1 Зертханалық жұмыс. Cisco маршрутизаторымен және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу 4



бет18/20
Дата07.03.2023
өлшемі132,96 Kb.
#72394
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
КЖ зертхана

4 Бақыау сұрақтары
1 VLAN желілері не үшін қажет? Мұндай желілердің сипаттамалары мен ерекшеліктері.
2 Транктік байланыстар қандай рөлді орындайды және бұл байланыстар үшін дестелерді қандай хаттама тегтейді?
3 VTP хаттамасының ерекшеліктері? VTP хаттамасының қандай режимдері бар?
4  VTP хаттамасын коммутаторда қалай баптауға болады? VTP хаттамасының артықшылықтары.
5 VLAN баптау барысында қандай ақаулар болуы мүмкін және оларды қалай іздеу керек?
6 VLAN типтері. Қандай VLAN-дар өздігінен болады және неліктен оларды жоюға болмайды?

7 Зертханалық жұмыс. VLAN арасындағы маршрутизацияны баптау


Жұмыстың мақсаты: әр түрлі мекемелерге ақпараттарды беру үшін коммутатор мен маршрутизатор арасындағы транктік портты баптау.
1 Жұмыс тапсырмасы
1 Коммутатор мен маршрутизатор арасындағы транктік портты баптау.
2 VLAN арасындағы пакеттерді маршруттау үшін маршрутизацияны баптау.
3 Әр түрлі VLAN-да жатқан компьютерлер арасындағы байланысты тексеру
2 Әдістемелік нұсқау
Бір VLAN-ға қосылған құрылғылар тек өзара байланыса алады, сонымен қатар бұл құрылғылар бір коммутаторға немесе әр түрлі коммутаторға қосылулары мүмкін.
Коммутатор әр портын белгілі бір VLAN нөмірімен байланыстырады. Кадрды портқа қабылдаған кезде коммутатор Ethernet кадрына VLAN (VLAN ID – VID) идентификаторын қосады. Ethernet кадрына VLAN идентификаторын қосуды кадрды маркалау деп атайды. Кадрды маркалаудың ең кең таралған стандарты – IEEE 802.1q.
Кейде dot1q деп берілетін 802.1q стандарты Ethernet кадрына 4-байттық белгі өрісін қосуды білдіреді. Бұл белгі жіберуші адресі мен type/length (типі/ұзындығы) өрісі аралығында орналасады.
Желіні VLAN-ға бөлетін болсаңыз, тек бір VLAN-да жатқан құрылғылар ғана бір-бірімен байланыса алады. Бірнеше VLAN арасында байланысты ұйымдастыру үшін 3-деңгейде жұмыс істейтін құрылғы қажет. Мұндай әрекет желі әкімшілігіне бір VLAN-нан басқа VLAN-ға өтетін трафик типтерін жете қадағалауға мүмкіндік береді.
VLAN арасында маршрутизацияны ұйымдастыру үшін интерфейс асты (подынтерфейс) деп аталатын функция қажет. Подынтерфейс бір физикалық интерфейсті бірнеше логикалық арнаға бөлуге мүмкіндік береді. Әр VLAN үшін жеке жол, яғни желіасты тағайындалып бапталады.
Подынтерфейстерді қолдана отырып, VLAN-дардың өзара әрекеттесуі маршрутизаторды да, коммутаторды да баптауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет