11 – дәріс. Саяси мәдениет пен саяси мінез-қҰЛЫҚ



бет7/8
Дата17.04.2023
өлшемі31,47 Kb.
#83533
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс - 11. САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЯСИ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Ашық саяси мінез-құлық аясында адам мынадай саяси рөлдерді орындай алады:
1) қоғамның қарапайым мүшесі - шамалы ғана саяси ықпалы, шамалы белсенділігі және саясатқа қызығушылығы бар адам;
2) азамат – қоғамдық ұйымның, қоғамдық қозғалыстың немесе бірнеше ұйымның мүшесі;
3) белсенді азамат – саяси өмірге мақсатты және өз еркімен қатысатын таза саяси ұйымның (саяси партияның немесе сол сияқты) мүшесі;
4) қоғамдық қайраткер, әсіресе саяси қайраткер;
5) кәсіби саясаткер – ол үшін саяси қызмет жалғыз немесе негізгі қызметі, өмір сүру құралы ғана емес, сонымен бірге өмірдің мәні болып табылады;
6) саяси көшбасшы – жалпыға бірдей танылған саяси қайраткер, саяси партияның, қоғамдық-саяси ұйымның немесе қоғамдық-саяси қозғалыстың басшысы.
Жабық саяси мінез-құлық (саяси іс-әрекет) әр түрлі формада көрінуі мүмкін, атап айтқанда:
1) жеке тұлғаның білімі, мәдениеті, мәртебесі, жалпы әлеуметтік дамуының төмен деңгейіне байланысты саяси қатынастардан бөгделенуі;
2) саяси жүйенің, саяси институттар мен көшбасшылардың әділетсіздігі мен тиімсіз жұмыс істеуінен халықтың көңілі қалуы нәтижесінде саяси немқұрайлылықтың туындауы;
3) саяси апатия – саяси жүйені қабылдамау, онымен ынтымақтастықтың кез-келген түрінен бас тарту. Бұл саяси жүйені зорлық-зомбылық жолымен әлеуметтік және саяси қозғалыстарды жаппай басу, жаулап алу және т.б. нәтижесінде болуы мүмкін;
4) саяси бойкот – саяси жүйеге және оның институттарына белсенді түрде дұшпандықпен қарау, саясатты елемей қою.

  1. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениеттің ерекшеліктері

Бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси мәдениет өтпелі кезеңді бастан өткеруде: тарихи даму барысында қалыптасқан патриархалдық, бодандық саяси мәдениет түрінен белсенді азаматтық саяси мәдениетке қарай өту үрдісі жүруде.
Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасу және белсенді даму сатысындағы жас мемлекет болып табылады. Мұндағы дәстүрлі қоғамдық қарым-қатынастар тарихы кландық-патриархалдық құрылымымен және азиялық шығыс ел болғандықтан, негізінен ислам діннің салыстырмалы түрдегі әсерімен қамтамасыз етілді. Қоғамдық өмірдің бұл құрылымы дәстүрлі қазақ қоғамына тән болған көшпелі өмір салтынан және қазақ ұлтының рулық-тайпалық құрылымынан қалған мұра. Дәстүрлі өзара қарым-қатынас Совет өкіметі уақытында да болды, бірақ негізінен таптық сипатта, коммунистік идеологияның ықпалында болғанын атап өтуіміз керек.
Тәуелсіздік алғаннан кейін саяси қатынастарда, саяси мәдениет саласында өзіндік ренессанс, демократиялық жаңғыру болды. Кеңестік саяси мәдениет типі КСРО-дан мұраға қалды. Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде мәдениеттің бұл түрі КСРО-да өмір сүрген және жұмыс істеген адамдар санының азаюына байланысты бірте-бірте жойылып келе жатыр.
Қандай да бір ұлтты өзгелерден айшықтайтын белгілердің қатарында мәдениеттің алатын орны ерекше. Яғни, мәдениет ұлттың қадыр-қасиетін айқындайтын құндылығы, мәдениетсіз ұлт жоқ екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Мәдениетін жоғалтқан ұлттың өзі де жойылмақ. Әрбір ұлт өзінің қайталанбас ерекше мәдениетін сақтау үшін күреседі. Мәдениетін сақтап қалу үшін ұлтқа күшті «иммунитет» қажет, яғни, рухани ерік-жігермен қатар, сау-саламаттық, әлеуметтік-экономикалық күш-қуат, демографиялық өсім керек. Шетелдерде, өзге ұлттың ішінде өмір сүруге мәжбүр болған шағын ұлттық топтар мен этностар анклавтар құрып, тығыз ұйымдасып, белгілі бір аймақтарға шоғырланып тіршілік етуінің сыры осында.
Қазақстан көпмәдениетті ел, мұнда ұлттық, конфессиялық, өңірлік және басқа да нысандармен қатар плюрализм танылады. Сонымен бірге, Евразия құрлығының кіндігінде орналасқан Қазақстанның мәдени-саяси кеңістігінде екі менталитет қатар кездеседі: батыстық және шығыстық, олардың әрқайсының өз ерекшеліктері бар. Қазақстанның күрделі геосаяси ерекшелігі оның мәдени хал-ахуалына өзінің ықпалын тигізіп, кросс-мәдениетті (cross - қиылысу, кесіп өту, араласу) туындатты. Кросс-мәдени ықпалмен қазақтардың өзі бір мезгілде бірнеше түрлі мәдениет пен өркениеттің өкіліне айналды: шығыстық, түркілік, мұсылмандық, қазақылық т.б.
Қазіргі Қазақстан халқының саяси мәдениетінде әлі де болса посткеңестік, патриархалдық стереотиптер сақталған. Қазақстан сияқты ұлттық мемлекетте титулды ұлт – қазақтардың мемлекеттің өзегін құрушы ұлт ретінде атқаратын салмақты миссиясы бар. Яғни, мәдениетті ұлт болу үшін оның төрт қабырғасы тең болуы қажет. Қазақстан қоғамындағы саяси мінез-құлық сипаттамаларының бірі - бұл ымыралы менталитет. Ал, қазіргі Қазақстанның белсенді азаматтық саяси мәдениеті қалыптасу кезеңін бастан өткеруде.
Бүгінгі таңда «Жаңа қазақстандық патриотизм» қалыптастыру «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың басты рухани өзегі ретінде айқындалған. Патриотизмді қалыптастыру мен дамыту кез келген ел үшін аса маңызды идеологиялық міндет болып саналады. Бірақ, патриотизм жалаң ұранмен, науқаншылдықпен қалыптаспайды. Патриотизм көзбояушылықты көтермейтін, киелі ұғым. Оның мәні әлеуметтік сипатта болғанымен, өзі жүректен шығатын ыстық сезім болып табылады. Патриотизмді сыңаржақ түсінуге болмайды, ол Отанды сүюмен ғана шектелмейді. Патриотизм дегеніміз көп деңгейлі құбылыс. Өзінің ұлтын, тілін, дінін, ділін, кәсібін, туған жерін, тұрғылықты мекенін, жұмыс орнын сүйетін, өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің нышандары мен рәміздерін қастерлейтін, жүрген жері мен айналасын нұрландыра білетін азаматты Отанын сүйетін нағыз патриот деуімізге болады.
Өкінішке орай, ғаламдану мен нарықтық экономика жағдайында адамдар санасында «Отан» деген қасиетті ұғым әлеуметтік-экономикалық мұқтаждықтарды қамтамасыз етумен бағаланатын деңгейге жетті, бұл тек бізге ғана тән емес, мұндай үрдіс дамыған мемлекеттерде де байқалуда. Космополиттік саяси сана жетегіндегі адамдар үшін қай елде өмір сүруге қолайлы жағдай болса, сол ел - олардың отанына айналуда. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу барысында, біз осы келеңсіз үрдісті туындатушы алғышарттар мен факторлардың алдын алуымыз қажет.
Сонымен қатар, Қазақстандағы отаншылдық мемлекеттік билік пен азаматтар арасындағы екі жақты қарым-қатынасқа негізделуі тиіс: бір жағында азаматтардың «Менің өз елім үшін қандай пайдам тиеді?» деген патриоттық сезімі, екінші жағында, мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы, олардың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыруына жағдай жасауы.
Қазақстан өз азаматтарын жан-жақты ынталандырудың тетіктерін дамытуға күш салып жатыр. ҚР Президенті Қ.Тоқаев елде азаматтық саяси мәдениетті дамыту мақсатында 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.
Ең төменгі өмір сүру деңгейін орташа дамыған елдердің деңгейіне жеткізе отырып, мамандардың айлық жалақысын, зейнетақы мен өзге де әлеуметтік төлемдердің деңгейін көтеру көзделініп отыр. Әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірдік, енді, дамыған отыз елдің қатарына кіруге ұмтылып жатырмыз.
Сәйкесінше, халықтың өмір сүру деңгейі мен өмір сапасы да соған сай болуы тиіс. Оның үстіне, әл-ауқаты түзелген сайын, бұқара халық қоғамдық-саяси істерге бей-жай қарамайтын болады. Білімді, тәжірибесі мен біліктілігі жоғары мамандарға қосымша әлеуметтік қамсыздандырулар жасалса, олардың ынтасы мен кәсібилік деңгейі арта түсері сөзсіз. Еңселі ел боламыз десек, непотизм, трайбализм, жершілдік, кландық сияқты жағымыз тенденцияларға қарсы тұрып, артқа тартушы факторларды жоюмыз қажет. Оның орнына, еркін бәсекелестік, меритократия, атына заты сай мансап жасау қағидаларын шынайы жолға қоя білуіміз керек.
Заманауи қоғамдағы саяси мәдениет мәселелерін зерделеу, саяси мәдениет пен саяси-мінез-құлықтың өзара байланыстарын білу - білім алушылардың бойында азаматтық саяси ұстаным, патриотизм, толеранттылық, жалған экстремистік ілімдер мен ұрандарға ермеу, заңды құрметтеу, саяси белсенділік, саяси қатысу сияқты демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғам жағдайында аса қажетті қасиет-сапаларды қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет