10. Зертханалық ЖҰмыстар



бет11/14
Дата16.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#115901
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Әдебиеттер



  • Ксандопуло Г.И., Мусиенко Г.Н. Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по практикуму “Химия пламени”. – Алма-Ата: Издание КазГУ, 1983. – 24 с.

  • Демидов П.Г., Шандыба В.А., Щеглов П.П. Горение и свойства горючих веществ. – М.: Химия, 1981.

  • Монахов В.Т. Методы исследования пожарной опасности вешеств. – М.: Химия, 1972.

  • Кодолов В.И. Замедлители горения полимерных материалов. – М.: Химия, 1980.



10.6. Газдардың шығыны мен жану жылдамдығын өлшеу

Жұмыс үш бөлімнен тұрады:



  • Капиллярды ауа бойынша градуирлеу.

  • Таңдап алған ауа шығынында жанғыш қоспадағы гексанның мөлшерін анықтау.

  • Гексан-ауа қоспасының жану жылдамдығын өлшеу.



Капиллярды ауа бойынша градуирлеу

1-суретте бейнеленген қондырғы жиналады. Бұл тәжірибенің мақсаты – капиллярда қысым айырымының нәтижесінде пайда болатын манометр шкаласындағы белгілі бір қысымға ауаның қандай шығыны сәйкес келетінін анықтау. Ауа шығынын реттеуіш бұранда көмегімен өзгертеді. Жұмыс сұйықтықпен толтырылған ыдысқа келетін газ көлемі оның ығыстыратын сұйықтық көлеміне тең болуына негізделген (газ сұйықтықта ерімейтіндей болу керек).


1-сурет. Капиллярды ауа бойынша градуирлеу қондырғысының сызбанұсқасы:
1 – ресиве; 2 – инелі бұранда; 3 – манометр; 4 – ауа ағынының капилляры; 5 – газометр;
6 – U-тәрізді түтік; 7 – құйып алу цилиндрі; 8 – қысқыш; 9 – тығын


Өлшеуді жүргізу реті



  • Тығынды 9 алып, ресиверге 1 ауа ағынын береді, ағын тұрақталғанша (бұранда 2 ашық болғанда манометр 3 стрелкасы тоқтайды) біршама уақыт күтеді.

  • Бұранда 2 көмегімен манометрде 3 қажет қысымды (0,1-ден бастап) орнатады.

  • Газометр шлангісінен су ағатындай етіп қысқышты бұрайды.

  • Тығынды 9 жауып, қысқыш 8 арқылы су ағынын реттеп, U-тәрізді түтіктің 8 екі бөлігінде де деңгей бірдей болатындай жағдайға келтіреді. Мұндай жағдайда келіп түсетін ауа ығыстыратын, газометрден шығатын су еркін ағады және оның көлемі келетін ауа көлеміне тең болады.

  • Секундомер көмегімен 1 л су ағатын уақытты өлшейді (судың бұл көлемі ауаның да осы көлеміне сәйкес келеді).

Өлшеулерді манометрдің барлық шкаласы бойынша жүргізеді.

Тәжірибе нәтижелерін есептеу


Ауа ағынының көлемдік жылдамдығын келесі формуламен есептейді:


W = 1000 / , см3/с.


Эксперимент нәтижелерін кесте түрінде өрнектейді:





Р, кгс/см3

V, см3

, с

W, см3













Р – манометрде 3 бұрандамен 2 берілетін қысым;


V – ауаның өлшенетін көлемі (1000 см3);
–1000 см3 ауа өтетін уақыт;
W – ауа ағынының көлемдік жылдамдығы.
Алынған мәліметтер бойынша Р-W координаталарында калибрлеу графигін тұрғызады, ол жұмыстың 2- және 3-бөлімдерінде қолданылады.


Жанғыш қоспадағы гексан мөлшерін анықтау

Жұмыстың бұл бөлімі 2-суретте бейнеленген қондырғыда жасалады. Шашыратқышқа 7 ауа (тотықтырғыш) ағыны беріледі, ол гександы (жанғыш зат) ыдыстан 6 сорып алып, ұсақ тамшыларға шашыратады, сөйтіп, жанарғыға 10 жібереді, онда тұтандырған соң бунзен типті конустық жалын түзіледі. Ауа шығынын бұрандамен 2 реттеп, конусы айқын тұрақты жалын алады. Ауамен қоспадағы гексан мөлшерін анықтау үшін уақыт бірлігінде (с) жанғыш заттың қандай мөлшері шашырайтынын есептеу керек. Бұл шаманы шашыратудан соң гексан массасының азаюы бойынша табады. Уақытты секундомермен тіркейді. Барлық шашыратылған гексан қоспаға көшеді деп есептеп, шашыратылған гексан массасы бойынша оның булары алатын көлемді Клапейрон-Менделеев формуласымен есептейді:


,

мұндағы m – уақыт бірлігінде шашыратылған гексанның массасы;


М – жанғыш заттың молекулалық массасы (М(С6Н14) = 86),
р – атмосфералық қысым (700 мм сын.бағ.);
Т – тәжірибе температурасы, К (273 + tбөлме);
R – әмбебап газ тұрақтысы (6,236104 мм сын. бағ. см3/град).
Ауа шығынын және ауа булары алатын көлемді біле отырып, қоспадағы гексанның мөлшерін есептеуге болады:

% C6H14 = V(C6H14)100 / Vжалпы.


Өлшеу нәтижелерін кестеге толтырады:





m0, г

m, г

, с

m/, г/с

V(C6H14), см3

% С6Н14

Vжалпы






















m0 – гексаны бар ыдыстың шашыратуға дейінгі массасы;


m – гексаны бар ыдыстың шашыратудан кейінгі массасы;
шашырату уақыты;
m/ – уақыт бірлігінде шашыратылған гексанның массасы;
V(C6H14) – уақыт бірлігінде ағындағы шашыратылған гексанның көлемі;
Vжалпы = Vауа + Vгексан (ауа көлемін 1-бөлімдегі графиктен табады);
% С6Н14 – гексан-ауа қоспасының ағынындағы гексан мөлшері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет