2-ТАРАУ. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ФОЛЬКЛОР
§ 1. 1916 жылғы кӛтеріліс туралы фольклор
ХVІІІ ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы бҥкілхалықтық соғыс
пен XIX ғасырдағы Исатай-Махамбет бастаған шаруалар кҿтерілісі ерекше
атап ҿтерлік оқиға. Соларға байланысты туған жырларға назар салсақ,
бҧлардың бҽрінде импровизация ҥлгісін ҧстанған жекелеген эпик
ақындардың шығарғанын кҿреміз. Бҧл жай 1916 жылғы кҿтеріліске
байланысты туған тарихи жырларда біршама ҿзгешелеу. Ҿйткені, мҧндай
жырларды шығаруға белгілі ақындармен бірге бҧрын-соңды ақындықпен
айналыспаған адамдар да белсене атсалысып отырған. Бҧл ерекшеліктердің
ҿзі де сол ҧлт-азаттық кҿтерілісінің сыр-сипаты мен ҿзіндік даму
заңдылықтарына келіп саяды.
1916 жылғы кҿтеріліске байланысты жырларды шығарған ел ақындары,
ең алдымен, халық ауыз ҽдебиетінің қалыптасқан ежелгі дҽстҥрін тарихи
жаңа кезеңге сҽйкес онан ҽрі дамытушылар болды. Сонымен бірге бҧрын
ақындығымен кҿзге тҥспеген, бірақ ҿлең-жырға бейімі бар кейбір кісілер
ҿзінің кҿрген-білгенін, ҽсер-сезімін жырға қосуды ҽдетке айналдырған.
Соның нҽтижесінде кҿтерілістің ҽрбір кезеңін бейнелейтін кҿркемдік сапасы
ҽрқилы халықтық шығармалар дҥниеге келді. Олар халық арасына ауызша
1
Турсунов Е.Д. Легенды, предания и бытовые рассказы о животных в системе казахского
повествовательного фольклора // Казахские сказки о животных. Алма-Ата, 1979. С.73-74.
621
таралғанмен, авторларының (бірен-саран жырларды есепке алмағанда)
болғаны белгілі болып отыр. Бҧған кеңес дҽуірінде 1916 жылғы кҿтеріліс
жырларын жинау жҧмысының тез қолға алынып, зерттелуі, баспасҿз
беттерінде ҽр кез жарияланып отыруы себепші болды.
Сҿйтіп, 1916 жылғы кҿтеріліс поэзиясы халық ауыз ҽдебиетінің бай
дҽстҥрі негізінде туып, дамыды. Сондықтан бҧл жырларда халық ауыз
ҽдебиетінің тҥр-қҧрылысы, суреттеу тҽсілі сияқты қалыпты ҥлгісі толық
сақталған. Алайда, оның ҿзіне тҽн ерекшеліктері мен жаңа сипаттары да мол.
1916 жылғы ҧлт-азаттық кҿтерілісіне байланысты жҧртты кҥреске
шақыратын қысқа ҥндеу жырларымен қатар ҥстем таптың ҿктемдігін
ҽшкерелейтін ҿткір мысқылдар, ҽжуа-сықақ ҿлеңдер туды. Ҿлеңмен
жазылған сҽлем хат, қоштасу, жоқтау ҿлеңдері халық арасына кең тарады.
Кейінірек айтулы кезеңдерді кеңінен қамтып сипаттайтын жыр-толғаулар,
халық батырларының қаһармандығын суреттейтін поэмалар, елдің басынан
кешірген жайлары мен майдан ҿмірін еске тҥсіретін кҥнделік (мемуар)
поэзиясы қалыптаса бастады.
Қоштасу, естірту, жоқтау, жҧбату тҥріндегі жырлар халық ауыз
ҽдебиетінде бҧрыннан бар. Бҧлар кҿне заманнан бергі қазақ халқының кҿңіл-
кҥй, тҧрмыс-салтына байланысты айтылып келе жатқан жырлар. Ал, 1916
жылғы кҿтеріліс поэзиясындағы бҧл жанр тарихи жаңа жағдайға сҽйкес
тереңдеп, соны сипат алды. Бҧрын ҥй-іші, отбасылық қана маңызы бар
қоштасу, естірту, жоқтау, жҧбату лирикалары енді ҽлеуметтік ірі оқиғаларды
жырлау дҽрежесіне кҿтеріліп, оның жанрлық сипаты мен қоғамдық қызметі
ҿзгерді. Тҽрбиелік мҽні арта тҥсті.
Ел аузындағы «Қоштасу», «Жҧбату», «Аманкелдінің ҿліміне» тҽрізді
лирикалық ҿлеңдер дҽлел бола алады.
Патша ҿкіметінің қазақтан қара жҧмысқа адам алу туралы 1916 жылғы
25 июньдегі жарлығы шыққаннан кейін ел ішіндегі ҽлеуметтік қайшылықтар
мейлінше шиеленісіп, тап жігі кҥн санап айқындала тҥсті. Патша мен ел
ішіндегі парақор би-болыс, ауылнайлардың момын шаруаларға жасаған
озбырлықтары шегіне жетті. Қалың бҧқара кҿтеріліп, мҧның ақыры
тегеурінді қозғалысқа келіп ҧласты. Шектен шыққан ҽділетсіздік билеген
заман жайы кҿптеген жыр-толғауларда ҽлеуметтік мҽні зор мҽселе
тҧрғысында жырланды. Айталық, 1916 жыл оқиғасы тҧсында туған «Қҧрдым
заман қуарған» атты ҿлеңде «тілі майда, қанды қол» ҥстем тап ҿкілдерінің
талай боздақтың басын саудаға салғаны ҽшкереленсе, майданға алынған
Қабылбек Сауранбаев деген кісі ҿзі тҽрізді кедей-жалшылардың бай
балаларының бодауына кеткенін айтады. «Бай ағайынның жанына кҿрші
қонған» қазақ жалшыларын кҿлгірсіген екіжҥзді залым байлардан сақ болуға
шақырады. «Тақсырлап би-болысқа, пасық байға жалынғаннан» тҥк
ҿнбейтінін ескертіп:
Бай ҥшін кеттім, міне, жылай-жылай
Тҿреден кҿзім талды сҧрай-сҧрай.
Бай баласы орнына кедей кетті,
622
Нашарлар байға сенбе бҧдан былай
1
, –
деп, таптық мҽні бар қорытынды жасайды. Сол жылы майдан жҧмысына
зорлықпен жҿнелтілген Сҽмет дейтін жігіт (Алматы облысы, Нарынқол
ауданынан) «бай ҧлының орнына спескеге ілінген» барлық нашарлардың
қайғы-мҧңын:
Сҧрасаң руымды менің Қозған,
Солдатқа ҧстап берді мені қолдан.
Не кҥйде, қандай халде жҥріп жатыр,
Айрылып кете бардық сҥйген жардан
2
, –
деген жолдармен білдірсе, Ботаев Ғайкеш деген кісі ҿзінің «Прием» деп
аталатын жырында параға бҿккен «сары жезді ҽкім» ҧлықтардың ҽр алуан
ҽділетсіздіктерін батыл ҽшкерелейді. Ол сол кездің ащы шындығын айта
келіп:
Тазды алды, соқырды алды, ақсақты алды,
Бір байдың ҥш баласы бірдей қалды.
Бҧл кҥнде тура ҽкім елде болмай,
Ҽкімдер дҧшпан тҧтты жарлыларды
3
, –
дейді.
1916 жылғы кҿтеріліске байланысты туған лирикалық ҿлеңдердің ҥлкен
бір саласы – ҥндеу, ҥгіт жырлары.
Бҧл туындылар езілген елді бостандық ҥшін кҥреске ашықтан-ашық
шақырған тҧңғыш жырлар болды. Осы тектес ҥндеу-ҥгіт жырлары арқылы
кҿтерілістің алғашқы ҧйымдастыру кезеңінде бір елмен екінші ел ҿзара
хабарласып, байланыс жасай бастады. Кҿлік жетер елдің азаматтары ағылып,
Аманкелді батырдың сарбазына қосылып жатты. Сҿйтіп, ел басына кҥн туған
заманда бҧқара халық бір тудың астына топтасуға мҥмкіндік алды.
Қоштасу жырларында патша мен ел ішіндегі озбыр болыс, алаяқ
атқамінерлерге деген халық қарғысы да айқын кҿрініс тапқан. «Дҽметкеннің
зары», «Асқардың ҥй-ішімен қоштасуы» атты жырларда ҽділетсіздік билеген
заманға деген халықтың ашу-ызасы, кеуде кернеген ащы сезімі баяндалса, ел
аузындағы «Қоштасу» атты ҿлеңде жалғыз баласын еріксіз солдатқа
жҿнелткен қасіретті ананың қарғысы жауыздықтың кҿзі – патшаның ҿзіне
арналады:
Шыныңменен, қҧлыным,
Кетемісің солдатқа.
Кім ие болады мҧндағы
Иесіз қалған мал-басқа!
1
ҼҾИ қолжазба қоры. № 380-бума. 4-дҽптер.
2
ҼҾИ қолжазба қоры. № 380-бума. 4-дҽптер.
3
Саратов, Волгоград, Астрахань экспедициясының материалдарынан (жазып алушы К.Шҽменов, Ғ.Ботаев
1916 жылы қара жҧмыста болған).
623
Қурап қалғыр, қу патша,
Тағынан тҥсіп, қурасын!
Басына қара кҥн туып,
Біздей болып шуласын!
Екі кҿзін шел қаптап,
Кҿре алмай жарық туласын!
1
.
Қара жҧмысқа алынып, «жер шеті қиянға аттанған» қазақ жастары «кір
жуып, кіндік кескен» жерін қимай егіледі. Алды бҧлдыр ертеңгі кҥннің не
боларын білмей, дағдарады. Ҽйтсе де, бҧл жырларда тек қана сарыуайымға
салынудан гҿрі болашаққа зор сеніммен қарау сезімі басым жатады. Олар
тҥнерген қайғы бҧлтын ыдыратып, «қауышар кҥн де болар жҥрсек аман» деп,
алдағы кҥнге сенім артады. Қасіреттің ащы уын жҧтқан жігіттердің хал-
жағдайын қаз-қалпында бейнелеуі жағынан болсын, туған ел, ҿскен жерді
ыстық сезіммен жырлауы тҧрғысынан болсын, бҧл лирикалық ҿлеңдер
айрықша бҿліп атауды қажет етеді. Бҧлардан майдан шебіне еріксіз айдалған
жастардың мҧң-шері мен ой-арманы, тебіреніс-толғаныстары бар
болмысымен сипатталып, ҽдемі кҿрініс тауып отырады. Мҽселен, бір ҿлеңде:
Қош боп тҧр, қҧрбы-қҧрдас, замандасым,
Кҿн, сен де, тҽуекелге ғазиз басым...
Туған жер, баурым тҿсеп ҿскен елім,
Кір жуып, кіндігімді кескен жерім,
Ойнаған бауырында қҧлын-тайдай,
Асқар тау, қош аман бол, биік белім
2
, –
делінсе, екінші бір ҿлеңде «ҥйірінен ҧзап шығып кҿрмеген» жігіттерді алыс
сапарға аттандырған халықтың қайғы-зары «жаяуға – ат, ашқа – тамақ, киім
болған» туған жердің байлығымен астастыра жырланады. Мҧнда да алдағы
бҧлыңғыр ҿмірге байланысты ҥміт пен кҥдік қатар жҥріп отырады.
Қайран ел, қайран жерден кетеміз бе?
Мҧратқа ҽлде алда жетеміз бе?
Қауіпті су, қатерлі кезеңдер бар.
Жол тауып, аман-есен ҿтеміз бе?
3
.
Бҧл кезде қоштасу лирикаларымен қатар естірту, жоқтау, сҥйінші, бата
жырлары да кең тарады. Ҽрине, қарапайым халық тудырған бҧл ҿлеңдердің
мазмҧны мен кҿркемдік сапасы да ҽр қилы еді. Теміршенің астан кейінгі
батасы мен Қибай Қыдырҽлиевтің естіртулерін бҧрынғы дҽстҥрлі
нҧсқалардан пҽлендей ҿзгешелігі бар деп айта алмаймыз. 1916 жылы
1
Ш.Уҽлиханов атындағы Тарих жҽне этнография институтындағы Аманкелді экспедициясының
материалдарынан. № 4-бума.
2
ҼҾИ қолжазба қоры. № 380-бума.
3
1916 жыл. Алматы, 1940. 178-б.
624
Қарағаш, Жыланды, Кҿпе болыстарының азаматтары мен Ақмоладан келген
патшаның жазалаушы отряды арасында болған қырғын соғыста Ақылбек,
Зидеғали атты екі ҧлы бірдей қаза тапқан қасіретті ананың жоқтауы да сол
кҿне ҥлгіні тҥгелдей қайталайды. Алайда, айта кететін бір жай, бҧл
жоқтауларда да қоштасу жырларындағы секілді ҿз ойын диалог тҥрінде (ҥй-
іші адамдарының қатысуы арқылы) беру белгілі дҽрежеде дҽстҥрге айналған.
Халық азаттығы ҥшін алысып, қан майданда мерт болған батырлардың
қайғылы қазасын жырға қосу да елеулі орын алады. Ол жайларды ақындар
орны толмас ауыр қаза есебінде толғайды. Ҽсіресе, Аманкелді батырдың
ҿліміне байланысты туған жоқтау ҿлеңдерде таптық, ҽлеуметтік сипаттың
ерекше айқындала тҥсетінін байқаймыз. Айталық, Аманкелдінің ҽйелі
Балымның жоқтауында батырдың қазасы езілген еңбекші бҧқараның мҥддесі
тҧрғысынан бағаланса («Кедейлер бҥгін жылады, хас батырсыз қалған соң»),
ал, енді «Аманкелдінің ҿліміне» деп аталатын халық аузындағы бір жырда
батырдың бҥкіл саналы ҿмірінің бостандық жолындағы кҥреске арналғаны,
сол шайқаста қапыда тап жауларының қолынан мерт болғаны ел атынан
баяндалады:
Еңбекшіні қорғап жаудан,
Қҧтқарам деп шынжырлаудан.
Қарсы атыстың, қарсы шаптың,
Бермеймін деп жасты қолдан,
Шыныңменен қаза таптың ба?
1
.
Қоғамдық-ҽлеуметтік ҽуен ел мен майдан арасындағы сҽлемдесу
хаттарында, тіпті, тереңдей тҥседі. Майданнан жазылған хаттарда
(Т.Қилыбаевтың «Науан қазіретке хаты», «Ақбастың Нҧржанға хаты»,
«Нҧржанның Ақбасқа жазған хаты», З.Ҽбдірахмановтың «Окоптан хаты»,
С.Бегімовтың «Туған елге хат», Ҽкмал, Молдаш, Байтас, Нҧғман, Ҽлімхан
мен Бҿлденнің хаттары, ел аузындағы «Ауылдан хат», тағы басқаларда
жігіттердің туған жер, ҿскен елге деген ыстық сезімі жарқын сипатталып,
ҽділетсіз атқамінер, би-болыстар мен патша ҿкіметінің зҧлымдығы батыл
ҽшкереленеді. Патшаның кҥні санаулы екенін, кҿп ҧзамай, ҥлкен ҿзгеріс
болатынын хабарлайды. Мҧнда бҧқараны ашық кҥреске шақыратын жігерлі
ҥн де, болашаққа деген зор сенім де бар. Сҿз жоқ, бҧл жҽйт алдымен жалпы
Ресейде, қала берді майдан шебіндегі революциялық қозғалыстардың игі
ҽсерінен туған аса бір елеулі қҧбылыс еді.
Мҧндай таптық мазмҧнды кҿп болып ҽнмен айтатын марш іспеттес
жырлардан да айқын аңғарамыз. Халық кҿтерілісінің жалынды жыршысы
болған ақындар жҥрегінен шығып, кҿпшіліктің игілігіне айналған бҧл
жырлардың кезінде тҽрбиелік мҽні аса зор болды. Ҿйткені, ҿздерінің бас
бостандығы жолында ҥстем тапқа қарсы кҥрес жҥргізген жас жігіттер бір-
бірінің кҿкейтесті ой-арманын ҿздері қосылып айтатын жырлар арқылы ҧғып
отырған. Мҽселен, 1916 жылы Мерке ауданында жергілікті пристав пен
байларға қарсы кҿтеріліс жасаған кедей шаруалардың атты ҽскерлерінің
1
1916 жыл. Алматы, 1940. 80-б.
625
ҿлеңінде кҿтерілістің шығу себебі мен тҥпкі мақсаты халық мҥддесі
тҧрғысынан баяндалады. Туған халқы ҥшін басын ҿлімге байлаған азаматтар
«мың жылдар бойы жылап ҿткен ата-анадан біздің ҿлсек жанымыз артық
емес» деп тҥйіп, приставтарды «кегі бітпес ата жау» деп сипаттайды, сҿйтіп,
олар «ақсақ қойша сатылып, Николайға солдат болғанша, ҿз жерімізде кек
алып, ҿлген артық» деп, ел ішіндегі тап жауы – Ботбай тҽрізді зҧлымдарға
қарсы ашық кҥреске шығуға ҥндейді. Бҧл ҿлең идеясының айқындығы,
мазмҧнының ҿткірлігімен ғана емес, сонымен бірге жастардың таптық
санасының қаншалықты дҽрежеде екенін айқын танытады.
Ту кҿтер аспандатып, жас жігіттер,
Жау қирап, талқандалып, ҿссін жігер.
Би, пристав сансыз жыл сорған елді
Тартпаймыз аттың басын, қҧртпай бекер.
Ҽскерміз ел-жҧрт ҥшін қиған жанды,
Арман жоқ халық ҥшін тҿксек қанды.
Кел, жастар, бер Ботбайды біздің қолға
Қҧртайық халық болып қан сорғанды.
Болғанша жауға ҽскер ҿлген артық,
Тепкілеп, терең қазып, кҿмген артық.
Ата-ана мың жылдары жылап ҿткен
Ҿлсек жаудан олардан неміз артық.
Бармаймыз солдат болып Николайға,
Сатылып, байлар ҥшін ақсақ қойға.
Ел-жҧрт болып байлардан кек аламыз
Босатып жалшы-малшы бай қолында
1
, –
делінген.
Кҿтеріліс тҧсындағы халық ҿмірін жырлайтын шығармалардың бірі –
«Қҧлақасқа» дастанына арнайы тоқтала кеткен жҿн.
Бҧл дастанда майдан жҧмысына адам алу туралы жарлыққа қарсы
Обалы елінің кҿтерілгені айтылады. Бҧларға Қҧлақасқа деген елдің жігіттері
де қосылады. Кейіннен бҧл топқа Ырғыз, Торғай, Қостанай тҿңірегінен
келгендер ілесіп, бҽрі Аманкелді батырмен байланыс жасағаны ҽңгімеленеді.
Езілген ел Ысмайыл, Мейірман сияқты би-болыс, ру ақсақалдарының екі
жҥзді ҽрекеттеріне қарсы тҧрады. Олардан ҿш ала бастайды.
«Қҧлақасқа» дастанындағы басты кейіпкер – халық. Шығармада халық
ҿкілдері мен ҥстем тап арасындағы ҽлеуметтік қайшылықтар қиян-кескі
шайқас ҥстінде айқын кҿрініп отырады.
Дастан шаруалар қозғалысының стихиялық сипатын да сенімді
бейнелейді. Қанаушы тапқа қарсы кҥреске халықтың ашу-ызасы,
бостандыққа деген қҧштарлығы анық, айқын кҿрінгенмен, қозғалыстың ҽлі
де белгілі бір жҥйеге тҥспегені, ҧйымдастыру істерінің дҧрыс жолға
1
ОҒК қолжазба қоры. № 874-бума. Жинап тапсырған М.Диқанбаев.
626
қойылмауы сияқты ақаулықтар кҿп кедергі жасайды. Кейбіреулер би-
болыстардың алдағанына сеніп қалып, содан опық жейді, зардап шегеді.
Мҧның аяғы кҿтерілісшілердің қырғынға ҧшырауына ҽкеліп соғады.
Мҥлік ойран, адам қырғын, қан жылап ел,
Еңіреген қала берді кҿз жасы сел.
Баурында ҽр тҿбенің жатқан ҿлік,
Бетінен мҧңды кҥймен сҥйеді жел
1
, –
деп жырланады осы дастанда.
Бҧл жай 1916 жылғы кҿтерілістің стихиялық сипаты мен сол кездегі
халық санасының деңгейін де біршама аңғартса керек. Ел қамын ойлайды деп
жҥрген би-болыстардың опасыз, сатқындық ҽрекеттерінің нҽтижесінде
ойранға ҧшыраған елдің жай-кҥйі жыр арқауына айналады.
1916 жылғы кҿтеріліске байланысты туған поэзия ҥлгілері бҧрынғы
халық ауыз ҽдебиеті негізінде туып дамығандықтан, қҧрылысы жағынан бҧл
екеуінің айырмасы онша байқала бермейді. Дегенмен кҿтеріліске
байланысты болған оқиғалар ҽдебиетімізге кҿптеген жаңалықтар ҽкелді.
Бҧл кездегі поэзиядан елеулі орын алатын поэтикалық тілдің маңызды
бір саласы – мақал, мҽтел, идиом сҿздер болып табылады. Бҧлардың
негізінен екі тҥрлі жолмен қолданылып келгенін кҿреміз. Бірі ҿлеңнің буын,
ҧйқасына қарай мағынасын сақтай, тҥрлендіріп қолдану болса, екіншісі –
1916 жыл оқиғасына тікелей байланысты тыңнан қҧрастырылған жаңа
идиом, мақал-мҽтелдер.
Бірінші топтағы мақал-мҽтелдер тек тҧлғалық жағынан ғана ҿзгеріске
ҧшыраған. Мысалы: «Суға кеткен тал қармайды» деген мҽтел «Баттық суға
қармауға жоқ талым да» (Кҥдері) деп, ал «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып
ҥйірін тапқан соң» – «Ҥйірін тапты, айып па ол, ауа жҥріп жайылды» (Сҽт);
«Жауды аяған – жаралы», «Жауды аясаң, сау болмас ҿзің басың», «Ердің екі
сҿйлегені ҿлгені» – «Айтқанынан қайтқанша ҿлген артық» («Бекболат»
дастанынан) болып ҿзгертілген.
Тҧрақты сҿз тіркестерінің ендігі бір бҿлегі жаңа жағдайға байланысты
соны мағынаға ие болып, ҧшқырлана тҥскен. Мҽселен, «Жігері қҧм болып»,
«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», «Сырты бҥтін, іші тҥтін»,
«Қабағына қар қатып, кірпігіне мҧз тҧрып» деп келетін идиомалық сҿздер
1916 жыл жырларында «Жігерін жерге ендіріп» («Қҧмкен соғысы»), «Сҿз
шығарып бір жерден, қол шығарып бір жеңнен» («1916 жылғы кҿтерілісі
жайында»), «Сырты бҥтін, іші шоқ» («Ер Аманкелді»), «Қабағына қар тҧрып,
мҧртына – мҧз» («Бекболат») болып келеді.
Сондай-ақ кейбір мақал-мҽтелдер, идиомалық сҿздер нақты ҧғымды
білдіріп, ҿткен шақ тҥрімен беріледі. Мҽселен, дҽстҥрлі ҽдебиет
ҥлгілеріндегі: «Кҿздің жасы кҿл болып», «Аш кҥзендей бҥгіліп», «Шыбын
жаннан тҥңіліп» тҽрізді кҿсемше тҧлғалы идиомдар енді «Кҿздің жасы кҿл
1
ОҒК қолжазба қоры. № 1011-бума. 3-дҽптер.
627
болды», «Аш кҥзендей бҥгілдік», «Шыбын жаннан тҥңілдік» деп
қолданылған. Мақал-мҽтелдер жайлы да осыны айтуға болады: «Қорқақты
кҿп қусаң, батыр болар» – «Бҧл сапарда талай қорқақ ер болды», «Қайда
барсаң да, Қорқыттың кҿрі» – «Қорқыттың кҿрі болды жердің жҥзі», тағы
басқалар.
1916 жылғы кҿтеріліске байланысты туған ҿлең-жырларда ҽдебиетімізге
сан алуан поэтикалық ерекшеліктер ҽкелген жаңа ҥлгідегі туындылар
қосылумен қатар фольклорлық ҥлгілердің негізге алынғандары да атап
ҿтерлік жағдай. Бҧлардан біз кҿтерілістің жай-кҥйін, сол дҽуірдегі ел
тҧрмысы мен халық қаһармандарының ерлігін анық аңғарамыз. Ол
жырлардың бір тобы кҿтеріліс кҥшпен басылған кездегі халықтың басындағы
қайғы-қасіретті бейнелесе, екінші бір тобы кҿтеріліс басшыларының сот
процесі кезіндегі қайсарлығын дҽріптейді.
Достарыңызбен бөлісу: |