1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


* * * Қаның судай қҧйылды,  Сҥйегің таудай ҥйілді. Қаның субча йҥргурті,  Соңҥкҥң тағча йатды. * * *



бет44/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127
* * *
Қаның судай қҧйылды, 
Сҥйегің таудай ҥйілді.
Қаның субча йҥргурті, 
Соңҥкҥң тағча йатды.


* * * 
Қарулылар қайдан келіп,
Тағы (сені) қҧлдыратты? 
Найзалылар қайдан келіп,
Тағы сені ыдыратты?
Иариқлығ қантан келіп,
Иана елтді? 
Сҥңігліг қантан келшен
Сҥре елтді? 


* * *
Елді халық едім,
Елім қазір қайда?
Кімге ел-жҧрт іздермін? 
Қағанды халық едім,
Қағаным қайда? 
Қандай қағанға кҥш-қуатымды
беремін?
Елліг будун ертім,
Елім амты қаны
Кемке еліг қазғанурмен
тір ерміс.
Қағанлҧғ будун ертім,
Қағаным қаны
Не қағанқа ісіг-кҥчіг бір ҥрмен?


* * * 
Тҥркі халқы, қырылдың,
Тҥркі халқы, жойылдың.
Тҥрк будун, ҿлтіг,
Тҥрк будун, ҥлесікің. 


* * *
Қырғыздарды ҧйқыда бастық.
(Жолымызды) сҥңгімен аштық.
Қурҿқузуғ уқа басдумуз,
…Сҥнҥгін ачдумуз, -
деген жолдардан поэиялық ҿлшем мен ҧйқас байқалатын болса, олардың
эпикалық дҽстҥрге де қатысы жоқ емес. Осыған белгілі бір жҥйеге тҥсіп, 
шумақтық қҧрылым тҥзей бастаған ( а-в-в-в ) мына тҧрақты жолдарды да
қосуға болады : 
Жалаңаш халықты киімді,

Жарлы халықты бай қылдым.


Аз халықты кҿп қылдым. 
Тату елге жақсылық қылдым.
Иалаң будунығ тонлығ
Чығай будунығ бай қылтым.
Аз будунығ ҥкҥш қылтым 
Ығар еллігде йег қылтым.
Орхон жазбаларының фольклорлық сатыдағы кҿркем ойға қатысын 

айғақтайтын белгілердің бірі осы.


Тҥркі қағанаты дҽуірінен жеткен жазбаларды поэзиялық туындыға 


277


жақындататын белгілердің бірі – сҿз тіркестері. Орхон жазуларынан оның
кҿптеген ҥлгілерін кездестіреміз:
Кҿрер кҿзім кҿрместей,

Білер білігім білместей болды.


Кҿрҥр кҿзім кҿрместег 
Білір білігім білмез тег болты.

* * *
Тҥн қаттық. Тҥн қатдумуз, - 
деген жолдардан бҿлек ҿзге тҧрақты тіркестер де жиі қолданысқа ие. 

Мысалы:
Елдігін ҽлсіретті,


Қағандығын қансыратты.


Жауын бейбіт етті,
Тізеліні бҥктірді.
Еллігіч елсіретміс,
Қағанлығығ қағансыратмыс.
Иағығ баз қылмыс,
Тізлігіг сокурміс,-
деген жолдар бірде – осы, бірде ҿткен шақта баяндалып, ҥнемі қайталанып 

отырады.


Батырлық, ерлік рухындағы оқиғаларға қҧрылған «Кҥлтегін» 
жазбасында байқалатын жанрлық белгілердің бірі – жоқтау. Кҿне тҥркі
тайпаларының тыныс-тіршілігінен туындап, тҧрмыс-салт жырларының бір 
тармағы болып табылатын жоқтау ҥлгісі мҧнда тҥрік халқының тағдырымен
тамырлас: 
Тҽтті сҿз, асыл дҥниесіне

кҿп алданып


Тҥркі халқы, қырылдың,
Тҥркі халқы, жойылдың.
Сҥчіг сабыңа, йымшақ
ағысыңа артурын ҥкҥс
Тҥрк будун, ҿлтіг, 
Тҥрк будун, ҥлесікің.


* * * 
Елдігін ҽлсіретті,
Қағандығын қансыратты.
Жауын бейбіт етті,
Тізеліні бҥктірді.
Еллігіч елсіретміс,
Қағанлығығ қағансыратмыс.
Иағығ баз қылмыс,
Тізлігіг сокурміс,- 
Інім Кҥлтегін қаза болды…
Ҿзім қайғырдым.
Тағдырды Тҽңірі жасар,
Адам баласы бҽрі ҿлгелі туған.
Інім Кҥлтегін кергек болты…
Ҿзім сақынтым.
Ҿд теңрі йасар,
Кісі оғлу ҿлгелі тҿрҥміс, -
деген жолдардың жоқтау ҥлгісінде жазылғаны анық. Бҧл жолдардан 

шамандық нанымға тҽн ҧғым-тҥсініктер де байқалады. Мысалы, «Адам


баласы бҽрі ҿлгелі туған» деген кҿне тҥсініктің ізін біз «пендеге ҿлім- парыз» 
дейтін кейінгі ислам идеясынан да аңғарамыз. Наным-сенім, дҥниетаным
жҥйесіндегі сабақтастық деп осыны айтсақ керек.


278


Жоқтау сарыны жырдың ҿзге тҧстарынан да кездесіп отырады:
Қайғырғаным соншама 

Кҿзге ыстық жас келер.


Кҿңілге ауыр шер келер.
Шексіз қайғырдым.
Қайта қайғырдым:
Екі шад бҥкіл жеткіншектерім (нің)
Ҧландарым, бектерім, халқым (ның)
Кҿзі-қасы ҽз болар
деп қайғырдым.
Анача соқынтым,
Кҿзде йаш келсер. 
Іті да кҿнулге сығыт келсер,
Йантуру сақынтым.
Қатуғды сақынтым:
Екі шад, улайу іні йігҥнім, 
Оғланым, беглерім, будуным
Кҿзі-қашы йаблақ болтачы
тіп сақынтым.
Тҥркі жазба ескерткіштерін ҽдеби-фольклорлық мҧраға жақындататын 

белгілердің бірі – арнау. Орхон жазбаларынан тҥркі халқына, алып бектеріне


бағыштап айтылған жолдар жиі табылады: 
О, қасиетті Ҿтҥкен қойнауының

халқы, бостың.


Біресе ілгері шаптың,
Біресе кері шаптың
Барған жерде не пайда таптың?
Ыдуқ, Ҿтҥкен йыш будун,
бардығ.
Ҥлгеру бардығма бардығ,
Қурығару барығма бардығ
Бардуқ йерде едгҥг ол ерінг?


* * * 
Тҥркі бектері, халқы,
бҧны тыңдаңдар!
Тҥркі халқын жиып,
Ел болғандарыңды
мҧнда бастым.
Жаңылып, кешкендеріңді
де мҧнда бастым.
Барлық сҿзімді айтар
Мҽңгі тасқа бастым.
Тҥрк беглер, будун,
буны есідің!
Тҥрк будунығ тіріп,
Ел тҧтсықыңын
бунта уртым.
Йаңылып, ҥлескіңін йеме
бунта уртым. 
Неңнең сабым ерсер,
Беңгҥ ташқа уртым, - 
деген жолдарды арнау ретінде қабылдауға толық негіз бар. Бҧлардың бҽрі 
дерлік кҿркем оймен жеткізілген, қҧрылымында а-в-в-в ҧйқасының ізі бар.
Зерттеушілердің назарына ілігіп жҥрген кҿне фольклор жанрларының 
бірі – мақал-мҽтел. Орхон жазбаларында оның тҥркі тайпаларының ҿмір
тҽжірибесінен туған, жинақталған ойды білдіретін ҥлгілері кездесіп отырады. 
Мысалы, «Тоныкҿк» жазбасындағы:
Қол қосылса – кҥш ҿсер. Келҥр ерсер, кҥч ҥкҥлҥр. 
* * * 
Ҿлімнен ҧят кҥшті. Аруғ обуту йіг, - 


279


деген мақал ҥлгілері ерлік, батырлық ҧғымдарымен байланысты болса,
тҿмендегі жолдардың да тҥркі тайпаларының тыныс-тіршілігінен туғаны 
анық. Мҽселен,
Аштықта тоқтықты тҥсінбейсің,

Бір тойсаң, аштықты тҥсінбейсің.


Ачсық, тосық ҿмез - сен,
Бір тодсар, ачсыз ҿмез – сен.


* * *
Жырақ болса, жаман сыйлық берер,
Жақын болса, жақсы сыйлық берер.
Ырақ ерсер йаблақ ағы бірҥр,
Йағҧқ ерсер, едгҥ ағы бірҥр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет