№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата06.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7957
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

НҰРМАНОВА Анель Нұрманқызы, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебінің 4 «Б» сынып оқушысы
Қызылорда қаласы, Қызылода облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: САҒИТЖАНОВА Эльзира Нағашыбайқызы, 
Қызылода облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
     
 
 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР 
 
Аңдатпа. Ұлы Отан соғысына қатысқан қызылордалық майдангерлер мен тыл 
еңбеккерлер  тарихы  баяндалады.  Кіріспе  бөлімінде  Сталинград  және  Ленинград 
майданына  қатысушы  қызылордалық  жауынгерлер  тарихы  қамтылып,  негізгі 
бөлімде  Сталинград  және  Ленинград  майданынының  тарихы,  қызылордалық 
майдангерлер ерліктері, майданнан келген хаттар мен тыл еңбеккерлерінің еңбектері 
туралы жазылса, қорытындыда Ұлы Жеңіс тарихының маңыздылығы айтылады. 
Кіріспе.  Тақырыптың  өзектілігі.  Фашистік  Германия  кенеттен  бастаған 
қанқұйлы  соғыс  бүкіл  еліміздің  тыныштығын  бұзды.  Жазықсыз  жандардың  өмірін 
қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді жермен жексен етіп, әр отбасының өміріне 
жазылмас  жараның  ізін  қалдырған  Ұлы  Отан  соғысы  тарихтың  қасіретті  беті  ғана 
емес,  сонымен  қатар  ол  халқымыздың  теңдесі  жоқ  ерлігі  мен  қажыр-қайратының, 
бірлігінің дәлелі. 
Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  да  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 
патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  Қазақ  ел  басына  күн  туғанда 
жалғыз  жанын  шүберекке  түйіп,  туған  жер  үшін  қорқу  деген  сезімді  жүрегінен 
жұлып алып тастаған ержүрек халық. 
Соғыстың  алғашқы  айларының  өзінде  майдан  даласында  соғысқан  8119 
жауынгер ерліктеріне лайық үкімет ордендері мен медальдарына ие болды.  500-ден 
аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ кеңес батыры атағын алды. Еңбек даласында 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
140 
жұмыс  істеген  әйелдер,  жасөспірімдер  мен  қарттардың  ерен  еңбектері  жеңіс  күнін 
жақындата түсті. 
1941-1945 жылдардағы соғыста бүкіл қазақстандықтармен бірге қызылордалық 
жауынгерлер де Отанға берген антын адал орындай отырып, ел басына түскен сын 
сағатта  өз  борыштарын  абыроймен  атқарып,  алдыңғы  саптан  табылды.  Облыс 
бойынша  майданға  150  мың  ер-азамат  аттанған  болса,  олардың  30  мыңы  елге 
оралмады.  Отан  үшін  жанын  қиған  боздақтардың  есімі  халықтың  жадында  мәңгі 
сақталады. 
Мәліметтерге  сүйенсек,  соғыс  кезінде  майдандағы  ерліктері  үшін  20  мыңнан 
астам  қызылордалық  жауынгерлер  КСРО  орден,  медальдармен  марапатталса,  Отан 
соғысы  майдандарында  көрсеткен  ерліктері  мен  қаһармандықтары  үшін  22 
қызылордалық  Кеңес  Одағының  Батыры  атағына  ие  болды.  Хабарсыз  кеткен 
арыстарымыз  қаншама?  Кейбір  майдангерлер  туралы  зерттелмей  жатқан  деректер 
қаншама? 
Бүгінгі  таңда  облыс  бойынша  көзі  тірі  небәрі  94  ардагеріміз  Жеңістің  70 
жылдығын асыға күтуде. Біз олардан туған халқына ақырғы деміне дейін қалтқысыз 
қызмет етуді үйренеміз. Уақыт алға жылжып, күн өткен сайын бұл ерліктің шоқтығы 
биіктеп, бағасы артары, тағлым-тәрбиесі мен мағынасы мейлінше тереңдеп, даралана 
түсері  сөзсіз.  Біздің  олардың  ерліктері  мен  еңбектерін  ұмытуға  қақымыз  жоқ. 
Сондықтан елімізге тыныштық әкелген күн мен Жеңіс қамалын тұрғызған жауынгер 
бабалар есімі ешқашан ұмытылмайды. 
Осыған  орай,  жобада  көрсетілетін  деректер  мен  мәліметтер  облысымыздың 
тарихын 
танытатын 
облыстық 
тарихи-өлкетану 
музейінің 
қоры 
мен 
экспозициясында  сақталған  әкелеріміздің  суреттегі  бейнелері  мен  жеке  құжаттары, 
соғыс  кезінде  оларға  берілген  ордендер  мен  медальдар,  мадақтамалар,  мәліметтер 
мен құжаттардан алынды. Осы орайда, облыс бойынша майданға аттанған жауынгер 
аталарымыз, олардың ерліктері мен еңбектері туралы зерттеу өте маңызды. 
Тақырыптың  зерттелу  деңгейі.  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  жауынгерлер 
туралы  толыққанды  зерттеген  жергілікті  ғалымдар  болды.  Атап  айтсақ,  Күлпаш 
Ілиясова,  Әбжәми  Байшуақов,  Абылай  Айдосов,  Ыдырыс  Қалиев,  Есенгелді 
Шілдебаев.  Осы  еңбектерде  Қызылорда  жерінен  Отанды  қорғауда  ерен  ерлік 
көрсетіп,  Отан  үшін  от  кешкендер  мен  тылда  еңбек  еткен  жерлестеріміз  жайлы 
баяндалады.  Алайда,  майдангерлер  мен  тыл  еңбеккерлерінің  жеңістері  әлі  де 
толыққанды зерттеуді қажет етеді. 
Мерзімдік  шеңбері.  1941-1945  жылдар  аралығындағы  Ұлы  Отан  соғысына 
қатысушы қызылордалық майдангерлер және тыл ардагерлерінің соғыстағы тарихы 
қамтылады. 
Сталинград  майданындағы  қызылордалықтар.  Сталинград  шайқасы  – 
тарихта  таңбасы  қалған  ұрыс.  1942  жылдың  28-30  маусым  аралығында  фашистер 
оңтүстік-батыс бағытта кең көлемді шабуылға шыкты. Жау бұл максатта біраз алға 
жылжып,  Дон  өзеніне  жетті.  Сөйтіп,  Сталинград  пен  Солтүстік  Кавказға  зор  қауіп 
төнді [3]. 
Міне, осы күннен бастап, дивизия жауынгерлері үшін Сталинград үшін шайқас 
басталды.  Кез  келген  әдіспен  неміс-фашист  әскерлерінің  алға  жылжуын  тоқтату 
керектігі  атап  көрсетілді.  Әрбір  жауынгерді  жаумен  шайқаста  бір  тамшы  қаны 
қалғанша  күресуге,  әр  қала,  әр  село  үшін  ұрыста  батырлықтың,  қаһармандықтың 
үлгісін  көрсетуге  шақырды.  Көп  ұлтты  кеңес  мемлекеті  халықтарының  ұлдары 
тығыз  топтасқан  жауынгерлік  сапта  Сталинградты  ерлікпен,  жауға  деген  ашу-
ызамен  бір  кісідей  қорғады  [3].  Сталинградты  қорғауға  жер-жерде  дивизиялар 
құрылып, майданға аттанып жатты. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
141 
Сталинград  майданына  қызылордалықтар  да  қатысып,  ерлік  көрсетті. 
Қызылорда  облысы,  Тереңөзек  ауданы,  «Қызыл  Коммуна»  ұжымшарының  тумасы 
Нағи Ілиясов та бар еді. Нағи Ілиясов Мәскеуді, Сталинградты қорғауға, Элистаны, 
Ростовты,  Донбассты  азат  етуге  қатысты.  Қазақ  халқының  адал  ұлы  Нағи  Ілиясов 
әрбір  ұрыстағы  ерлігі  мен  батырлығы,  Дунай  өзенінен  өтердегі  тапқырлығы  үшін 
КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  1945  жылғы  24  наурыздағы  Жарлығымен 
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин  ордені мен  «Алтын  жұлдыз»  медалі 
қоса тапсырылды. Әскер қатарына алынған бойда ол Сталинград майданына түседі. 
152  атқыштар  бригадасының  жеке  артиллерия  дивизионының  барлаушысы  ретінде 
Халкута поселкасы маңында ұрысқа кірді. 1945 жылы Мәскеуде Қызыл алаңда өткен 
Жеңіс  парадына  қатысты.  Соғыстан  кейін  елге  аман-есен  оралған  ол  туған  жерде 
жауапты  қызметтер  атқарды.  Қазіргі  таңда  бұрынғы  Қазақ  КСР-нің  50  жылдығы 
атындағы  ауыл  сол  кісінің  атымен  аталады.  Венгрияның  қаласы  Будапеште  оның 
есімімен аталған көше бар [5]. 
Сталинград  шайқасына  үлес  қосқан  тағы  бір  майдангеріміз  –  Георгий 
Никитович  Ковтунов.  Барлық  ұрыста  ерлік  көрсету  арқылы  Отанды  қорғауға 
қатысқан.  Осындай  ерліктері  үшін  жауынгерлік  Қызыл  Ту,  Бірінші  дәрежелі 
Александр  Невский  орденімен,  «Сталинградты  қорғағаны  үшін»  медалімен 
марапатталған. Ол Батыс Двина өзенінен өту кезіндегі жанқиярлық батырлығы үшін 
Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды [4]. 
Қызылорда  облысы,  Тереңөзек  ауданы,  Шіркейлі  ауылының  азаматы 
Нұрсейітов Жаппасбай Сталинград майданындағы ұрыста бір өзі 35 фашистің көзін 
жойып,  гранатамен  жаудың  жылдам  атылатын  пушкасын  қиратты.  Ешқандай 
сескенуді  білмейтін  жауынгер  үш  тәулік  бойы  дұшпанның  13  рет  қайта  жасаған 
шабуылына тойтарыс беруге қатысып, 150 гитлершілердің көзін құртты. 
2  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  Киев,  Харьков  қалаларын,  Румыния, 
Венгрияны  жаудан  азат  етуге  қатысты.  1944  жылы  жерлестері  ақша  жинап,  оның 
атындағы сүңгуір кеме жасатады. Қазір бұл кеменің қалдықтары Ресейдің Мурманск 
қаласындағы  Солтүстік  флоттың  әскери-теңіз  музейінде  сақтаулы.  Соғыстан  кейін 
Өзбекстан,  Тәжікстанда  әртүрлі  қызметтер  атқарып,  еңбек  демалысына  шығады. 
1995  жылы  28  сәуірде  «Қызылорда  қаласының  құрметті  азаматы»  атағы  берілді. 
Бірнеше  орден,  медальдармен  марапатталған,  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын 
алған. 
Қызылорда  облысы,  Қазалы  ауданында  дүниеге  келген  Геннадий  Шляпин  өзі 
басқаратын 196 гвардиялық атқыштар полкімен қанқұйлы соғыста жаудың талай рет 
бетін  қайтарып,  батыл  шабуылдар  жасаған.  Жаужүрек  батырлығына  орай  «Ерлігі 
үшін»,  «Сталинградты  қорғағаны  үшін»  медалімен  наградталды.  КСРО  Жоғарғы 
Кеңесі  Президиумының  1944  жылғы  22  маусымдағы  Жарлығымен  генерал-майор 
Г.Ф. Шляпинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді [4]. 
Сталинградты  қорғауда  барлық  күш-жігерін  жұмсай  отырып,  Отанға 
қалтқысыз  қызмет  еткендердің  бірі  –  Кеңес  Одағының  Батыры  Жәлел  Қизатов.  Ол 
Ұлы  Отан  соғысына  бастан  аяқ  қатысқан.  Одесса,  Қырым,  Керчь,  Украинаны 
қорғауда  асқан  ерлігімен  көзге  түскен.  Сондай-ақ,  Еуропаны  азат  етуге  қатысып, 
соғысты  майор  дәрежесінде  аяқтаған.  1944  жылы  Днепр  өзені  үшін  болған 
шайқастағы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан аман-
сау оралған соң ол облыс экономикасын дамытуға атсалысты. 
Қызылорда  облысы,  Қазалы  ауданында  дүниеге  келген  Яков  Данилович 
Михайлюк  соғыс  басталысымен-ақ,  авиация  мектебінде  оқыған  ол  Мәскеу, 
Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысқан. Курс, Орел, Берлиндегі әуе ұрыстарына 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
142 
қатысып,  жеке  өзі  жаудың  26  ұшағын  атып  түсірген.  17  жауынгерлік  орден, 
медальдармен марапатталған [5]. 
Ленинград  майданындағы  қызылордалықтар.  Екінші  дүниежүзілік 
соғыстың  тарихында  Ленинград  қаласының  900  күн  мен  түн  неміс-фашист 
басқыншыларының  құрсауында  болғандығы,  блокадада  қалғандардың  жанқиялық 
күресі, қаһармандық ерлігі мен ерен еңбегі мәңгіге өшпестей етіп жазылған. 
Қазақстаннан  барған  әскерлердің  30%-дан  астамы  Ленинград  түбіндегі 
шайқасқа қатысты. Жерлесіміз қызылордалық Дүйсенбай Шыныбеков де Ленинград 
түбінде ерекше ерлік көрсетті. 
Ленинград  қаласын  азат  етуде  аянбай  күрескен  қызылордалық  асыл 
арысымыздың  бірі  –  Кәкім  Әбдіқадыров.  Ол  соғыстың  басынан  аяғына  дейін 
қатысып, Ленинград қаласын қорғауда көзсіз ерлік көрсетті. Осы жерде екі рет ауыр 
жарақат  алды.  Осындай  ерліктері  үшін  бірнеше  медальдармен  марапатталып,  4  рет 
Жоғарғы Бас қолбасшыдан алғыс алған, үш мәрте «Даңқ» орденінің иегері атамызды 
қазіргі ұрпақ, бүкіл еліміз мақтан тұтады [3]. 
Ленинград қаласын қорғауда ерліктің үлгісін көрсеткен қызылордалық азамат – 
Иван  Григорьевич  Подольцев.  1930  жылы  өз  еркімен  Қызыл  Армия  қатарында 
қызмет  етті.  Кейін  соғысқа  өз  еркімен  аттана  отырып,  Ленинград  майданында 
жаумен бетпе-бет шайқасқан. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткені үшін ол «Отан 
соғысы»  Қызыл  Жұлдыз  ордендерімен,  «Ерлігі  үшін»  медалімен  марапатталған. 
КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  1945  жылғы  24  наурыздағы  Жарлығымен 
оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. 
Ата-анасымен қош айтысып, соғысқа аттанған Тәкей Есетов бірден Ленинград 
блокадасына  түседі.  Нағыз  өрттің  ортасында  қолына  қару  алып,  фашистермен 
күреседі.  Тихтин  қаласында,  Ладого  көлінің  жағасындағы  Синявино  деген  жерде 
жойқын  соғыс  кезінде  көп  жауынгерлеріміз  қаза  болады.  Сол  шайқаста  басынан 
ауыр жарақат алған Т. Есетов Вологда қаласындағы госпитальға жеткізіледі. Сонда 
ұзақ уақыт емделіп, соғысқа жарамайтындығына байланысты медбикенің көмегімен 
елге оралады. Туған жерге келген соң ол басшылық қызметтер атқарады. 
Жерлесіміз,  ауыр  артиллерия  дивизионының  командирі,  лейтенант  Қасымбек 
Ыбыраев  –  1942  жылы  армия  қатарына  шақырылып,  Ленинград  шайқасына 
қатысқан. Жауынгерлерді ауыр зеңбіректерді игеруге күні-түні үйреткен. Ленинград 
түбіндегі  жеңістің  туын  желбіреткен.  Ыбыраев  Қасымбектің  тікелей  басқаруымен 
Ростов,  Таганрог  қалалары  жаудан  азат  етілген.  Отан  соғысында  көрсеткен  ерлігі 
үшін  бірнеше  орден,  медальдармен  марапатталған.  Жоғарғы  қолбасшының  8  рет 
алғысына ие болған. 
Қызылорда  облысы,  Сырдария  ауданы,  Комсомол  қыстағының  азаматы 
Бекмағанбет  Әбдіраимов  әскер  қатарына  1940  жылы  шақырылып,  №167  атқыштар 
полкінде  қатардағы  атқыш  болады.  1943  жылдан  №205  Балтық  флотының 
артиллерия  дивизиясында  пулеметші  болып  қызмет  атқарады.  Ұлы  Отан  соғысы 
майданында  асқан  ерліктерімен  көзге  түседі.  Сондай  еңбектері  бағаланып,  ол 
бірнеше  рет  «Ерлігі  үшін»,  «Ленинградты  алғаны  үшін»,  «Германияны  жеңгені 
үшін»  медальдарымен  марапатталады.  Ленинград  қаласын  қорғауда  асқан  ерлік 
көрсетеді [3]. 
1941  жылы  қыркүйекте  қазақтың  ұлы  ақыны  Жамбыл  Жабаевтың 
ленинградтықтарға  арнап  жазған  «Ленинградтық  өренім»  жыры  фашистердің 
қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді. 
Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі.  Биылғы жылы 
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, тарих өз дегенін алуда. Сол жеңіске 
жарты ғасырдан астам уақыт өтіп, ел жаңарып, өзгерістер болып жатыр. Алайда, бұл 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
143 
жеңістің  құндылығы  қанша  уақыт  өтсе  де,  өзінің  мәнін  жояр  емес,  тарихта  мәңгі 
қалады. 
Еуропаға фашистік басқыншылардан азат етуде өзіміздің Сыр елінің азаматы, 
Совет  Одағының  батыры  Әнуар  Әбуталіпов  те  болды.  Бұл  кісі  Сыр  еліндегі  Совет 
Одағының  Батыры  атағын  алған  батырдың  бірі.  Соғыстағы  ерлігі  үшін  Әнуар 
Әбутәліпов  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  1945  жылғы  24-ші  наурыздағы  Жарлығымен 
Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  иеленді.  Неміс  басқыншыларынан  Венгрия, 
Чехословакия, Румыния, Австрия жерін азат етті. Әнуар Әбутәліпов соғыстан соңғы 
бейбіт  өмірде  де  ерен  еңбек  иесі  екендігін  талай  рет  дәлелдеді.  Сан-салалы 
шаруашылыққа  етене  араласып,  Ленин  орденін  кеудесіне  қадады.  «Түгіскен» 
кеңшарында 1984 жылға дейін күрішші болып еңбек етті, зейнеткерлікке шықты. 
1942  жылы  армия  қатарына  шақырылған  Байшуақов  Әбжәми  Югославияны 
азат  етуге  қатысты.  Германиядағы  Кеңес  әскері  құрамында  болды.  Соғыс 
жылдарындағы  «Ерлігі  үшін»,  «Қызыл  жұлдыз»,  I  және  II  дәрежелі  Отан  соғысы 
ордендерімен  және  ондаған  жауынгерлік  медальдармен  марапатталған.  Еуропаны 
азат етуде 1946 жылдың қарашасына дейін қалтқысыз қызмет атқарған. 
1943 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылған Өсербаев Базарбек артиллерия 
батареясының  командирі  болып,  қанқұйлы  жауға  оқ  атуға  басшылық  жасады. 
Ингулек өзенінен  өтуде, Польшадағы Кобель қаласындағы ұрыстарда, Бранденбург 
провинциясы  мен  Берлинді  жаудан  азат  етуде  және  майданның  басқа  бөліктерінде 
жүргізілген ұрыстарда ерекше ерлігімен көзге түсті.  «Қызыл Жұлдыз» орденімен,  I 
және  II  дәрежелі  Ұлы  Отан  соғысы  ордендерімен,  «Варшаваны  азат  еткені  үшін», 
«Берлинді алғаны үшін»,  «Германияны жеңгені үшін» жауынгерлік медальдарымен 
марапатталған. 
Кеңес Одағының Батыры, жауынгер Нұрсейітов Жаппасбай соғыс жылдарында 
Киев,  Харьков  қалаларын,  Румыния,  Венгрияны  жаудан  азат  етуге  қатысты. 
Соғыстан  кейін  Өзбекстан,  Тәжікстанда  әртүрлі  қызметтер  атқарып,  еңбек 
демалысына  шығады.  1995  жылы  28  сәуірде  «Қызылорда  қаласының  құрметті 
азаматы» атағы берілді. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған [5]. 
Қызылордалық  ардагер,  полковник,  соғыста  11  орден,  17  медаль  иегері, 
жерлесіміз  Сүлеймен  Сейітов  1941  жылдың  4  желтоқсанында  майданға  өз  еркімен 
аттанғандардың бірі. Ол Ржев, Смоленск, Тула, Могилев, Ворошиловград қалаларын 
азат етуге қатысқан. 
Совет әскері 1945 жылы Берлинді алған соң әкесінің сол кездегі Чехословакия 
астанасы Прага қаласында қалып, елге 1947 жылы оралған. Соғыстан кейін «Ленин 
жолы»  облыстық  газетін  басқарып,  кейін  1951-1954  жылдары  Мәскеудегі  жоғары 
партия  мектебінде  оқыған.  1954-1961  жылдары  Ақмола  облыстық  «Есіл  правдасы» 
газетінің  редакторы  болған  Сүлеймен  Сейітов  1975  жылы  зейнетке  шығып,  туған 
жері Қызылордаға қайтқан. 
Неміс  фашистеріне  қарсы  күрескен  бір  қанша  қазақ  азаматтары  шет 
мемлекеттерде қалып қойған. Атап айтқанда, германиялық Каби Сумердің мәліметі 
бойынша  Батыс  Еуропада  қазақтардың  1600  отбасы  тұрады.  Бір  ғана  Мюньхен 
қаласында  40  отбасы  тұрады,  осындай  себептермен  шет  елде  жүрген  қазақ 
азаматтарының  ендігі  арманы-жас  ұрпақты,  ұл-қыздарымызды  ата-мекенге 
табыстыру.  Біз  жарықта  жүрсек  те,  жүрегіміз  туған  жерде  деп  өздерінің  туған 
жеріне,  ата-мекенге  келгісі  келетінін  айтады.  Екінші  дүние  жүзілік  соғыстың 
зардабын  қандай  және  оның  күні  бүгінге  дейін  жаңғырып  келе  жатқан  жағымсыз 
жақтары неден басталады деген сауал әркімді мазалайтыны анық. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
144 
Соғысқа  қатысқандар,  соның  ішінде  тікелей  майданға  500  мың  қазақ  азаматы 
аттанған,  соның  350  мың  азаматы,  яғни  70%-ы  соғыста  қазаға  ұшыраған,  осыдан 
соғыстың қазақ халқына қаншама зардабын тигізгенін көруге болады. 
Белгілі  ағылшын  тарихшысы  Александр  Верт  өзінің  «Ресей  1941-1945 
жылдағы соғыста» деген кітабында: «Қызыл армияның табанды солдаттарының бірі 
қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағында 
көрсете  білді.  Тіпті  Сталинградтың  өзінде  ең  өжет  солдаттар  қатарында  қазақтар 
тұрды», - дегенді айтты [3]. 
Соғыс  жылдарындағы  қызылордалық  тыл  еңбеккерлері.  Соғыста 
жауынгерлер  күн-түн  демей  жаумен  шайқасса,  елде  қалған  азаматтар  тыл 
жұмыстарын  ұйымдастыруда,  майданға  қаржы  жинауда  қыруар  істер  тындырып 
жатты. Майданға ерікті түрде көмек көрсету майдан мен тылдың арасын жақындата 
түсті.  Майданға  жылы  киім  жинау,  майдан  қорын  жасау,  майданға  арнайы 
сыйлықтар,  сәлемдемелер  жіберу,  заемға  қазылу,  ақшалай  жәрдем  беру  секілді  әр 
түрлі көмектер көрсетілді. 
Қызылорда  паровоз  депосының  жұмысшы,  қызметкерлері  соғыстың  басынан 
бастап қорғаныс қорына соғыс біткенге дейін бір күнгі жалақыларын беріп отыруға 
шешім қабылдады. Бұл бастаманы облыстық дәріхана басқармасының және Жосалы 
паровоз  депосының  ұжымдары  қолдады.  Майданға  көмек  көрсету  жөніндегі 
бастамаға  үн  қосқан  Қ.  Баймағанбетов,  Ш.  Қоянов,  Қ.  Пірімов,  Ы.  Жақаев,  К. 
Дүйсенбаев,  Ким  Ман  Сам,  Қ.  Ділімбетов  сынды  облыс  колхозшылары  болды. 
Мұнымен  қатар  облыс  еңбекшілері  мен  мектеп  оқушылары  жинаған  қаржыға 
«Қызылорда колхозшысы» атты танк колоннасы, «Жаппасбай Нұрсейітов» атындағы 
сүңгуір қайық сияқты техникалар іске қосылды [3]. 
Арал  қаласы  комсомолдарының  бастамасы  бойынша  1942  жылы  21  қазанда 
самолеттер  мен  истрибительдер  эскадрилиясын  құруға  қаржы  жинай  бастады. 
Осының  нәтижесінде  комсомолдар  мен  жастар  авиаэскадрилияға  1  миллион  сом 
жинап  берді.  Отанға  деген  патриоттық  қимылдары  үшін  қызылордалықтар  соғыс 
кезінде Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінен 11 рет алғыс жариялаған жеделхат алды. 
Осындай  алғыс  жеделхатты  Кеңес  Одағының  батыры  Мәлік  Ғабдуллин  атындағы 
танк жасауға 100 мың сом жіберген Шиелі ауданының мұғалімдері мен оқушылары 
да  алды.  Бұлардан  бөлек  өнеркәсіп  өнімдері,  қосалқы  бөлшектер,  құрылыс 
материалдары,  киімдер,  ауылшаруашылығы  техникасы,  дәрігерлік  жабдықтар 
жөнелтілді.  1942  жылдың  маусым  айына  дейін  тек  қана  қоршаудағы  Ленинград 
қаласына 81 тонна азық-түлік жөнелтілді. Мұның 10 тоннасы ет, 36 тоннасы күріш, 2 
тоннасы бидай, 34 тоннасы балық болды. 
Осындай Отанға адал қызмет еткен азаматтардың бірі Қазалы ауданы, Қызылту 
колхозының  төрағасы  Қашақбай  Пірімов.  Өз  дәуірінің  алға  қойған  міндеттерін 
орындауда  табандылық,  жігерлілік,  қабілеттілік  таныта  білген  Қашақбай  Пірімов 
«Қазақстан колхозшысы» танк колоннасын жасауға қаржы жинау барысында өзінің 
еңбекпен тапқан қаржысынан 100 мың сом қаржылай көмек беріп, замандастарына 
үлгі болды [5]. 
Майданға  жыл  сайын  көбейе  түскен  заемға  жазылу  да  көп  көмек  болды. 
Мемелекеттік  заемға  жазылу  4  жылда  150  миллионнан  асып  түсті.  Кейбір  жеке 
адамдар  көптеп  жазылды.  Жалағаш  ауданындағы  «Қызыл  Ту»  колхозы 
басқармасының  төрағасы  Әйімбетов  100  мың  сомға,  осы  колхоздың  ферма 
меңгерушісі  Қожанов  70  мыңға,  колхозшы  Өксікбаев  50  мың  сомға  жазылды. 
Сонымен қатар, ақшалай-заттай лотерея ойнату да оңтайлы жүрді. Осылардың бәрі 
майдан  мен  тылдың  тығыз  байланыста  болып,  бәрі  жауды  жеңуге  бағытталып 
жатқанын айқындайтын еді. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
145 
Майдандардағы  жеңіске  тыл  еңбеккерлерінің  қосқан  үлесі  зор.  Соғыс 
жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге 
тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. Тылдағы еңбекшілер 
жоғарыдан  берілген  жоспарды  орындау  барысында  күні-түні  еңбек  етті.  Соғыстың 
бірінші  жылы  мемлекетке  100  млн.  пұт  астық  тапсырылды.  Әрбір  шаруа  2-3 
адамның  жұмысын  атқарды.  Әйелдер  де  күні-түні  жұмыс  істеп,  колхоз  жұмысын 
белсене атқарды. 
Шиелі  ауданы,  «Авангард»  колхозының  даңқын  шығарған  күріш  егуші  Ким 
Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 
1  га-дан  172  ц  күріш  өнімін  алып  әлемдік  рекорд  жасады.  Астық  өнімі  үшін  алған 
106 000 сомды Ы. Жақаев қорғаныс майданына жіберді. 
Майданға  халық  материалдық  және  рухани  көмек  берді.  Жауынгерлерді, 
халықты рухтандырған Р. Бағланова, Ж. Жабаев, К. Байсейітова майдан шептерінде 
болды.  Соғыс  жылдарында  жерлестеріміз  Б.  Қосаев,  Т.  Сегізов,  Б.  Мәменов,  Қ. 
Пірімов  жеңіс  үшін  тылда  ерен  еңбек  етті.  Ы.  Жақаев,  Қ.  Пірімов  жіберген  қару-
жарақтар жауға жай отындай тиді [5]. 
Майданға  көмектесудің  ең  бір  маңызды  саласы  Қызыл  Армияға  жылы  киім 
жинау  жұмысы  болатын.  Еңбекшілер  тон,  тоқыма  шалбар,  күпі,  байпақ,  қолғап, 
шұлғау, бас киім, көрпе жинап майданға жіберіп отырды. Сонымен қатар олар ақша, 
облигация,  күміс,  тері  және  жүн  тапсырды.  Аудан  еңбекшілері  өздерінің 
жанқиярлық  еңбектерінің  арқасында  соғыс  уақытының  қиындығына  қарамастан 
жылма-жыл мал басының өсуін қамтамасыз етіп, тапсыратын ет, сүт, жүн өнімдерін 
жоспарынан  асыра  орындап  отырады.  Ұлы  отан  соғысының  жеңіспен  аяқталуына 
майдан мен тыл арасындағы ажырамас байланыс, майданға деген ыстық-ықылас пен 
оған көрсетілген көмектің зор ықпалы болды [4]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет