1 Топографиялық анатомия пәні, мақсаттары, міндеттері


Жүрек пен перикардтың топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервация. 6



бет13/26
Дата10.04.2023
өлшемі1,71 Mb.
#80822
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
49. Жүрек пен перикардтың топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервация. 6
COR-ЖҮРЕК- бұлшық етті мүше, ол қанды венадан артерияға айдап қан айналымды қамтамасыз етеді. Жүректің жоғарыға, артқа бағытталған негізі(basis cordis), алға, төменге және солға бағытталған ұшы(apex cordis) және үш беті бар: алдыңғы(төс-қабырғалық), төменгі(көк еттік) және бүйір(өкпелік).
Жүректің оң жақ (margo dexter), оң қарынша мен оң жүрекшеге сәйкес келеді) және сол жақ(margo sinister)сол қарыншаға сәйкес келеді) жиектері бар.
Жүректің оң және сол құлақшалары жәнеоң жақ,сол жүрекше мен қарыншалары бар.
Жүрекше мен қарынша арасында тәждік жүлге орналасқан, оларды бөліп тұрады. Қарыншалар арасын да жүлге бөліп тұрады. Алдыңғы қарынша аралық жүлге төс-қабырғалық бетінде(диагонал бойынша)сол жақ шекарасында жақын орналасқан және қарынша аралық бөлгішке(перегородка) сәйкес келеді. Артқы қарынша аралық жүлге көк етті бетінде орналасқан.
Голотопиясы: Жүрек(cor)–кеуде қуысында, алдыңғы кеуде аралықта, медиастиналді плевралардың арасында, перикард ішінде орналасқан. Жүректің көп бөлігі(2/3) кеуде қуысының сол жақ бөлігінде, аз бөлігі (1/3) оң жақ бөлігінде орналасқан.
Синтопиясы: Жүрек барлық жағынан жүрекқаппен(перикард) қоршалған.
Жүректің алдыңғы жағына(беті) төс сүйек, артқы жағына артқы кеуде аралық мүшелері, жоғарғы жағына жүректен шығатын және құйатын тамырлар, төменгі жағына көк еттің сіңірлі бөлігі, бүйіріне кеуде аралық өкпе қап(медистеналь.плевра) жанасып орналасқан.
Скелетотопиясы: Клиникада жүрек шекараларын перкуссия арқылы анықтайды
Жүректің салыстырмалы шекарасы:
жоғарғы шекарасы ІІІ қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегіне жүргізілген
көлденең сызыққа тең немесе жүрекшелердің жоғарғы жиектеріне сәйкес келеді;
төменгі шекарасы V қабырға шеміршегінен жүргізілген көлденең сызық, lineae
parasternalis dextra бойынша жүрек ұшына келеді, оң жақ қарыншаға сәйкес келеді.
- оң жақ шекарасы төс сүйектің оң жақ жиегінен 1-1,5 см сыртқары ІІІ қабырға шеміршегімен V қабырға шеміршегінің аралығына сәйкес келеді; оң жақ жүрекшеге сәйкес келеді.
- сол жақ шекарасы lineae parasternalis sinistra бойынша ІІІ қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін келеді; сол жақ қарыншаға сәйкес келеді.
- жүрек ұшы(жүрек түртпесі) сол жақта lineae medioclavicularis sinistra-дан 1-1,5 см ішкері У қабырға аралықта анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет