Саяси мәдениетті қалыптастыру жолдары: Саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, бірінші кезекте саяси партиялар қатысады. Олар саяси ойлау мен мінез-құлықтың идеологиялық негіздерін қалайды, азаматтардың саяси бірлестіктер мен партиялық жүйеге қарым-қатынасының түрін қалыптастырады.
Саяси мәдениетті қалыптастыруға дін мен шіркеу де араласады. Әсіресе, оның теократиялық елдердегі рөлі зор.
Соңғы кезде саяси мәдениетті қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі айтарлықтай өсті. Олар саяси сана мен мінез-құлықты анықтайтын көптеген нанымдар мен стереотиптерді қалыптастырады.
Саяси мәдениеттің түрлері
патриархалдық – дәстүрлі қоғамдарға тән, азаматтар саясатқа енжар қарайды, орталық жоғары билікке сөзсіз бағыну;
бодандық (құлдық) – бұрын отар болған, тоталитарлық басқаруда болған қоғамдарға тән. Халық саясаттан бөгделенеді, саяси қатысу мен белсенділік төмен, биліктің айтқанымен жүріп-тұру басым, саяси террор мен цензура әсерінен қоғамдық пікірде қорқыныш көп.
2. Саяси мінез-құлық түсінігінің мәні мен мазмұны Саяси мінез-құлық – бұл саяси іс-әрекет пен саяси қатысудың ерекшелігін білдіреді, қандай да бір саяси оқиға кезінде немесе саяси жағдайда адамның өзін-өзі қалай ұстайтынын көрсетеді, саясатқа қатысу мен саяси қызметті атқару тәсілін анықтайды.
Саяси мінез-құлыққа әсер ететін факторлар:
жеке эмоциялық-психологиялық қасиеттер (мысалы, эмоция, болжам, салмақтылық, ақыл-ой және т. б.);
саяси субъектінің саяси әрекеттерге жеке (топтық) мүдделілігі;
моральдық қағидалар мен құндылықтар;
саясат субъектісінің саяси хал-ахуал туралы білімі мен бағалауы;
субъектінің саяси өмірге тартылу дәрежесі мен мотивациясы.
Саяси мінез-құлық – басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сайлауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен науқандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, мешітте, шіркеуде байқалуы мүмкін. Алайда, бұл термин мемлекеттік институттар шеңберінде өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй - адамдар қауымының басым көпшілігін қамтитын психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.
Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді: адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан, басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан, өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін: жек көруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі.
Саяси мінез-құлықтың ауқымында саяси қатысу, наразылық және бойкот жасау сияқты сан-алуан іс-әрекет қатар жүре алады. Оған әсер ететін факторлар сан-алуан, мысалы, саяси режимнің сипаты (демократиялық, авторитарлы немесе тоталитарлы), саяси жүйенің ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық хал-ахуал, ұлттық психология, дін мен діл, қоғамда қалыптасқан стереотиптер және т.б.