10-сынып І тоқсан



бет116/169
Дата06.01.2022
өлшемі2,75 Mb.
#11377
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   169
Лексикалық минимум: шырмауықтай шырмаған ауыр ой, жараның аузы, бұлт торлау, күйбең тірлік, берекені қашыру, жағы сембеу, аузымен дем алу, жер-дүниенi сiлткiнтiп жатқан жарылыстар, дерттен құлан таза айығу, т.б.

Тыңдалымалды тапсырма. Берілген суреттердің сабаққа қатыстылығын анықтайды. Қасірет сөзін суреттермен байланыстыра отырып, әр оқушы өзіндік пікірімен сынып алдында бөліседі.





ЖЖ. Тыңдалым тапсырмасы. Думан Рамазанның «Соңғы дем» әңгімесін тыңдайды. Әңгімеде көтерілген мәселені анықтайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар:

1-тапсырма. Концептуалдық кестемен жұмыс жасайды.



Кейіпкерлері

Қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Тақырыбы

Нұрбек









Гүлжан










Қаншайым









2-тапсырма. Жұптағы оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікірлерін білдіреді.



  • Автор қазақ даласының экологиялық халін қалай суреттеген?

  • Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін, ондағы жаңа тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын қалай бейнелейді?

  • Жанталаса қаруланудың әсері жергілікті тұрғындарға қандай тағдыр сыйлады?

Минуттық қағаз

Сабақтың өн бойында оқығанды естеріне түсіріп, ең негізгісін (пайдалысын, ұқсамайтынын, маңыздысын) анықтап, ол туралы бір минут уақыттың ішінде жазады.



Мұғалім Думан Рамазанның «Соңғы дем» әңгімесін жұптық жұмысты ұйымдастыру арқылы меңгертеді. Әңгіме тыңдалым мақсаты арқылы жүзеге асырылады. Әңгімеде көтерілген әлеуметтік мәселені анықтауға бағыттайды.

Орта көлемді прозалық шығармадан үзінді тыңдай отырып, көтерілген (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіре алуы бағаланады.



http://el.kz/kz/news/archive/content-30959

Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі



http://old.adebiportal.kz//abit-m-s-repov-zhapon-balladasy.page

«Жапон балладасы»

Арқаның әңгімесі

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BF%D0%BE%D0
Жапон балладасы түсінік


О6. Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау

Оқылымалды тапсырмасы. Оқушылар назарына төменде берілген тізім ұсынылады. Оқушыдан бұл тізімді оқи отыра, қандай ойға келгені сұралады. Алған ақпараттарымен бөліседі, пікірлерін айтады.

  • Қолданылған химиялық заттардың қалдықтары;

  • қауіпті заттармен ластанған қолғап, шүберек және маталар;

  • бояу және лак қалдықтары;

  • май қалдықтары;

  • қолданылған батареялар мен аккумуляторлар;

  • метал қалдықтары;

  • егіншілік тыңайтқыштары;

  • люминесцентті шамдар;

  • фотография өнерінде қолданылған негативтердің моншасынан қалған сулар;

  • цианидті қалдықтар.

Оқылым тапсырмасы. ТЖ Оқушыларға «Тұрмыстық қалдықтар қалай өңделуде?» тақырыбында мәтінді мұқият оқиды. Мәтінде көтеріліп отырған мәселені анықтайды.

Мәтін бойынша «Фишбоун» әдісі арқылы 3 топ өз мәтіндеріндегі көтерілген мәселелерді, мәтіннің идеясын және шешу жолдары мен ұсыныстарын анықтап, балық қаңқасына түсіреді. Балықтың басына негізгі ойды, қабырғаларына көтерілген мәселелер мен себептерін, соңғы бөлігіне қорытынды жазады.






Оқылымнан кейінгі тапсырма. Тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет