Майданнан келген хаттар. Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен
қиын күндерде елден жолданған әрбір хат жауынгерлерге рух беріп,
қайраттандырып отырды. «Туған жерді қасық қанымыз қалғанша қорғаймыз» деген
мықты сенім мен шынайы намысқа, туған елге деген сағынышқа толы мына хаттар
сол қиын күндерден сыр шертеді.
Облыс еңбекшілері әскери бөлімдер, бөлімшелермен тығыз байланыста болды.
Майданнан келіп жататын командирдің, саяси қызметкерлердің, жауынгерлердің өз
ерліктері, сағыныштары жайында хаттар ел адамдарына рухани қуат берсе, елден
жолданған әрбір хат майдан даласындағы жауынгерлерге рух берді.
Сондай хаттардың бірі Қазалы топырағының перзенті ақын Әли Есмәмбетовтің
1941 жылы шілдеде соғысқа аттанып бара жатып: «Қазақстан дайындал!» деген
атпен жазған өлең шумақтары отандастарға күш-қуат беріп, қайраттандырды.
Қазақстан, дайындал,
Шығыстағы қамалым.
Тағалайтын күн келді,
Тұлпарлардың табанын.
Ер киетін күн келді,
Темір сауыт шапанын.
Сүйікті Отан бастады,
Ұлы жорық сапарын (Музей қорынан, 3 бума, КЗМКФ-4731).
Сыр сүлейлерінің бірі болып саналатын қармақшылық Ібаш Мыңжасаровпен
жорықты бірге өткерген Тілеген Әбдікешов Ібаш жараланып, госпитальға әкетіліп
бара жатқанда, айтқан досының өлеңін елге кейін ала келіпті.
Біз қайтпасақ қан майданның өтінен,
Құрбы-құрдас бәріңнен де өтінем.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
146
Бір сүйіңдер арнап барып мен үшін,
Әділменен Күлшанымның бетінен, – деген өлең жолдары. Әлі күнге дейін
әкенің төрт қатар өлеңін естігенде балалары көздеріне еріксіз жас алады.
Сталинград бағытында шайқаста хабарсыз кеткен Нұрманов Имаштың хаты.
«Ардақты апам Күнікеш, құрметті жолдасым Күлзипа және мені сұраған
үлкен-кішіге, ата-ана, апа-қарындастарыма бәріне біз тараптан сәлем.
Қалай, Күлзипа, денсаулықтың арқасында тиісті болған қызметіңді атқарып,
ойнап-күліп жүрген боларсың? Малдарыңды жақсылап бағып, өсіре бер, қысқы шөп,
қора-қопсыларды дайындап алыңдар. Өздеріңе де қысқы тамақты ерте қамдаңдар...
Менен хал сұрасаң, менің де денім сау. Отан үшін тиісті болған армиялық міндетімді
атқарып, неміс фашизмін жер бетінен құртудың жолында күресудеміз. Күн-түн
демей соғысып жүрмін, қалай болса да күлін көкке ұшырамыз», - деп хатын
аяқтапты боздақ.
Соғыста талай боздаққа рух берген «Ленинградтық өренім» өлеңін оқып
тебіренген Дүйсенбай Шыныбеков Жамбыл атамызға былай деп хат жолдайды:
«Мен сіздің өлеңіңізді оқыдым. Өлеңіңіз маған күш берді. Қанды қол майданға
ұмтылдым. Фашистің оғы Жүсіпов деген қазақты жазым етті. Ол елуден астам
немісті оққа ұшырған еді. Оның қабірінің басында командир винтовкасын маған
бере тұрып: «Кегімізді қайтар», - деген бір ауыз сөз айтты. Мен серт бердім, әрі сол
сертімде тұруға уәде беремін. «Немісті өлтір!» деген өлең жазыңызшы, Жамбыл ата!
Д. Шыныбеков деген балаңыз [4] (1942 жыл, 21 қараша, Ленинград қаласы).
Дүлдүл ақын Жамбылдың жауабы: «Қадірменді ұлым Дүйсенбай! Қанішер
фашистерді аямай соға бер. Сен жауды неғұрлым көп өлтірген сайын ұлы Жеңіске
жол да қысқара бермек. Сен қорғап жатқан ардақты Ленин қаласы туралы өлеңді
сөзсіз шығарамын. Көріскенше, менің жас жерлесім! Жеңіспен оралатын бол!
Жамбыл атаң». Міне, осындай рухтағы өлеңге толы хаттар елден майданға,
майданнан туған жерге толассыз ағылып жатты.
Ал мына хаттарда қызылордалық жауынгерлердің антқа деген адалдығы,
батырлығы мен қайсарлығы жөнінде жазылған хаттар мен алғысқа толы
хабарламалар баяндалады.
«Қымбатты Айша! Сізге батыр тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін рахмет! Сіздермен
бірге, біз, офицерлер, қатардағы жауынгерлер, қазақ халқының ұлы Жаппасбай
Нұрсейітовтің жаумен соғысқанда қорықпайтын батылдығын мақтан етеміз.
Жаппасбай бірнеше рет ерлік көрсетті. Ол соғыс шеберлігін тез меңгерді. Қару-
жарақтың бірнеше түрін пайдалануды тез үйренді. Жау қарсы келген кезде ол
арыстандай айбатты. Әсіресе, сіздің ұлыңыз Днепр өзені үшін соғыста ерен ерлік
көрсетті. Оның оң жағасында ол 150 немісті жойды. Міне, сіз қандай ұл өсірдіңіз!
Сізге денсаулық тілейміз. Ауылыңыздың барлық адамдарына бізден сәлем! Бөлім
командованиесі» [2].
Қызылордалықтардың осындай ерлік, жауынгерлік үлгісі көптеп саналады. «Біз
үшін құрметті жерлестер, алаңдамаңыздар! Біз сіздердің сенімдеріңізді жауынгерлік
жеңіспен ақтаймыз! Сәлеммен майор Мұса Сәдібеков».
«Бүгін, - деп жазады майор Литвинов «Правда» газетінен Қашақбай Пірімов
пен Ыбырай Жақаев және Ким Ман Самның өз қаржыларынан танк колоннасын
жасауға бергендері жөніндегі жеделхаттарын оқыдым. Менің жерлестерімнің Қызыл
Армия жайын ойлағанына өте қуаныштымын. Біз, мұнда майданда да, қарыздар
болып қалмас үшін неміс фашистерін жою жолында қолдан келгеннің бәрін істейміз.
Біздің бөлімнің жауынгерлік ісі жоғары бағаланып, Жоғарғы Кеңес Президиумының
13 желтоқсандағы Жарлығымен «Қызыл Ту» орденімен наградталды. Наградаға
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
147
жауап ретінде, құрметті жерлестер, Отанымыздың бостандығы үшін қанды қол
жауды жеңбей тынбаймыз! Сәлеммен, майор Литвинов».
Мұндай хаттар майданда да, тылда да қайта-қайта оқылып жатты. Қазақ
халқының хаты жауынгерлер жүрегінен жылы орын алып, қуат берді, жігерлеріне
жігер қосты. Майданнан келген хаттардың барлығы да еңбек даласында оқылып
жатты. Кәсіпорындарда, колхоздарда олар еңбек өрлеуін туғызды.
Қорытынды. Күн өткен сайын сонау сұрапыл жылдардың оқиғасы тарих
қойнауына еніп, оған қатысушылар қатары азайып келеді. Ендігі біздің парызымыз –
ардагерлерді қамқорлыққа бөлеу, олардың майдан даласы мен тылдағы ғажайып
ерліктерін болашақ ұрпаққа ұлықтап, үлгі ету.
Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмаған тажалдың жеңіліс тапқанына
70 жыл уақыт өтсе де, жауға қарсы тізе біріктіріп аттанған кеңес халқының
ержүректілігі мен төзімділіктері тарихта мәңгі қалды.
Жалпы алғанда, Ұлы отан соғысы қазақ халқының моральдық-саяси бірлігінің
күшін танытқан соғыс болды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтар болсақ: «Соғыс және еңбек
ардагерлерінің сұрапыл жылдардағы ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады,
фашизмді жеңген батырлардың даңқы мәңгі шуақ шашады. Біз әрқашан да Жеңіс
күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен
патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді
қазақстандықтардың талай буыны мерекелейтін болады!»
От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Майдан
мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар
жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әке, аға,
бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпаққа аманат
болып жетпек. Сәбилер күлкісі көкіректен ұрланбауы үшін, болашақ ұрпақ тағдыры
жат елдің табанында тапталмас үшін көкіректерін оққа төсеген аталар ерлігі есімізде
мәңгі сақталады.
Иә, біз Отан үшін от кешкен ардагер жандардың алдында мәңгілік
қарыздармыз. Жылдар жылжып, уақыт көші алға ұзаған сайын олардың ерліктері
көмескіленбейді, қайта жарқырай түседі. Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де
ұмытылмақ емес!
Майдангерлердің күн-түн демей от пен оқтың арасында жүріп, Отанымызды
қорғауының арқасында келген бейбітшіліктің туын келер ұрпақ желбірете береді!
Әдебиеттер
1 Әлімбай Әлиасқаровтың баспа бетіне жарияланбаған өлең-толғаулары (6
бума, КВФ-49/223).
2 Әлиасқаров Ә. Сырдария кітапханасы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2008.
3 Қалиев Ы., Айдосов А. Ұлы Жеңістің 60 жылдығы – ерлік пен елдігіміздің
мерекесі. – Қызылорда: Тұмар, 2005.
4 Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы материалдар.
5 Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі экспозициясындағы
материалдар.
Резюме
В научной работе рассказывается об участниках Великой Отечественной
войны, фронтовиках, а также тружениках тыла. В вводной части речь идет о
фронтовиках, кызылординских солдатах, участвовавших в Сталинградской и
Ленинградской битвах.
В основной части повествуется о героизме кызылординских воинов,
принявших участие в Сталинградской и Ленинградской битвах, письмах с фронта,
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
148
самоотверженности тыловиков. В заключительной части рассказывается о значении
Великой Отечественной войны.
Summary
The participant of world war and from Kyzylorda participants history was appeared.
In the context Stalingrad and Leningrad war participants from Kyzylorda warriours history
was included, in the main part from Staliningrad warriours letters about participants works.
In the conslusion the great vistory of history important.
САЙЛАУХАН Ақнұр,
«Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
5 сынып оқушысы, Қапшағай қаласы, Алматы облысы,
Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: МАЖЕНОВА Лаура Омарғалиқызы,
«Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
бастауыш сынып мұғалімі, Қапшағай қаласы, Алматы облысы,
Қазақстан Республикасы
ЖЕТІСУ ЖЕРІН МЕКЕНДЕЙТІН ҚҰС АТАУЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ
ЖОЛДАРЫ
Ана тілінің қызметі. Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы
жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды. Бесік
жырларынан бастап сан ғасырлар бойы халқымыз дәріптеп, дамытып келген
қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бойына
енген туған тіл арқылы игеріп, игілігіне айналдырады. Өткеніне көз жіберіп, ой
елегінен өткізіп таразылайды, болашағына қол созып болжайды, ғылым көкжиегіне
шығарып самғатады, келешегіне жол сілтейді.
Қазақ тіліндегі сөздердің жасалу жолдары (сөзжасам). «Сөзжасам» дегеніміз
– жаңа сөздердің жасалуы. Қазақ тіліндегі сөздердің жасалуының бірнеше тәсілі бар:
жұрнақтар жалғану, бірігу, қосарлану, тіркесу жолдарымен және лексикалық жолмен
жасалады. Сөздердің пайда болуы мен жасалуының белгілі заңдылықтары бар. Осы
заңдылықтар арқылы мен өз зерттеу жұмысымды бастадым.
Жер жаннаты – Жетісу. Менің туған өлкем Жетісу – тарихи-географиялық
аймақ. Солтүстікте – Балқаш, солтүстік-шығысында – Сасықкөл мен Алакөл,
шығыста – Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстікте және оңтүстік-батысында –
Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде
Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың
қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін
жатқызса, А. Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы
Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша,
алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты
атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал және Көксу өзендері
енген.
Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым ХІХ
ғасырда тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық
аудандары кіреді. Жетісу географиялық облысы деген аттың өзі оның нақтылы жеті
өзеннің атынан пайда болғаны туралы айтып тұрғандай. Алайда бұған шын мәнінде
қандай өзендер себеп болғанын анықтау оңай дүние емес, өйткені өзен дегендерің
бұл өңірде жетіден әлдеқайда көп.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
149
Алматы қаласындағы Төлебаев көшесінің Абай даңғылымен түйіскен жерінде
аспанға атқан су бұрқағының жанында Жетісуды құрайтын жеті өзеннің тізімі тасқа
қашалған. Олар – Іле, Шу, Ақсу, Қаратал, Лепсі, Тентек, Көксу.
Облыстың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі Қазақстанның басқа аймақтарына
қарағанда бай. Себебі, облыс аумағында шөл зонасынан бастап, аса биік тау
белдеулері орын алған.
Ғылыми жоба жұмысымен айналысу барысында «Жер жаннаты – Жетісу»
өлкесінің құстарға өте бай екеніне көзім жетті. Жетісу құстарын зерттей отырып,
мынандай деректер жинақтап, жасалу жолдарын анықтадым.
Жетісу жерін мекендейтін құс атауларының жасалу жолдары – №1 кесте
№
Құстардың
атауы
Жасалуы
Түбір
сөз
Туынды
өз
Бірік-
кен сөз
Қос
сөз
Тіркес-
кен сөз
Лексикалық
жолмен
жасалған сөз
1
Ұлар
+
2
Бірқазан
+
3
Қоқиқаз
+
4
Көкқұтан
+
5
Аққу
+
6
Үйрек
+
7
Қара қаз
+
8
Қалбағай
+
9
Сары құтан
+
10
Көлбұқа
+
11
Ақ тырна
+
12
Қытай қазы
+
13
Қырманқаз
+
14
Ақ сұңқар
+
15
Қырғи үкі
+
16
Көкек
+
17
Ақ үкі
+
18
Ителгі
+
19
Қырғауыл
+
20
Лашын
+
21
Жағалтай
+
22
Аражегіш
+
23
Шіл
+
24
Мықай
+
25
Сұр қаз
+
26
Италақаз
+
27
Бөктергі
+
28
Күйкентай
+
29
Шағала
+
30
Көкентай
+
31
Жапалақ
+
32
Маңқы
+
33
Сауысқан
+
34
Дуадақ
+
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
150
35
Тұйғын
+
36
Сүңгуір
+
37
Байқыз
+
38
Сусылдақ
+
39
Бейнарық
+
40
Жорға
+
41
Қасқалдақ
+
42
Тырна
+
43
Безгелдек
+
44
Тартар
+
45
Бүркіт
+
46
Шүрегей
+
47
Тоқылдақ
+
48
Бозторғай
+
49
Тұрымтай
+
50
Кептер
+
51
Қалытқы
+
52
Үйрек
+
53
Үкі
+
54
Торғай
+
55
Сутартар
+
56
Қорқылдақ
+
57
Қарға
+
58
Қырғи
+
59
Шақшақай
+
60
Жылқышы
+
61
Қайшыауыз
+
62
Күйкентай
+
63
Қарлығаш
+
64
Шаушалшық
+
65
Самырсын
құс
+
66
Ементұмсық
+
67
Қаз
+
68
Балықшы
+
69
Сусылқара
+
70
Көк құс
+
71
Құмай
+
72
Салт
+
73
Ақкіс
+
74
Сусар
+
75
Шақылдақ
+
76
Көкбас
+
77
Кекілік
+
78
Сарғалдақ
+
79
Тентек құс
+
80
Жамансары
+
81
Самыркеш
+
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
151
82
Ақ иық
+
83
Көкқарға
+
84
Қаршыға
+
85
Дала
құладыны
+
86
Ақсары
+
87
Қыранқара
+
88
Сұр шіл
+
89
Үрпексары
+
90
Шымшық
+
91
Алабұға
+
92
Көксерке
+
93
Ақ амур
+
94
Пілмай
+
95
Тұқы
+
96
Бұлбұл
+
97
Жұртшы
+
98
Құмай
+
99
Қарақұс
+
100
Тазқара
+
101
Сақалтай
+
102
Қыран
+
103
Сандуғаш
+
104
Ақ құтан
+
105
Бұлдырық
+
106
Шырғалақ
+
107
Ләйлек
+
108
Құралай
+
109
Тарғақ
+
110
Бидайық
+
Қорытынды. Қорыта келе айтарым, қазақ тілінде жаңа сөздер жұрнақ арқылы,
сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы және лексикалық жолмен жасалатын
болса, құстарға бай «Жер жаннаты – Жетісу» жерін мекендейтін құс атаулары осы
жолдардың бәрін қамтиды екен. Соның ішінде мен талдаған 110 құс атауларының 9-
ы түбір күйінде ешбір қосымшасыз, негізінен, байырғы төл сөздерден болса, 26-сы
негізгі түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы, 33-і сөздердің бірігуі,
1-і сөздердің қосарлануы, 19-ы екі немесе одан да көп түбірлердің тіркесуі арқылы
және 24-і лексикалық жолмен жасалған құс атаулары болып шықты. Оған көз
жеткізу үшін жобадағы №1 кестені қаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |