10 апта Бастауыш мектептегі оқыту əдістері



бет4/5
Дата28.04.2023
өлшемі35,52 Kb.
#88214
түріРассказ
1   2   3   4   5
Байланысты:
дидактика 10 апта

Графиктік жаттығулар математиканы, физиканы, сызуды, география, сурет салу сабақтарында, сонымен бірге өндірістік оқыту процесінде қолданылады.
Лабораториялық-практикалық жаттығулар еңбек құралдарын, лабораториялық жабдықтарды /приборлар, өлшеуіш аппаратуралары/ қолдануға дағдысына үйретеді, конструкторлық-техникалық іскерліктерді дамытады.
Өндірістік-еңбектік жаттығулар оқу немесе өндірістік сипаттағы арнайы жасалған еңбектік əрекеттердің жүйесі болады.
Жаттығуға қойылатын талаптар: іс-əрекеттің сапасын арттыруға оқушылардың саналы бағытталғандығы; іс-əрекетті орындаудың ережесін білуі; орындалатын жағдайды саналы есепке алу жəне қадағалау; алынған нəтижені есепке алу; қайталануды уақытқа бөлу.
Лабораториялық əдіс оқушылардың өздігінен эксперимент, зерттеу жұмыстарын жүргізуіне негізделеді. Тəжірибелер жеке немесе топта жүргізілуі мүмкін. Проблемдік
/зерттеушілік/ лабораториялық əдіс əсіресе тиімді. Онда оқушылар өздері зерттеудің болжамын анықтайды, оны орындаудың жолдарын белгілейді, қажетті материалдарды жəне приборларды таңдайды.
Практикалық əдісте оқушылар алған білімді практикалық міндеттерді, есептерді шешуде қолданады. Бұл əдістің функциясы – білім мен іскерлікті тереңдету, қадағалау жəне түзету танымдық іс-əрекетті ынталандыру /стимулдау/ міндеттерін шешу.
Практикалық сабақтардағы оқушылардың танымдық іс-əрекетінің кезеңдері: 1. Мұғалімнің түсіндіруі. Жұмысты теориялық ұғыну кезеңі. 2. Көрсету. Нұсқау кезеңі. 3. Жасап көру. Екі-үш оқушы жұмысты орындайды, мұғалім оқушылар бақылап отырады, қажетті ескертулер береді. 4. Жұмысты орындау. Əрбір оқушы өздігінен тапсырманы орындайды. 5. Қадағалау. Бұл кезеңде оқушылардың жұмысы қабылданады жəне бағаланады.
Дидактикалық ойындар – шындықты моделдейтін арнайы құрылған жағдайлар, оқушылар олардың шешімдерін табуға тиісті. Бұл əдістің функциясы – танымдық процесті ынталандыру.

  1. Бағдарламаланған /программалық/ оқыту - əрекеттердің /операциялардың/ бірізділікті жүйесі, оларды орындау алдын ала жоспарланған нəтижеге əкеледі. Бағдарламалап оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жақсарту. ПО ерекшеліктері: оқу материалы бөлек- бөлек порцияларға бөлінеді; оқыту процесі бірізділікті қадамдардан тұрады, онда білімнің порциясы жəне оларды меңгеретін ойлау операциялары бар; əрбір қадам тексерумен аяқталады

/сұрақ, тапсырма т.б./; егерде оқушы қадағалаушы тапсырманы дұрыс орындаса материалдың жаңа порциясын алады да оқытудың келесі қадамын орындайды; оқушы дұрыс емес жауап берсе көмек жəне қосымша кеңес алады; əрбір оқушы дербес жұмыс істейді жəне əлі келетін қарқында оқу материалын меңгереді; бүкіл қадағалаушы тапсырмалардың орындалуы есепке алынады жəне олар оқушының өзіне /ішкі кері байланыс/ жəне мұғалімге /сыртқы кері байланыс/ белгілі болады; педагог оқытуды ұйымдастырушы жəне оқушы қиындық көргенде кеңес беруші ролінде болады; оқыту процесінде БО құралдары кеңінен пайдаланылады /программаланған оқу құралдары, тренажерлер, қадағалайтын жабдықтар, оқыту машиналары/.
Жеке электронды-есептеу машиналарының қарқынды дамуы компьютерлік оқытудың жаңа технологиясын дүниеге əкелді. Қазіргі кезде оларды қолданудың жолдарын іздестіру қажет.
Бағдарламалап жəне компьютерлік оқыту онда алгоритмдерді бөлуге негізделген. Алгоритм дұрыс нəтижеге əкелетін бірізділікті əрекеттердің жүйесі ретінде оқушыдан оқу іс- əрекетінің құрамын жəне бірізділігін орындауды талап етеді. Оқыту бағдарламасын құрмастан бұрын ең алдымен ойлау əрекеттерін жəне оқу операцияларын орындаудың алгоритмін жасау керек, сол бойынша электрондық-есептегіш машина оқыту процесін басқаруды жүзеге асырады.
Бағдарламаланған оқытудың əдістері оқыту процесін тиімді басқаруды арттыруға, оқушылардың дербес жұмысының үлесін көбейтуге, оқуды жекелік қарқында жүргізуге, қадағалауға арнайы құралдарды қолдануға бағытталған. БО əдістерінде жаңа жəне дəстүрлі идеялар ұштасады. БО əдістерін былайша бөлуге болады: ақпаратты берудің əдістері; бағдарламаланған тапсырмаларды орындаудың əдістері; қадағалаудың жəне түзетудің əдістері.
БО əдістерінің ерекшелігі бірліктегі оқу-педагогикалық əсерде олар өзара ажырамас байланыста болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет