3 Жұмыстың орындалу тәртібі 3.1 Екі коммутаторда VLAN желісін құру 1- суретке сәйкес желіні жинаңыз
1сурет – VLAN-ды ұйымдастыру сызбасы
1. 2950 сериялы коммутаторында VLAN-ды құру үшін конфигурациялау режиміне көшіңіз. Баптау режиміне көшу үшін enable және configure terminal командаларын енгізіңіз, бұл глобалды конфигурациялау режиміне көшу үшін қажет.
2. 2950а коммутаторында үш VLAN құру қажет.
3. VLAN-ды құрып болған соң, show vlan brief командасының көмегімен оларды тексеру керек. Шыққан тізімде сіз құрған VLAN бар екеніне көз жеткізіңіз.
2950a# show vlan brief
4. 2950b коммутаторында да 1-3 пункттерді қайталай отырып, үш VLAN құрыңыз.
3.2 Құрылған VLAN желілеріне коммутатор порттарын меншіктеу (екі коммутаторда да) VLAN желісінде порттарды баптау switchport access vlan командасы арқылы орындалады. Жұмыс топологиясында көрсетілгендей коммутатордың порттарын қажетті VLAN-ға меншіктеңіз.
Мысалы:
2950a#config t 2950a(config)#interface Fast Ethernet 0/2 2950a(config-if)#switchport mode access 2950a(config-if)# switchport access vlan 2 2950a(config-if)#exit 2950a(config)#exit 2950a#
VLAN желісінде әр порттарды меншіктеуді тексеру үшін, show vlan brief командасын енгізіңіз.
3.3 Транктік порттарды баптау 1 Коммутаторлардың арасындағы транктік порттарды барлық VLAN желісінің дестелерін тасымалдауға баптау қажет. Бұл іс-әрекет келесі түрде жүзеге асырылады:
2950a#config t 2950a(config)#interface Fast Ethernet 0/Х 2950a(config-if)#switchport mode trunk 2950a(config-if)# switchport trunk allowed vlan add X1 2950a(config-if)# switchport trunk allowed vlan add X2 2950a(config-if)# switchport trunk allowed vlan add X3 2950a(config-if)#exit 2950a(config)#exit 2950a#
Мұндағы Х1, Х2, Х3 сіздер құрған VLAN нөмірлері.
2 Бір VLAN-да жатқан компьютерлер арасындағы байланысты ping командасын қолдана отырып тексеріңіз.