423
руларының шапқыншылығына ҧшырай берген соң, сол кезде ержеткен
Ескелді би мен он тҿрт жасқа келген Балпық би елге:
Бҧл жерден кҿшіп, ауалық,
Бос жатқан кең жер табалық, –
деген ақыл беріп, соған орай бҥкіл Жалайыр елі қоныс аударады. Олар ҽуелі
Ақмешітке келіп, ҿздерінің саны кҿп болғандықтан, ол жерге де сыймай, ауа
кҿшіп, Ақтесікке жетіп, ол жер де бос болмаған соң, тағы да кҿшіп,
Қызылқҧмды кезеді. Одан соң екі жыл Қаратауды мекен етеді. Ҿзбек пен
қырғыз қысқан соң ол жерден де кетіп, Сырдариядан ҿтіп, «Теңіз деген жер
бар», – деп, соған қарай жылжиды. Тҿрт ай тоқтаусыз кҿшіп, адам да, мал да
арып-ашып, талып, қиналып, ақыры, Шудың бойына жетеді,
Шудың жері
малға да, егіске де қолайлы болып, ҿзенде балықтың молдығы ырысты еселей
тҥседі. Ең бастысы оңаша жатқан кең жер халыққа жағдайлы қоныс болады.
Бірақ сол жерден жалмауыз шығып, ҽр кҥні кісі жейтін болады (Жырда
ҿзеннің «Шу» деп аталуына жалмауыздан жапа шеккен елдің шулап
жылағаны себепші болғаны айтылады). Жалмауызды он жетіге жаңа шыққан
жас батыр Орақты ҿлтіреді
1
.
Бір қызығы: Орақтының жалмауызды ҿлтіру ҥшін қолданған тҽсілі
хикаялардағы батырлардың жезтырнақты ҿлтіру ҥшін қолданған амалына
ҧқсайды. Егер хикаяларда батыр жезтырнақты алдаусырату ҥшін бҿренені
ҧйықтап жатқан адамға ҧқсатып бҥркеп қойса, Орақты батыр Андабай ҧстаға
тапсырма беріп, ағаштан екі қыздың, екі жігіттің жҽне бір бҽйбішенің мҥсінін
жасатады. Ҧста бҧл мҥсіндерді тірі адамнан ешқандай айырмасы жоқ тҥрге
ендіре безендіріп, киіндіріп, оларды ҥйдің ішіне отырғызып қояды. Соларды
жеу ҥшін келген жалмауызды Орақты атып ҿлтіреді.
Адамның жезтырнақпен кездесуі туралы сюжет ҿте ескі болса да, оны
кҿркем фольклорда пайдалану – ҽдеткі іс. Хикаяларды айтпағанда, мҽселен,
«Ҿтеген батыр» жырында бҧл сюжет ҿте ҽдемі баяндалған
2
.
Ал, енді жырдың тарихқа қатысын сҿз ететін болсақ, мҧнда тарихтан
біршама алшақтық бар екенін байқаймыз. Жыршының айтуынша, «Орақты
батыр» оқиғасы ХVІ ғасырда болған, демек, Орақты батырдың ҿзі де сол
шақта ҿмір сҥрген болып саналады. Жырдағы шындық – Жалайырлардың
Сырдарияны, Шу бойын мекендегені. Бҧл туралы М.Тынышбаев: «Жалайыр
ордасы Темірдің ҿрлеуінің бас кезінде оған қолдау кҿрсетті, бірақ 1370 жылы
ол оның қарсыластары – Дулаттар жаққа ҿтті, сол ҥшін оларды Темір
талқандады жҽне ыдыратты... Біздің Жалайырларымыздың негізгі бҿлігін
Шуманақтар қҧрайды, оларға 1370 жылы Сырманақтардың босқындары келіп
қосылды»
3
, – деп жазады.
Ал, жырдың бас кейіпкері Орақты батыр жырда Ескелді, Балпық
билерден жас болып бейнеленеді. Алайда, зерттеуші О.Исмаиловтың
1
ҼҾИ қолжазба қоры. 237-бума.
2
Бҧл туралы кеңірек қараңыз: Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984.
3
Тынышбаев М. История казахского народа. Алматы, 1998. С.71.
424
айтуынша, Орақты ХV ғасырда туған сияқты.
«Демограф ғалымдардың есебі бойынша – деп
жазады ол, – ҽр ғасырда
ҥш ҧрпақ ҿмір сҥреді. Демек, он жеті ҧрпақ алты ғасырға аздап толмайтын
мҿлшерге келеді. Екінші сҿзбен айтқанда, қазіргі 1998 жылдан алты жҥзге
шамалы ғана толмайтын 578 жылды алып тастайтын болсақ, 1420 жыл
шығады. Шамамен алғанда, бҧл – Ҽлшағырҧлы Орақты батырдың туған
мерзімі»
1
, – ҽрі қарай, О.Исмаилов «Демек, Орақты батырдың бҧдан алты
ғасыр бҧрынырақ ҿмірге келгендігі шындыққа саяды»
2
, – деп қорытады.
Мҧндай ойды жыршы да айтады:
Орақты жайын айтайын:
Тҧрлықожа баласы.
Орақтың тапқан қонысы –
Қаратал, Кҿксу жағасы.
Ҿткеніне олардың
Бес-алты ғасыр шамасы.
Жырда Орақтының ақылшы ағалары ретінде бейнеленетін Ескелді мен
Балпық – Жалайыр руының ХVІІІ ғасырдағы ҧлт-азаттық кҥресінің
қаһармандары ҽрі кҿсемдері. Ал, жыр кейіпкерлерінің бірі – Андабай
ҧстаның да сол екі бидің замандасы болып табылатыны мҽлім. Демек, бҧл
туындыда Жалайыр руының қазақ жерін мекендеген дҽуірінің ҽртҥрлі
уақыттарында
орын алған қонысқа орналасу, атамекенді басқыншылардан
қорғау оқиғалары фольклордағы тарихи тҧтастану мен эпикалық жинақтау
тҽсілі арқылы топтастырылып, Орақтының, Ескелдінің жҽне Балпықтың
саяси кҥрестерімен байланыстырыла баяндалған.
Жырға ел аузында сақталып келген аңыз ҽңгіме негіз болғанын
жыршының ҿзі туынды соңындағы:
Осылай деп айтатын
Халқымыздың білгені.
Ел аузында айтылып,
Ертегі болып жҥргені, –
деген шумақ арқылы сездірген.
Деректерге қарағанда, Қалқа жырға арқау болған оқиғалар туралы
ҽңгімелерді кезінде ҿзінің ҧстазы – Жолбарысҧлы Бақтыбайдан естіген
сияқты.
Классикалық
қаһармандық
эпос
ҥлгілерінде
бас
кейіпкердің
қарсыластары қалмақ, қызылбас, ындыс, т.с.с. тарихи жаулар болып
табылатыны белгілі. Ал, тарихи жырлардың бірқатарында кейіпкерлердің
ҽртҥрлі қҧбыжықтармен арпалысуы да бейнеленген. Мҽселен, «Бердіқожа
батыр», «Ҿтеген батыр» жырларында бас кейіпкерлердің қарсыластары адам
ғана болмай, айдаһар, жезтырнақ секілді мифологиялық кейіпкер болып
1
Исмаилов О. Ҽлем тарихындағы Жалайырлар. Алматы, 1999. 323-б.
2
Сонда, 336-б.
425
келеді.
Осындай ҥрдісті біз «Орақты батыр» жырынан да аңдаймыз. Оған
жоғарыда тоқталған Орақтының жалмауыздарды ҿлтіруі айғақ болады.
Сонымен қатар жырда Орақтының айдаһарды жҽне
Қожа Ахмет Яссауидың
қарғысына ҧшырап, адамнан қҧбыжыққа айналған, бас жағы адам, бҿксе
жағы ит кейпіндегі Ақкҿбік жҽне Қаракҿбік атты жалмауыздарды ҿлтіргені
де суреттеледі. Бҧның сыры сыртқы жаулардың шапқыншылықтарының
салдарынан ел тҽуелсіздігі ең бір кҿкейкесті мҽселе болып тҧрған уақытта ел
қорғаған ерлердің ерліктері туралы жырлар халықтың рухани қуат алатын
кҿзі ретінде сҧранысқа ие болғандығында жатқаны анық. Ал, бертініректе
бейбітшілік орнаған заманда кҿпшілік эпос ҥлгілерін тек ғибраттық,
танымдық қажетін ғана ҿтеу ҥшін емес, кҿңіл кҿтеру ҥшін де
тыңдайтын
болған кезде жыршылар да осыны ескеріп, ҿздері орындайтын туындыларға
сейілдік мақсатта қиял-ғажайып оқиғаларды қосуға бейім тҧратыны
байқалады.
Қазақ эпосы ҥлгілерінен жиі байқалатын қҧбылыстардың бірі – қазақ
халқы жҽне онымен туысқандық немесе тату кҿршілік қарым-қатынаста
болған
халықтардың
арасында
болған
ірілі-ҧсақты
жанжалдарды
қалмақтармен болған ҽскери қақтығыс етіп кҿрсету. «Орақты батыр»
жырында да бас қаһарманның Дҥнген деген қалмақтың ханы мен оның қалың
ҽскерін жалғыз ҿзі тойтарып, ойсырата жеңгені бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: