Опросы. Я проводила опросы людей на улицах. Как Вы относитесь к хип-хоп
культуре? За: 15 человек. Равнодушны: 8 человек. Против: 6 человек. Из этого
можно подвести итог, что большинство за хип-хоп.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
123
Также, был проведен опрос, считают ли люди, что хип-хоп как-то влияет на
молодежь? Да, положительно: 4. Да, отрицательно: 5. Нет: 3. Вывод: Большинство
считает, что хип-хоп отрицательно влияет на молодежь, а также на их сленг.
Заключение. В данной работе мы постарались раскрыть сущность сленга в
современной лингвистике. Итак, сленг многофункционален. Прежде всего, он дает
иронический эффект – уже по способу словообразования он предназначен именно
для сленга.
За счет уже описанного нами эффекта избыточности, с одной стороны, и за
счет чрезвычайно высокой скорости освоения – с другой. Слово еще воспринимается
как чуждое, инородное сочетание звуков, а уже создает словообразовательное
гнездо, активно склоняется и спрягается. Что касается хип-хоп культуры, то она
состоит из отдельных элементов. Каждый, из которых совершенно отличается от
другого. Это делает хип-хоп культуру богатой и красочной.
СЛОВАРЬ
Афэч – Вечеринка, на которой больше 40 человек. «Не слабый афэч».
База – дом. «Пойдем на базу».
Браза – брат, близкий друг. «Хай, браза».
Бычьё – напряженная личность. «Вон бычьё стоит».
Вазап – (от what's up) – как дела? «Вазап, ман».
Вальнуть – убить, избить. «Его недавно завалили».
Вап – да. «Ты сделал? – Вап».
Вкурить – понимать. «Вкурил тему?»
Граффити
Аутлайн – (от outline) окантовка букв, тени и т. д.
Бомбила – Человек, который портит хорошие стены плохими граффити.
Бит – (от to bite) копировать чей-то стиль.
Биф – (от beef) вражда, проблемы.
Бомба – (от bomb) быстрый рисунок. Рисуется краской, зачастую используется
1-2 (иногда 3) цвета.
Дайм – (от daim style) стиль, разработанный райтером DAIM. Стиль букв в 3D,
рисуется без аутлайна, основной акцент ставится на тени.
Брейк-данс
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
124
Гвоздь – Вертикальный прокрут на голове, ноги вместе.
Глайд – различные варианты лунных дорожек.
Даласал – кручение ног (как уголок, только ноги расширены) вокруг себя.
Дать гвоздя – закрутиться на голове без использования рук.
Түйін
Мақалада әлемнің әртүрлі елдеріндегі хип-хоп мәдениетінің пайда болу,
қалыптасу және даму жолдары қарастырыла отырып, оның адамға тигізетін әсері
талқыға салынған.
Summary
The material is written in logic clear form. The author shows the influence of hip-hop
culture on human. The author use in his work the elements of hip-hop culture in different
countries such as Kazakhstan, Russian, German. He gives comparative characteristic of
this culture in different countries.
ЖИЕНАЙ Дариға Асқарқызы,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының 2 «А» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ШЫНТАЕВА Оразкул Көшекбайқызы,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
ӘЛЕМНІҢ СЕГІЗІНШІ ТАҢҒАЖАЙЫБЫ – «ПИРАМИДА»
Мақсатым: Елордамыздың төрінде тұрған әлемнің сегізінші таңғажайыбын
адамдарға таныстыру.
Міндетім: Астанадағы «Пирамида» арқылы сәулет өнерінің тағы бір
кереметінің қазақ жерінде дүниеге келгенін насихаттау.
Өзектілігі: осы ғылыми жобаны таңдай отырып, жалпы адамдардың білімдерін
молайту, көзқарастарын өзгерту, заманауи сәулет өнерін сипаттау, шетел
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
125
мемлекеттерінің сан алуан ғимараттардан кемшілігі жоқтығын айтып, көрсету.
Соның ішіндегісі Бейбітшілік және келісім сарайы – «Пирамида».
Жұмыс барысы. Жылда жазғы демалыста біз отбасымызбен бірге Елордамыз
– Астанаға барамыз. Әркез мен әлемнің сегізінші таңғажайыбы – «Пирамидаға»
баруды ата-анамнан өтінетінмін. Бейбітшілік және келісім сарайында саяхат
жүргізеді. Саяхат кезінде «Пирамида» жайлы көп мәліметтер айтылады. Астана
туралы мақалалар және «Астана шежіресі» деген кітаптың үзіндісін оқыдым.
Жұмыс барысында Астанада «Пирамиданың» дүниеге келу идеясы,
Бейбітшілік және келісім сарайының сипаты, әлемнің сегізінші таңғажайыбы туралы
шағын зерттеу жүргіздім.
Кіріспе. Тәуелсіздік туы аспанымызда желбіреген күннен бастап, еліміз,
халқымыз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы
болуы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен мақсаттарды алға қойды.
Елбасымыздың көкірегінде қайнап піскен, Елорданы Ақмолаға көшіру туралы
идеясы еш кедергіге, кейбіреулердің күдіктеріне қарамастан іске асып, бүгінгі таңда
ел мақтанышы, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылады.
Астана осы 12 жыл ішінде әлемге танылды және қазақ елін әлемге танытты.
Ондағы зәулім сарайлар мен сәулетті үйлер бір-бірімен үйлесіп, қаланың көркіне
көрік қосып тұрғандай. Осы зәулім сарайларының ең көріктісінің бірі – Бейбітшілік
және келісім сарайы, яғни «Пирамида» деп санаймын. 2003 жылы Елбасының
Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде
көтерген бастамасының жарқын көрінісі ретінде Бейбітшілік және келісім сарайы
дүниеге келген. Көрген халық пішініне қарап, оны «Пирамида» деп атап кеткен.
Жас тәуелсіз мемлекетіміздің бейбітшілік және келісім символы ретінде осы
ғимаратты тіктеп тұрғызу – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы.
Президентіміздің келер ұрпақтарға сыйы және қазіргі заман жастарына да тартуы
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
126
бұл «Пирамида» нені меңзейді, идеясы қандай? Дүние жаралғалы, адам санасы
орныққалы бері, ақылға жеңдіре бастағаннан-ақ, жарық жалғанда пенделердің дұрыс
өмір сүруіне арқау болсын деген ниетпен тұрғызылды.
Пирамиданың биіктігі 62 метр және ені де сондай. Ал ғимараттың өзі жасанды
15 метрлік үйінді үстінде орналасқан. Осы таңғажайып ғимаратты атақты ағылшын
архитекторы Нормен Фостер дүниеге әкелген. Пирамида ішінде 1500 көрерменге
арналған Опера залы, ал сахнаның алдында 80 адамдық оркестрге орын
тағайындалған. Опера залы таға тәріздес болғандықтан оккустика жағына қиындық
болмайды. Зал төбесінен күннің бейнесін тамашалай аласыздар. Бейбітшілік және
келісім сарайының ашылу салтанаты 2006 жылғы 1 қыркүйекте болған. Салтанатты
ашылу мерейтойына әлемдік опералық жұлдыз Монсеррат Кабалье сахнада өнер
көрсетті. Бұл ғимарат Өркениет университеті, Мәдениет мұражайы, болат,
алюминий және көптеген арнайы шыны құрылымдар, бірегей техникалық идеяларға
толы. Шетел мемлекеттерден әкелінген сыйлықтар көздің жауын алады. Әсіресе
маған ұнағаны – бұрын-соңды көрмеген Мысырдың Нифиртити ханшайымының
үлгісі. Панорамалы лифті пішініне қарай қиғаш көтеріледі. Баспалдақпен
көтерілгенде көргенім, бүкіл әлемнен әкелінген жасыл-өсімдіктер террассасы.
Пирамида төбесінен құйылып тұрған жарық ойынына сүйсіне қарауға мүмкіндік
береді. Шыңға жаяу шығуға болады: «Астананың аспалы бақтары» аталатын
толқынды баспалдақтары арқылы жүруге тура келеді.
Ғимараттың ортаңғы бөлігінде – Атриум залы, Бесік залы орналасқан. Ең үлкен
көлемі жағынан Атриум залы. Көлемі – 3069 шаршы метр. Ең жоғарғы қабаты –
Бесік залы. Бұл жер 100 адамға арналған, үстел басына 40 адамдық орын
тағайындалған. Бесік залы заманауи синхрондық аудармашы техникасымен
жабдықталған. Атақты ағылшын суретшісі Брайан Кларк ең жоғарғы қабатын 130
көгершіннің бейнесімен бейнелеген. 130 көгершін дегеніміз ол – 130 ұлттың, қазақ
жерінде тату-тәтті өмір сүруін білдіреді. Өте тамаша көрініс. Ғимарат пирамида
түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ
Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған. Сарай ғимаратының құрылысы
құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған, оның кіре берісі жер астында
орналасқан. Қысқасы, сыртынан да, ішінен де қарағанда көз тоқтатарлық жерлері
бар. Астананын ұлы пирамидасы Есілдің екі жағалауынан да көрінеді. Ал түнде
оның шыңы ішінен жанып тұрады.
Жергілікті және қонақтар атайтындай, бұл – әлемнің сегізінші таңғажайып
кереметі. Тек осы жер ғана барлық әлемдік дәстүрлі діндер өкілдерінің конфессиялар
арасындағы қатынасына қызмет етеді. Бейбітшілік және келісім сарайы, яғни
«Пирамида» – Қазақстан халықтары бірлігіне ескерткіш деп саналады. Әлемде
барлығы уақыттан қорықса, тек уақыт пирамидадан қорқады. Ежелгі мысырлықтар
солай айтқан және өздерінің жұмбақты пирамидаларын тұрғызған перғауындарының
аттары мәңгіге қалған. Пирамида қатты да қырлы болып, бізге мәңгіліктің мызғымас
символы ретінде жеткен. Астана пирамидасына ұқсайтын ғимарат бүкіл әлемде жоқ.
Өз шаңырағының астына, әртүрлі діни дәстүрлерді жинайтын ғимараттар баршылық.
Дегенмен қазақстандық ғибадатхана – «Пирамиданың» олардан өзгешелігі
құрылымдық жағынан бір үлкен алаңның болуы.
Қорытынды. Астанадағы «Пирамиданың» сырт тұлғасы Мысырдағы алып
құрылыстарға ұқсағанымен, оның ішкі мазмұны мен салыну мақсаты тек қана
адамзат бақытына арналған. Британияда 2008 жылы жарық көрген 8 бөлімнен
тұратын «Әлемнің сәулет жауһарлары» атты фильмде Астана туралы да сыр
шертіледі. Бұл Қазақстанның жаңа Елордасына шетелдерде қызығушылықтың
артқанын көрсетеді.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
127
КЕНЖЕБЕК Әдемі, ТЫНЫБЕК Нұрай,
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
мемлекеттік мекемесінің 1 «А» сынып оқушылары, Үшарал қаласы,
Алакөл ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: БАЯНБАЕВА Карлагаш Токташевна,
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, Үшарал қаласы,
Алакөл ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚТЫҢ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ
Аңдатпа. Мен өзімнің шәкірттерім Кенжебек Әдемі, Тыныбек Нұрайдың
ғылыми жұмысын түгелдей оқып, мазмұнымен таныстым. Ғылыми жұмыстың
тақырыбы «Қазақтың баспанасы – киіз үй».
Менің ойымша, Әдемі мен Нұрай өзінің зерттеу жұмысының тақырыбын
толығымен ашып, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындау үшін ізденіс
танытып, өз тақырыбына қатысты көптеген ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып,
қорытындылар, тәжірибелер жасап, дәлелдеген. Негізінен, зерттеу нысаны етіп алған
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
128
еңбектері бойынша ойларын нақты баяндаған. Сондықтан да жұмысты бағалауға
тұрарлық ғылыми еңбек деп есептеймін.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – жергілікті жерлердегі қазақтың қара
шаңырағы болған киіз үй туралы тереңірек зерттеу; киіз үйдің мақсаты туралы
түсінік, қажетіне байланысты игере білуіне тоқтала отырып, киіз үйіміз тек баспана
ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын
құрайтын ғажайып туынды деп, кәсіптік бағдар беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: егер біз осы бабаларымыздан
қалған ең қымбат мұралардың бірі – киіз үйді сол кездегі ата-бабаларымыз сияқты
қастерлеп, оның қасиетін, құдіретін келер ұрпаққа жеткізер болсақ, олардың бойына
рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және патриоттық санасы жоғары
тұлға қалыптастыруға болады.
Зерттеудің теориялық мәнділігі. Киіз үй туралы пікірлерді бастауыш
сыныптар арасында және сынып оқушылары арасында тыңдап, талқылап, баба
мұрасын одан әрі сақтап, қорғауға уәде еттік.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Мектепте еңбек пәнінен үйірмеде ұлдар
арасында киіз үйдің сүйегін, қыздар арасында киіз үйдің жабуларын сәнді етіп
жасауды негізге алды.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: киіз үй туралы тәлімдік,
тәрбиелік көзқарастарға талдау жасалды; киіз үйдің ата-бабаларымыздың өмірінде
алған орнын көрсету; киіз үйдің бөліктері мен түрлері жайында түсінік берілді.
Жұмыстың орындалу әдістері: тарихи деректермен танысу, оларды
жинақтау, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау.
Зерттеу әдістемесі: ақпараттарды жинау, жинақтаған материалдарды қорыту.
Зерттеу кезеңдері: ауылдарды аралап, үлкен кісілермен әңгімелесіп, киіз үйді
бейнетаспаға түсіру; киіз үйлер туралы ғалымдар пікірлерімен, зерттеулерімен
танысу; жиналған материалдарды талдау, қорытындылау, жариялау.
Зерттеу кезеңдері: ғылыми әдебиетті, оның ішінде киіз үйдің жасалу жолдары
туралы мақалаларды жинақтау.
Зерттеу әдістері: ізденіс, әдеби теориялық талдау, салыстырмалы талдау,
жүйелі қорытындылау.
Зерттеу жаңалығы: киіз үйдің адамға пайдасы туралы білу.
Зерттеу нәтижесі: ғылыми жұмысты орындаушы өз жұмысын қорытындылай
келе, киіз үйдің көшіп-қонуға, тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шапшаң тігуге
ыңғайлы екендігі туралы тұжырым жасады.
Теориялық және практикалық маңыздылығы: өзіндік ой қорыту, нақты
тұжырым жасау және зерттеу дағдысын қалыптастыру.
Біздің бұл тақырыпты таңдауымызға себеп болған киіз үй қазақтың тұрағы
құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланады. Әрине,
киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымызбен
мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор
екеніне көз жеткіземіз. Сол себепті біз осы тақырыпты тереңірек біліп, зерттегіміз
келді. Зерттеудегі негізгі алға қойған мақсатымыз ата-бабаларымыз шыр етіп, жарық
дүние есігін ашқанда және сол есікті қайта мәңгіге жапқанына куәсі болған ағаш
баспана – киіз үй туралы достарымызға әңгімелеп, олардың да қызығушылығын
арттырғымыз және бабаларымыздан қалған асыл мұраны қорғап-сақтауға,
қастерлеуге шақыру болды. Ол мақсатымыз жүзеге асты десе де болады. Себебі, осы
жұмысты зерттеу барысында достарымыздың да пайдасы көп тиді. Олар бізге
қолдарынан келгенше өз көмектерін аяған жоқ.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
129
Киіз үй туралы жалпы мағлұмат. Киіз үй – көшпелі халықтардың қысы-жазы
отыратын баспанасы болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шапшаң
тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықты жасалған. Киіз үй біздің заманымыздан VII
ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған.
Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге
жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны
баспана етуді әдетке айналдырған. Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге
жазда ауасы таза, салқын болады. Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз
үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше
өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес,
бұл ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі (жылжымалы)
құрылыс түріне жатады.
Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем
ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық
этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп
отырған. Мысалы, 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі дүниежүзілік
этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таң қалдырып, бәйге алған.
Киіз үйдің сыртқы пішіні, сыртынан шым қабырғалары шеңбер, төбесі
күмбезденіп келеді. Киіз үйдің негізгі қаңқасы кереге, сықырлауық, уық,
шаңырақтан тұрады. Бұларды бір сөзбен киіз үйдің қаңқасы деп атайды. Киіз үйді
тіккенде үй сүйегі бір-бірімен бау-басқұрлар арқылы біріктіріліп таңылады. Оның
ши немесе ақ ши тұтылып, киіз әбзелдер – туырлық, үзік, түндік, киіз есік
жабылады.
Туырлық – кереге іргесінен уықтың орасына дейінгі жерді, үзік – кереге
басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты, түндік – шаңырақты, киіз есік –
сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ
теріден жасалады. Шиыршықтап түріп қоюға ыңғайлы. Көбінесе жел болғанда
немесе салқын түскенде пайдаланылады.
Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы киіздерін бастырып тұру
мақсатында бау-басқұрлар қолданылады. Оларға: басқұр, құр, таңғыш, шалма,
туырлық, үзік және түндік баулар, балақ бау, жел бау, иық бау тағы басқалар
жатады. Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер киіз үйдің
сыртқы пішінін жұмырлай түседі. Бай жиһаздалған киіз үйлерде, қазан-аяқ жаққа
болмаса, ши ұсталмайды. Киіз үйдің сыртқы әбзелдері күн сәулесі мен тамшы
өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірілген шаңқан ақ киізден
пішіп, ою-өрнектермен безендіреді. Пішілген өрнекті жіппен жиектеу, мақпал
немесе шұғадан дөдеге ою бастыру киіз үйге салтанатты сән береді. Киіз үйдің
басқұрлары мен желбаулары да әшекейлі өрнекпен көмкеріліп, түрлі-түсті жіппен
тоқылады.
Киіз үйді тігу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тәжірибесіз адам тіккен
киіз үй бір жағына қисайып немесе уығы ырғып кетеді. Киіз үйді тіккенде ең бірінші
кереге жайып, оның сығанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады, есігін орнатады.
Басқұр таңғыштармен мықтап таңылған шеңбердің үстінен бақанмен шаңырақ
көтеріп, оған уық шаншылады. Он екі, он сегіз қанатты үйлер өте биік болғандықтан,
атты кісі шаңырақты көтеріп тұрғанда, өзге атты кісілер уықты шаншатын болған.
Уықты керегенің басына балақ бау арқылы байлап, бекітеді. Уықтарды шалма
жіппен ортасынан байлап, бір-бірінің арасын жалғастырады. Әрбір уық қаламын
шаңырақ қаламдығына сұғынта кіргізіп, екінші жағын құрмен шалмап шығады.
Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік, киіз есік деп аталатын киізден жасалған
бөлшектермен жабылады да, баумен байлап бекітіледі.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
130
Киіз үйге қазақ үй, қара үй, боз үй деп үшке бөлінеді. Оның себебі – батысы
мен шығысы, түстігі мен терістігі мыңдаған шақырымға созылған қазақ жерінің
географиялық жағдайы киіз үйдің сырт пішіні мен жасалу технологиясына да
аздаған өзгешеліктер енгізген. Себебі жыл мезгілдеріндегі ауа райының өзгеруінен
бөлек оңтүстік және шығыс аймақтар жылы болғандықтан ол жерлердегі киіз
үйлердің сыртқы қабаттары жұқалау, ал, солтүстік және батыс аймақтарда ауа райы
салқын болатын болғандықтан ондағы киіз үйлердің де сыртқы қабаттары жылы
жақтағы ағаш үйлерден гөрі қалың болып жабылатын болған.
Жалпы киіз үйдің үлкен-кішілігін санына қарай белгілейді. Киіз үйдің екі, үш,
он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Киіз үй керегесінің басы 70-80-
нен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйі сегіз қанаттан бастап отыз
қанатқа дейін баратын өте үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріліп,
әшекейленген. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа
шаруаларға тән алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа, жолым
үй, көтерме туырлықты деп атаған.
Қазақтың киіз үйі өзінің мәдени тұрмыстық, шаруашылық жағдайына
байланысты негізінен үш түрге бөлінген: 1) жазда тұруға арналған киіз үй; 2) мереке
жиын кезінде немесе қадірлі қонақты күтіп алатын киіз үй; 3) жорық кезінде тігетін
киіз үй. Бұдан басқа негізгі үйден бөлек асханаға, қоймаға, сарайға арналған киіз
үйдің түрлері болған.
Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін жорық үй деп атаған. Бұл
үйді арба үстіне шағын етіп орналастыратын болған. Сондай-ақ, құрым киізден,
қамыстан, шиден шағын үйлер де салынатын болған. Мұндай үйшіктер көбінесе
жаугершілікте, майдан шебіндегі далаға жауын-шашыннан қорғану үшін тігілген.
Молшылық пен сәттіліктің белгісі болып есептелген киіз үйдің үлгісі – ақ боз
үй деп аталады. Бұндай үйлер негізінен ақ, боз киіздермен жабылатын болған. Ақ
боз үйдің өзімен қатар тігілетін қосалқысы – қараша үй деп аталады. Оны асхана
ретінде пайдаланатын болған. Ақ боз үймен салыстырғанда көлемі кішілеу, төрт
қанатты, уығы қысқа тікелеу болғандықтан, бойы аласалау келеді. Көбінесе қоңыр
киізбен жабылатын болғандықтан, қараша үй деп аталған. Сонымен қатар қазіргі
кезде кей жерлерде киіз үйді қара үй деп те атайды. Меніңше, қара үй деп адам
қайтыс болған жағдайда арнайы үй тігіп, сүйегін сонда қойып, сол үйден ақыретке
аттандыратын болған. Сондықтан «қара үй» деп аталады деп ойлаймын.
Қазақ киіз үйдің шоқтығы саналатын, құрастырылып-ажыратылатын киіз
жабынды тұрғын жайдың аса сыйымды түрін «Орда» деп атаған. Бұл ел билеген хан
мен сұлтандар үшін көпшіліктің қатысуымен салтанатты, рәсімді жиындар өткізіліп
тұруға, елшілер мен құрметті қонақтар қабылдауға, келіссөз жүргізуге, шартқа қол
қоюға ыңғайластырған киіз үй.
Достарыңызбен бөлісу: |