2-сурет. Жану жылдамдығын өлшеу қондырғысының сызбанұсқасы:
1 – ресивер; 2 – инелі бұранда; 3 – манометр; 4 – ауа ағынының капилляры; 5 – гександы беру капилляры; 6 – гексан бар стақан; 7 – шашыратқыш; 8 – араластырғыш; 9 – кеуек сүзгіш; 10 – конусты жанарғы; 11 – катетометр
Жану жылдамдығын анықтау
Жанудың қалыпты жылдамдығы дегеніміз – жалынның оның бетіне нормаль бойынша орын ауыстыратын жылдамдығы.
Бұл шама берілген жанғыш қоспаның физикалық-химиялық тұрақтысы болып табылады және оны анықтау тәсіліне тәуелді емес.
Қалыпты жылдамдықты өлшеу іс жүзінде жалын беті элементінің нормаль бағытымен суық және тұтанбаған газға қарай орын ауыстыру шамасын табу деген сөз. Бұл шама еркін орын ауыстыратын жалынның бүкіл беті бойынша тұрақты болу керек.
1879 жылы Гуи жанарғыдағы жалын пішінін қарап, оның бірлік бетінде жанатын газ мөлшері тұрақты болатындай етіп орнайтынын байқаған. Осының негізінде Гуи жалынның таралу жылдамдығын анықтау үшін бунзен жалынының тұрақты ішкі конусының пішінін пайдалануды ұсынған.
Гуи айтқан жалынның бірлік бетінде жанатын газ мөлшерінің тұрақтылығы жайлы болжам Михельсон жұмысында толық дәлелденеді.
Гуи постулаты бойынша:
V / Sжл = const,
мұндағы V – берілген жалын беті арқылы өткен газ шығыны, см3/с;
Sжл – жалын бетінің ауданы, см2.
Жалын пішіні – шеңберлі конус. Оның беті – жуықталған тыныштықтағы жалынның беті, шын мәнінде, ол екі қозғалыстың: төменнен жоғарыға қарай газ қозғалысы мен жалынның қарама-қарсы қозғалысының әсерлесу нәтижесі. Демек, жалынның ішкі беті, яғни шебі жанарғыдан шығатын газ ағынымен динамикалық тепе-теңдікте болады.
Әрбір жанғыш қоспа үшін жалын жанарғыда тұрақты ұсталатын белгілі бір өте тар жылдамдықтар ауқымы бар.
Жұмыстың алдыңғы бөлімдерінде тұрақты жалын алу шарттары таңдап алынған болатын.
Жану жылдамдығы ағын көлемінің жылдамдығының конус бетінің ауданына қатынасымен анықталады:
U = W / S,
мұндағы U – жану жылдамдығы, см/с;
W – ағын жылдамдығы, см3/с;
S – жалын бетінің ауданы, см2.
Конус бетінің ауданы S = rl,
мұндағы r – жанарғы саңылауының радиусы, см;
l – конус құраушысының ұзындығы ();
h – конус биіктігі, см.
Демек: .
Ағын жылдамдығы W, жанарғы радиусы r белгілі болса, гексанның жану жылдамдығын табу үшін конус биіктігін катетометр көмегімен өлшеу ғана қажет. Осылайша, жұмысты орындау нәтижесінде гексан-ауа қоспасының жану жылдамдығының шамасын алу және оның осы қоспаның қандай құрамына сәйкес келетінін көрсету керек.
Әдебиеттер
Ксандопуло Г.И., Мусиенко Г.Н. Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по практикуму “Химия пламени”. – Алма-Ата: Издание КазГУ, 1983. – 24 с.
Льюис Б., Эльбе Г. Горение, пламя и взрывы в газах. – М.: Мир, 1968. 658 с.
Хитрин Л.Н. Физика горения и взрыва. – М.: Издание МГУ, 1957. – 632 с.
Дементьева М.Н. Анализ углеводородных газов. – М: Химия, 1953. – 470 с.
|