша жҽне бір уҽзір сайланады. Жастар
бір қыз, бір жігіттен араласып отырады. «Хан» жігіттерді кезекпен шақырып,
ҿлең айтқызады. Ҿлеңдері бірін-бірі қайталамайтындай болса, ҽрі айтушы
оны қызықты етіп орындап берсе, «хан» жігітті таңдаған қызының жанына
отырғызады. Ал, ҿлең айта алмаған жігіт ҿлеңдерінің тҿлеуін не ақшамен, не
затпен ҿтейді. Оны да ҿтей алмаса, қыздар арасынан қуылып, «алты
қатынның абақтысына» жіберіледі.
«Хан бҧйрығымен» айтылатын ҿлеңдердің тҥрлері мынадай: бҧйрық
бойынша ақын жігіт ҽуелі ханды, онан соң ханшаны, сосын уҽзірді мақтап,
ҥш ауыздан тоғыз ауыз ҿлең айтуға тиісті. Содан кейін қасындағы екі қызды
кҿтеріп тҧрып, ҽрқайсысына арнап, ҥш ауыз ҿлеңді жҽне де айтады. Бҧдан
соң ылғи жанды заттардың атын қосып, ҥш ауыз, жансыз заттардың атын
қосып, ҥш ауыз ҿлең шығару міндетін ҿтейді. Онан кейін барып ҥш ауыз
ҿтірік ҿлең ойлап табады. Ақыр аяғында, ҥш ауыз «кер ҿлеңмен» қҧтылады.
Кер ҿлең айту былай болады, мҽселен:
Базардан алып келген шай тостаған,
Тар жерде қиын екен ҽн тастаған.
Шешеңнен сені тапқан, айналайын,
Бҽйгеден келген кердей ойқастаған, –
деген ҿлеңді керісінше:
Бҽйгеден келген кердей ойқастаған,
Шешеңнен сені тапқан, айналайын.
Тар жерде қиын екен ҽн тастаған,
Базардан алып келген шай тостаған, –
деп айтса, кер ҿлең болып шығады
1
.
Қазақ ескілігінде жастардың басы қҧралып, қынаменде ойын-сауықпен
жҥретін кҿңілді отырыс-жиындары кҿбіне елдің жазғы жайлауға шығып,
малымен малы, жанымен жаны араласып кететін қызықты бір шақтарда
ҿтетін. Мҧндай кездерде ағайын-туыс, ауыл-аймақ бір-бірімен шҧрқырасып
кҿрісетін де, оны жастар жағы ҿзінше пайдаланатын. Бҧрыннан бір-біріне
кҿзі тҥсіп, кҿңілдері кҥпті болып жҥрген қыз бен жігіт осындай сҽт ҥстінде
амандық-саулық сҧрасып, сҿз тастасып, сағыныштарын басатын. Міне,
сондай «Амандасу» аталатын ҿлеңнің бір тҥрі мынау:
Жігіт:
Бҧдан былай кҿрінген хабар асу,
Тҥйе тайып, жығылған жаман асу.
1
Мҧқанов С. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1955. 1-т. 429-435-б.
597
Кҿрмегелі кҿп айдың жҥзі болды,
Бҧрынғыдан қалыпты амандасу.
Қыз:
Жылқы айдаймын кҿшкенде жалбаспенен,
Ортан жілік бітеді жамбаспенен.
Кҿрмегелі кҿп айдың жҥзі болды,
Ауыл-аймақ аман ба, мал-баспенен
1
.
Амандықтарын айтып, есен-саулықтарын сҧрасып болған соң қыз бен
жігіт енді ҿздерінің ата-тегін, сол ата ішіндегі білікті, батыр, бағылан
адамдарын атап, ҿлеңге қосады. Қазақта мҧны «Ата ҿлеңі» дейді.
Жастар дастарқан ҥстінде де қарап отырмайды. Шай қҧйылған кесені
біріне-бірі ҧсына отырып, ҿлеңге кіріседі. Ҿлеңді бастайтын кҿбіне қыздар
болады. Мысалы, қыз:
Ендеше езек-безек, езек-безек,
Бҿрнекейдің бойынан тердім тезек.
Тҿртеуара келіпті бір шыны шай,
Кел, тҿртеуміз ішейік кезек-кезек
2
, –
деп, қолына тиген шай кесені жанында отырған жігіттерге ҧсынады. Бҧған
жігіттер ҿлеңмен қарым қайтаруы керек, ҽрі бағанадан бері айта алмай
отырған ой ҧштығын да сездіруге тырысады.
Ендеше оқпа-соқпа, оқпа-соқпа,
Басында жҥйрік аттың кҥміс ноқта.
Алайық ҧсынған соң кесеңізді
Қарызы шайыңыздың бар ма, жоқ па?
Бҧған қыздың берер жауабы да ҽзір. Қыз:
Дегенге мҧсылманым, мҧсылманым,
Тар жерде ҿлең таппай қысылғаным.
Шайымның сізге берген қарызы жоқ,
Сыйлас қҧрбы болған соң ҧсынғаным, –
дейді. Ҧсынылған шайды шыдамсыздық жасап, кім бҧрын татып қойса, сол
ҽзіл-кҥлкіге ілігеді.
Апырмай, мына шіркін дарбаң екен,
Тҥк татпай, ҿз ҥйінен талған екен.
1
ОҒК қолжазба қоры. 1073-бума.
2
Сонда.
598
Алмай жатып кесені ҧрттап жатыр.
Кешіксе енді ҿлуге қалған екен!
1
Отырған жҧрт қыран кҥлкіге батып, «Шай ҿлеңін» де осындай қызықпен
аяқтайды.
Жастар шай жиналған соң да ҿлеңді ҽрі жалғастыра береді. Олардың
ҽрқайсысы қай жерде туып, қай тауды қыстайтынын, қандай кҿлді мекендеп,
қай ҿзен суды сағалап, жайлайтынын баяндайтын «Тау ҿлең», «Су ҿлең»,
«Жер ҿлең» деген ҿлеңдерді айтуға ауысады. «Су ҿлеңнің» бір мысалы:
Жетісудың бірі – Іле, басы – Текес,
Байынқол, Қақпақ ҿзені оған тіркес.
Қарқара, Кеген, Нарын, Шелек, Тҥрген,
Қаскелең, Кҥрті, Талғар о да еншілес.
Екіншісі – Қаратал, басы – Шажа,
Шажадан Кҿксу аққан сарқырама.
Текелі, Тентек, Быжы тағы да бар,
Олар да қосылады Қараталға
2
.
Той-думан қызып, ойын-кҥлкілері жарасқан кезде ет пісіп, табақ
тартылады. Жастар мҧны да қалжыңмен ҿткереді. Ҽркім ҿз табағынан дҽм
татқызбақ боп біріне-бірі сарқыт ҧсынады. Сарқыт алған адам еттің тҿлеуі
деп ҿлең айтады. Мҧны ел ішінде «Ет ҿлеңі» дейді.
Енді той, думан аяқталып, жастардың айырылысар шағы да келеді.
Мҧндайда біріне-бірі ынтыққан қыз бен жігіт кездесер кҥндерін белгілеп,
уҽде байласып қалуға тырысады да, ҽзілі аралас ҿлең айтады. Сонда қыз бен
жігіттің айтатын ҿлеңінің тҿркіні мынандай болып келеді:
Астыма мінген атым бҧқпа қара,
Шаң тисе ақ бетіңе, ыққа қара.
Ендігі туар айда мен келемін,
Танырсың дауысымнан шыққан дара
3
.
Мҧндайда бҧрыннан айттырылып, не қҧда тҥсіп қойған жеріне кҿңілдері
толмай, наразы болып жҥрген қыз бен жігіт тҽуекелге бел байлап, сол
алғашқы кездесудің ҿзінде-ақ сыр ашысып қалады.
Қолында жылқышының ақтан қҧрық,
Ат міндім кҥрең тҿбел баптандырып.
Қайырылып ақ тамақтан бір сҥйдірші,
1
Сонда.
2
Лениншіл жас (газет). 1971, 9-қыркҥйек; Мҧсағҧл Жолбаевтың айтуынан жазып алған Н. Базарқҧлов.
3
ҼҾИ қолжазба қоры. 57-бума.
599
Орнындай тҥйнеменің дақ қалдырып
1
, –
деп, ғашықтық сезімін де сездіріп қояды.
Қара ҿлеңнің ел ішіне мейлінше кең тарауы жҽне ҧдайы тоқтаусыз
тасқындап туып отыруы ҽркімге-ақ ҿз сезім-кҥйін жеткізетін шумақтарды
қиналмай теріп айтуына мҥмкіндік береді. Ҿмірде сан соқтырып, қапы
қалдыратын сҽттері де баршылық. Мҽселен, мың сан себеппен сҥйгеніне
қосыла алмаған ару қыз ҿзінің арыз-арманына қара ҿлеңді дҽнекер етіп:
Мен едім ертеменен қозы ағытқан,
Сен едің ақ боз атпен орағытқан,
Тҥскенде сен есіме сҥйген сҽулем,
Кҿл болып кҿздің жасы сорағытқан, –
деп шырқар еді.
Сонда қыз тағдырын кҿзімен кҿріп, ішімен сезіп отырған тыңдаушы
жҧрт бҧл ҿлеңді сол қыздың жҥрек зарындай қабылдайды.
Сҿйтіп, тҥнімен той тойлап, ҿлең айтқан ауыл жастары таң саз бере
тарқаса бастайды. Бірақ кҿңілдері жарасып, бағанадан бері бауыр басысып
қалған қыз бен жігіт бірін-бірі қимай, дҽл айырылысар шақ ҥстінде де қош-
қошын айтып қалуға асығады. Міне, сондай айырылысу ҥстінде айтылатын
«Қоштасу» ҿлеңінің бір тҥрі мынау:
Қыран бҥркіт ҧшады қыр айналып,
Қызыл кҿрсе, шықпайды шыр айналып.
Қайда жҥрсең, жан қалқа, қош-аман бол,
Кім бар, кім жоқ келгенше жыл айналып.
Немесе:
Қаршығаның ҧясы қау ҧстайды,
Балапанын шақырып, дауыстайды.
Ғашық болып қосылған, қарағым-ай,
Қош есен бол, ауылың алыстайды
2
.
Қысқасы, қара ҿлеңнің ҽр шумағы – ҽзілі жарасқан қыз бен жігіттің
алғашқы танысу, ҧшырасу сҽттерін суреттейді, кейде сҥйген қызына бір
кездесуді армандаған жас жігіттің жан сезімін баяндайды, ҿмірдің жақсылы-
жаманды жайларын айырып, ақыл-кеңес айтуға арналады. Жҽне соның бҽрі
бҧрыннан белгілі, ҥйреншікті тақырыпты қозғағандықтан, бҧл ҿлеңдер
бірінің-бірі кҿшірмесі сияқты, кейде, тіпті, бірін-бірі қайталап та жатады.
Демек қара ҿлең кҿбіне қыз бен жігіттің арасындағы ғашықтық, сҥйіспендік
сезімдерді суреттейді. Сондықтан мҧны, негізінен, ойын-сауық ҥстінде
айтылатын жастар ҿлеңі десе де болады. Бірақ қазақта екі жастың жҥрек
1
Сонда.
2
Сонда.
600
тебіренісіне арналған ҿлең тҥрі жалғыз бҧл емес. Қайым ҿлең, кҥлдіргі ҿлең,
ҽн ҿлең дегендер де осы топқа жатады.
Қара ҿлең ауызша шығып, тараған халықтық шығармалардың ең
молырағы да, кҿнесі де. Олай дейтін себебіміз, қара ҿлеңнің стилінде тым
ерте заманның теңеу, салыстырулары, суреттеу, бейнелеу ҽдістері бар.
Соның бірі – қара ҿлеңнің қосалқы жолдары.
Рас, қазақ арасына кеңірек тараған осы қара ҿлеңдердің сыртқы жасалу
ҥлгісіне, ҧйқасына қарап, мҧның алдыңғы екі жолын тіптен мағынасыз екен
деп ойлауға болмайды. Ара-тҧра айтылатын «Ҽриайдай дегенге ҽриайдай»,
«Ендеше езек-безек, езек-безек» деген сияқты бірлі-жарым мағынасыз
тармақтар болмаса, қара ҿлеңнің қосалқы жолдары, негізінен, халықтың
кҥнделікті тҧрмысынан, кҿшпелі ҿмірдің кҿп белгі суреттерінен тҧрады.
Қай беткей, мына беткей, қоба беткей,
Мал қайда ер жігітке талап етпей
1
.
Ауылым кҿшіп барад кҿл қиялап,
Кҿрмейді кҿл қызығын қаз ҧялап
2
.
Жылқыда ерен жҥйрік сарым болса,
Тҥйеде қызыл бҧйра нарым болса
3
.
Жапалақ жалт-жҧлт етіп ҧшар сайдан,
Лашын қҧс жетіп, ілер ҽлдеқайдан
4
.
Ҽуеде бір жҧлдыз бар темірқазық,
Бҽйгеден ат келеді бауырын жазып
5
.
Сен кидің ақ кҿйлекті қос етектеп,
Мен келдім ақ боз атты бос жетектеп
6
, –
деген қосалқы жолдар бірде қазақ халқының кҿші-қонын, кең жазық
сахарасы мен айдын кҿл, асқар тауларын, енді бірде тҿрт тҥлік малының
қасиет-қадірін, киген киімінің ҥлгісін, аңшылық, саятшылық ҿнерінің
қызығын бейнелеп, кҿз алдымызға келтіреді
7
. Бҧлай етпесе, қазақ ҿлеңінің
бас-аяғы қҧралмайды, айтайын деген ойының тҥйіні табылмайды. Сол тҥйін
– халық ҿмірі, ел тіршілігі, атадан балаға, ҧрпақтан-ҧрпаққа мҧра болып келе
жатқан ҽдет-ғҧрып, жора-жосығы. Мҧнсыз айтылған ҿлеңді қара ҿлең, қазақ
ҿлеңі деп ен таға қою да екіталай.
1
Сонда, 364-бума, 1-дҽптер.
2
Сонда, 142-бума, 8-дҽптер.
3
Сонда.
4
Сонда.
5
Сонда, 144-бума, 8-дҽптер.
6
Сонда.
7
Кендібаев Ф. «Қазақтың халық лирикасы» атты филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дҽрежесін
алу ҥшін жазылған диссертациясында жан-жақты сҿз болған. ОҒК қолжазба қоры. 845-бума.
601
Қара ҿлең кҿз кҿріп, кҿңіл жарасып отырған сҽттің ғана ҿлеңі емес, ол
шалғайда жҥрген дос-жаранның, ағайын-туғанның, сырлас ғашықтардың
арасын сҽлем хат болып та жалғастырады.
Қҧлағыма салғаным алтын сырға,
Таң алдында шық тиер балтырыма,
Уҽденің қҧлы боп кҥтіп жҥрмін,
Сҽлемімді айта бар жарқыныма.
Осы ҿлеңді той ҥстінде айтқан қыздың бҧл «Сҽлем ҿлеңді» кім арқылы
қҧлаққағыс етіп айтқаны, оны кімге жеткізу керектігі сол ортада мейлінше
тҥсінікті болғаны ешкімге де шҽк келтірмейді. Бҧл ҿлеңде мҧнан да гҿрі
мҽнді бір қасиет бар. Ол – қыздың зерделігі, адалдығы, айтқыштығы!
Қҧлағына салған алтын сырғасы – сол баяғы сҥйген жігітіне уҽде берген
қалпын, салтанат-сҽнін бҧзбай, кҥтіп жҥрген адалдығын айтқаны. Тілімізде
«Алтын ҿзі теңдесті іздейді екен» деп келетін мҽтел бар. Ал, тҽніне тиген
таңғы шық – пҽктігі ҥшін тартып жҥрген жан азабы, сағынышы, махаббаты.
Дҽстҥрлі таным-тҥсінік бойынша су – ғашықтықтың, ҿмірдің символы. Ою-
ҿрнегіміздегі «су» деп аталатын жолақтың киелі саналатыны сондықтан. Егер
сол таңғы шық – таңғы қырау немесе мҧз тҥрінде айтылса, онда ғашықтық
сезімнің сҿнгені, ҿмірдің ҿшкені. Тіліміздегі «Жҥрегім мҧз боп қатып
қалды», «Қайғы тоңы жібіді» дегенде қайғы-қасіретті білдіретін немесе
«Кҿңілім судай тасыды», «Суын тапты» дегенде қуаныш-шаттықты
білдіретін тіркестер кҿне ҧғым-тҥсініктен қалған нышандар. Демек ару
қыздың «Сҽлем ҿлеңіндегі» тҽніне тиген таңғы шықты естіген жігіт
кеудесінде жаны болса, ғашығына қҧс болып ҧшып, жетуге тиіс. Осынау
символдық астарға қоса ару қыз «уҽденің қҧлы болып жҥргенін» бҥкпесіз,
ашық айтқандай болады. Дҽстҥрлі ҧғымымызда уҽде – Тҽңірінің немесе
Қҧдайдың бір аты деп қабылданған. Демек қыздың бҧл тіркеспен де
астарлап, ҿздері ғана тҥсінетіндей етіп айтып отырғаны – ҽлі арымды таза
сақтап жҥрмін дегені. Міне, бір ауыз қара ҿлеңнің бойындағы халық
болмысымен сабақтасып жатқан қасиеті осындай.
Қазақтың қара ҿлеңі сияқты қысқа да қызықты шағын ҿлеңдердің ҥлгісі
дҥниежҥзіндегі кҿптеген елдердің фольклорынан да байқалады. Мысалы,
жапондықтардың «хокку», индонезиялықтардың «пантун», скандинавия-
лықтардың «квазура», тҥріктердің «мани», орыстардың «частушка»,
ҿзбектердің «кушик», тҽжіктердің «рубои», «баит», «ашуласы» осы тектес,
бірде екі, бірде ҥш, бірде тҿрт жолмен аяқталып отыратын қысқа ҿлең
тҥрлері. Тҽжіктің кҿрнекті фольклорист ғалымы Р.Амонов бҧл ҿлеңдерге тҽн
негізгі ерекшелік оның қысқалығында, адам сезімінің нҽзік пернелерін дҽл
тауып, соны шағын формаға сыйғыза білуінде, ҽртҥрлі тҧспал, метафора,
символ, синоним, эпитеттерінің байлығында дейді
1
.
1
Амонов Р. Таджикская народная лирика. Автореф. дисс. на соискание ученой степени доктора
филологических наук. Душанбе, 1968. С. 8-9, 61, 99.
602
Татардың белгілі фольклортанушысы Ғали Рахим: «Біздің жырларымыз
ҽр уақыт қысқа ғана, тҿрт жолды жырлар болады. Ҽркім ҿзінің айтқысы
келген ойын сол тҿрт жолмен тҽмҽмдайды. Егер ол кісі екінші бір жыр
жырласа, ол жыр енді ҽуелгісіне жалғанбайды, бҥтіндей екінші нҽрсе
жайында болады, екінші мағына алады», - десе, Хамит Ярми біздің тҿрт
жолды шағын ҿлеңдеріміздің бірінші екі жолы мен соңғы екі жолының
арасында мағына жағынан ешқандай байланыс болмайды деп жазады
1
.
Ал, қырғыз бен қарақалпақта, ҿзбек пен ҧйғырда қазақтың қара ҿлеңіне
ҧқсаған ҿлең ҥлгілерінің бар екенін мына мысалдардан-ақ кҿруге болады.
Ҿзбекте:
Ақ киік қайда жҥрер тау болмаса,
Қызыл гҥл қайда бітер бау болмаса.
Ер жігітке жаман іс кедейшілік,
Сҥйген жарын алуға пҧл болмаса
2
.
Қарақалпақта:
Дарияның ортасында еккен тал бар,
Ҥстімде ақ сҥп кҿйлек, мақпал шалбар.
Жан ағам, тҥскеніңде сен есіме,
Шықпаған кҿкіректе шыбын жан бар
3
.
Қара ҿлең ҽнге салынып айтылғандықтан да оның қайырмалары
формалық жағынан мейлінше алуан тҥрлі болып келсе, мазмҧны негізгі
шумақтың шашбауын кҿтеруге, астарлы ойды ҧштай тҥсуге қызмет етеді.
Қара ҿлеңнің кҿп ретте символмен, емеурінмен немесе астарлы образбен
айтылатын ойлары қайырма арқылы діттеген жеріне жетіп, мағынасы артып,
эмоциялық ҽсері кҥшейіп отырады. Қайырманың да ҿлеңдік қасиетінде қара
ҿлеңдегідей силлогизмдер, образды параллельдер, мимемалық мҽндегі
сҿздер, ҽсіресе, вокализдер мейлінше мол ҧшырасады. Алайда, қара ҿлең тек
қана силлабикалық жолмен, міндетті тҥрде он бір буынды, тҿрт тармақты
болып, ҧйқасы а-а-б-а тҥрінде тҥзіліп отырса, қайырмаларда бҧл сияқты
формалық ҥлгі мҥлде сақталмайды. Қайырма формасы негізінен ҽн-ҽуеннің
бітіміне бағынышты болып келеді. Сондықтан да оның тҥр, формасы қанша
болса, сонша қҧбылып, мейлінше мол ҥлгілері кездесе береді. Осы
қасиеттеріне мысал-айғақ келтіруге болады.
Мҽселен, ҿмір-дҥние, кісілік-достық жҿніндегі ойшыл қара ҿлеңдер:
Дҥние – дастан,
Ҽуел-ақ бастан,
Ақылды дҧшпан артық
1
Ярми X. Татар халқының поэтик ижаты. Казан, 1967. 217, 234-б.
2
Алавия М. Узбек халық кушиқлари. Тошкент, 1959. 197-б.
3
Қарақалпақ халық қосықлары. Нҿкіс, 1965. 143-б.
603
Ақымақ достан, –
деп келетін қайырмалармен тҥйінделеді.
Колхоздастыру кезеңі туралы айтылатын қара ҿлең шумағы мынандай
қайырмамен кҿмкеріліпті:
Кекілдік,
Ойлай-ойлай
Біз колхозға бекіндік!
Осынау қысқа-қайырым жолдарда тарихи ҿмір салтын ҿзгертіп, жаңа
қоғамның іргетасын қаласуға бел буған қазақ еңбекшілерінің ҽлеуметтік
психологиясы мейлінше ҧрымтал берілген.
Сол сияқты мимемалық мҽндегі немесе вокализі басым қайырмалардың
небір қызықты ҥлгілерін келтіруге болады.
Ҽттҽ-рҽ-ри рай-рай,
Ҽттҽ-рҽ-ри рай-рай,
Ҿтті-ай кҥнім, ҿтті-ай,
Кҥнім, кҥнім, кҥнім-ай.
Ҽкки-гҽй, сары бел,
Соғар салқын самал жел.
Ҽри-дҽри даттай,
Ҽри-дҽри даттай,
Ҽри-дҽри-дай!
И-ах-уай!
Бҽллҽй! Бҽллҽй, ботам-ай,
Бота кҿзің екеу-ай!
Ендігі бір орайлы сҿз, қазақтың қара ҿлеңі осынша мол кҿркемдік
қасиеттерге, ҽбден орныққан жанрлық дербестікке, формалық тҧрақтылыққа
қалай жетті деген мҽселе жайында. Бір шындықтың басы ашық, қазақ
халқының ҽдеби фольклорлық мҧраларының баршасы сияқты, қара ҿлеңнің
де тек-тамыры тҥркі халықтарына ортақ байырғы ҽдеби жҽдігерліктермен
сабақтасып жатыр. Мҧның небір бҧлтартпас қызықты айғақтарын сонау
Тҥркі қағанаты заманындағы тас-қашау жазбалардан (VI-VIII ғ.) бастап, одан
берідегі «Оғызнама» (IX ғ.), «Қорқыт ата кітабы» (IX ғ.). Жҥсіп
Баласағҧнның «Қҧтты білігі» (XI ғ.), Махмҧд Қашғаридің «Тҥркі тілдерінің
сҿздігі» (XI ғ.), Ахмед Иҥгінекидің «Ақиқат сыйы» (XII ғ.), «Кодекс
куманикус» («Кумандар кітабы») сияқты еңбектерге дейін кҿктей шолғанда
айқын аңғаруға болады. Ҽсіресе, тілдік тектестікке, сҿз тіркестерінің
сҽйкестігіне, образды теңеулердің ҧқсастығына, этнографизмдердің
сабақтастығына қатысты мысалдар мол ҧшырасады. Тіптен, сонау XI ғасырда
жазылған Жҥсіп Баласағҧнның «Қҧтты білігі» формасы жағынан он бір
буынды, қос тармақты болып келеді де, онда айтылатын ақыл-ҿсиет
604
сарындары қара ҿлең орамдарына мейлінше ҥндес келіп жатады. Мҽселен,
«Қҧтты біліктегі»:
Бҧл дҥние қып-қысқа кҿрген тҥстей,
Қадірін білген дҧрыс, кҿрге тҥспей, -
деп келетін жолдарды ҽнге салып, бҥгінгі тындаушыға айтылса, қазақтың кҿп
қара ҿлеңінің бірі деп қабылдап қалуы ҽбден мҥмкін. Сонымен қазақтың қара
ҿлеңі ҿзінің тал бойына, ҽрісі байырғы тҥркілік ҽдеби дҽстҥрден нҽр жинаса,
берісі тҿл сҿз ҿнеріміздің кҿркемдік негізіне табан тіреп отыратыны аян.
Бҧл айтылғанның бҽрін тҧжырымдап айтқанда:
1. Қара ҿлең міндетті тҥрде он бір буынды, тҿрт тармақты болып келеді;
2. Қара ҿлең міндетті тҥрде а-а-б-а тҥрінде аралас ҧйқасады;
3. Қара ҿлеңнің тақырып аясы ҿмірдің ҿзіндей шексіз болғанымен, ҽр
шумаққа белгілі бір ғана ой арқау болып отырады. Ол ой – жиын-тойдағы
жеңіл ҽзіл-оспақтан бастап, ҿмірдің мҽні мен сҽніне, ел қамы мен халық
тағдырына дейінгі кесек тақырыптарды тілге тиек ете алады;
4. Қара ҿлеңдегі ой-тҧжырым кҿбінесе дедуктивті формада, яғни
силлогизм тҽсілімен айтылады. Мҧндайда ҿлеңнің алғашқы екі жолындағы
ой дҽстҥрлі ҧғым жҥйесі бойынша екінші бір ойдың образдық, символдық,
емеуріндік айғағы немесе шендестірілген постулаттық негізі болып отырады
да, сол ой-айғақ ҿлеңнің ҥшінші жҽне тҿртінші жолында айтылар тоқетер
тҥйін идеяға қызмет етіп отырады;
5. Қара ҿлең міндетті тҥрде созылмалы немесе қоңыр ҽнге салынып
айтылады. Бірақ бірде-бір қара ҿлеңнің тҧрақты ҽні болмайды. Ҽркім ҿзінің
даусына лайықты ҽнге қалаған қара ҿлеңін салып айта береді. Мҧның ҿзі қара
ҿлең айту дҽстҥрінде ҽннен гҿрі сҿздің, ой-ниет білдірудің негізгі міндет
атқаратынын білдіреді;
6. Ҽр ҽннің ырғақтық ерекшеліктеріне орай қара ҿлең тармақтарындағы
бунақтар орын ауыстыра береді. Мҽселен, «Елім-ай» ҽнінің ҿлеңіндегі
бірінші тармақ «Қаратаудың басынан кҿш келеді...» деп айтылады. Егер осы
тармақтағы бунақтардың орнын ауыстырып, «Басынан Қаратаудың кҿш
келеді» деп айтсақ, «Елім-ай» ҽніне салуға ҥйлеспес еді. Сондықтан да ҽр
ҽннің ырғақтық ерекшеліктеріне орай қара ҿлең бунақтары да орын ауыстыра
береді. Тек ҧйқасатын бунақтар ғана тҧрақты болады.
7. Қара ҿлеңнің тҧрақты қайырмасы болмайды. Бірақ ҽнге салып айту
барысында міндетті тҥрде қайырма қоса айтылады. Қара ҿлеңнің қайырмасы
формасы жағынан алуан тҥрлі болып, ҧдайы негізгі ой-ниеттің мҽнін аша
тҥсуге, эмоциялық қуатын арттыруға қызмет етіп отырады.
8. Қара ҿлеңнің жҧрт талғамында сҧрыпталған асыл ҥлгілері ауыздан-
ауызға тарап, кҿптің жадында жҥргенімен, ҿмірдің мың сан жағдайына орай
ел ішінде ҧдайы тыңнан туындап жатады.
Міне, осы қасиеттер – фольклорлық қара ҿлеңнің жанрлық дара
сипатына айғақ тҧрақты белгілері.
605
Достарыңызбен бөлісу: |