1 Топографиялық анатомия пәні, мақсаттары, міндеттері


Жүрекқап жүректі қоршап кеуде қуысында орналасқан



бет15/26
Дата10.04.2023
өлшемі1,71 Mb.
#80822
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Жүрекқап жүректі қоршап кеуде қуысында орналасқан.
Жүрекқап жабық сірлі қап, жүректі барлық жағынан қоршап жатады.
Жүрекқап жоғарғы жағынан айрықша безге жанассып жатыр.
Жүрекқаптың төменгі қабырғасы көк еттің сіңірлі бөлігінің ортасымен бірігіп жатыр және ол арқылы төменгі қуысты вена өтеді де, оң жақ жүрекшеге құйылады.
Жүрекқап оң және сол жақтарынан(екі бүйірінен) кеуде аралық өкпеқабына жанасып орналасады және өкпеқаптан борпылдақ клетчатка арқылы бөлініп жатады.
Жүрекқаптың қабырғалық жапырақшасы мен өкпеқаптың арасынан көк ет жүйкесі өтеді.
Жүрекқаптың алдыңғы қабырғасы төс сүйекке және қабырға шеміршектеріне жанасып жатады. Жүрекқаптың алдыңғы бөлігінда өкпеқаппен жабылмаған жері бар, ол жерді төс сүйек алды алаңы немесе Войнич-Смножевский қауіпсіз үш бұрышы деп аталады, ол жиі VI және VII сол жақ қабырғалардың төс сүйекке бекітілетін жеріне сәйкес келеді. Үш бұрыш сыртқы жағынан сол жақ өкпеқап шекарасынан, төменде жүрекқап жиегінен, ішкі жағында-төс сүйектің сол жақ жиегінен түзілген.
Жүрекқаптың артқы қабырғасы артқы кеуде аралық мүшелеріне, оның ішінде өңешке, кеңірдек-бронх лимфалық түйіндерге, кеуделік қолқаға жанасып жатады.
Жүрек қапты(перикард) ашқанда үш ірі тамыр сабауы көрінедіа: оң жақта жоғарғы қуысты вена, ортасында —қолқа, сол жақта — өкпе сабауы
50. Өңештің топографиялық анатомиясы. Қанменқамтамасыз етілуі, иннервация, веноздық және лимфа ағымы. 9
Өңештің- esophageus- 3 бөлімнен тұрады: мойын, кеуде, құрсақ. Өңештің ұзындығы орташа есеппен 25 см. Өңештің бірінші болып тарылған жері бастапқы бөлімінде кеңірдек, ал екіншісі- бифуркациясы тұсында, үшіншісі көкеттен өткен жерінде болады. Бастапқы бөлігі VI мойын омыртқа денесінің төмен қырына сәйкес келеді. Өңештің мойын бөлімінің ұзындығы 4,5-5 см. Төменгі бөлімі төстің мойындырық ойығына дейін жетіп шекараласады.
Өңеште бөгде денелер көбінесе физиологиялық тарылған жерлеріне тұрып қалатын жері төстің мойындырық ойығына сәйкес келетін бөлігі. Ал флегмона өңештің мойын бөлігінің артқы қабырғасында болады.
Өңеш синтопиясы:
Өңеш жүзік тәрізді шеміршектің артыннан басталады, олан әрі мойын бөлімі болып кеңірдек артында жатады. Мойын маңында өңеш ортаңғы сызықтан солға қарай иіледіде кеңірдек-өңеш жүлгесін- sulcus tracheoesophageus- құрайды. Бұл жерде сол жақ қайтарма нпрв және лимфатикалық түйіндер болады. Оң жақтағы аттас нерві кеңірдекьің артындағы өңештің қаптал беткейінде болады.
Өңештің артында бесінші фасция-fascia prevertebralis- астында мойынның ұзын бұлшықеттері болады. Сонымен қатар, төртінші бесінші фасция аралығында май шелі орналасады. Өңештің бастапқы бөлігінде қалқанша безінің төменгі ұшы тиеді. Бұл бездің сол жақ беті өңешті артқы бетіне дейын жетуі мүмкін. Бұл жерде жүзік тәрізді шеміршектен 1,5-2 см ара қашықтықта, өңештің қаптал бетінде, қалқанша бездің төменгі ұшының артқы бөлігіне бағыттпла орналасатын төменгі қалқанша без артериясы болады.
Өңештің сыртында жалпы ұйқы артериялары болады. Өңештің сол жақа қарай орналасқан жеріне аорта доғасы, сол жақ бұғана артериясы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ кезде нерві жақынырақ орналасады.
Қантамыр мен нервтері:
Өңештің мойын бөлігі төменгі қалқанша без артериясы бұтақтарының көмегімен қанмен қамтамасыз етіледі.
Нервтенуіне келер болсақ көмейдің қайтарма нерві арқылы нервтенеді.
Өңештегі лимфа тамырлары төмендегі лимфа түйіндеріне құяды. Өңеш тесілуі кезінде оның жан жағындағы ұлпа қабынуы болады, бұл қайтарма нервтің төменгі көмейлік бұтағының салдануына әкеледі. Нәтижесінде “дауыс қарлығуы” симптомы шығады.
Өңеш тесілуі кезінде болатын көріністер:

  • -мойынды бұрған кезде және жұтыну кезіндегі ауырсыну сезімі

  • - тері астында эмфизема болуы

  • -кейбір науқастарда Горнер симптомының(птоз, миоз, энофтальм) пайда болуы

  • - басты тесілген жақа иген кездегі бұлшықеттердің қорғаныштық жиырылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет