«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:
Протеолитикалық ферменттер,
АТФ, нәруыздардың коагуляциясы, қышқылдар, сілтілер, акантоцитоз, акантоз,
|
«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.
|
Кері байланыс:
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
«Керемет!» және т.б
|
Интерактивті панель, презентация
Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж
|
Сабақтың ортасы
4.Жаңа тақырыпты таныстыру
|
«Қазіргі атаулар» әдісі
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.
Ph, температура, субстрат концентрациясы, фермент, ингибитор және активатор
|
«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.
|
Кері байланыс:
«Мадақтау» әдісі
«Жарайсың!»
«Тамаша жауап»
т.б
|
Интерактивті панель, презентация
Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж
|
5.Оқушыларға бағыт бағдар беру
|
«Кинометафора» әдісі.
Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
|
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.
өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.
|
«Өзін-өзі бағалау» әдісі
|
Интерактивті панель
бейнефильм
https://youtu.be/T_hAH7MGSkI?si=X1AofliedCM7jwsE
|
6.Практикалық тапсырмалар беру
|
Жұптық жұмыс.
Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар мен жағдайларды білеміз бе?
1. Жұптық жұмыс
2. Фрейер моделі
3. Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар мен жағдайларға
a. анықтама береді;
b. қасиеттін жазады;
c. факторлар мен жағдайларды анықтайды ;
d. ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар мен жағдайларды түсіндіреді;
|
Оқушылар жұптасып «Фрейер модельі» әдісі бойынша өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Әр жұп бір-бірімен пікір алмасады.
Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар мен жағдайларға анықтама береді. Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар мен жағдайларға тән қасиетті жазады. Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар мен жағдайларды анықтайды.
Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар мен жағдайларды түсіндіреді.
|
|