10. 3.3.1- қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)
10.4.4.1-сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу
Оқушылар суретке қарап, тақырыпты болжайды.
Адам өмірін сақтандыру туралы не білетіндерін ортаға салады.
Оқушылар адам өмірін сақтандыру туралы мәтін ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, сақтандырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап, шағын пікірталас ұйымдастырады.
Ж.Оқушылар «Адам өмірін сақтандыру қажет пе?» тақырыбында өз ойын дәлелдеп эссе жазады. Эсседе ұсынылған тірек сөздерді орынды пайдаланады.
Тірек сөздер:
ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы, өмірді сақтандыру,жазатайы жағдайлардан сақтандыру,сені арту, сақтандыру компаниялары т.с.с
Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды құрайды. Бір қызығы адамның өте сирек кездесетін, әсіресе иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалға спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді. Ал еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле бермейді. Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе табысына тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда, заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар.
Толығырақ:https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/2997/
Бағалау критерийлері