11-модуль. ТҰЛҒалық дамудағы коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата09.12.2023
өлшемі289,75 Kb.
#135465
1   2   3   4   5   6   7
Коммуникацияның аймақтары
: жеке бастық-өте жақын адамдар 
арасында болады, әлеуметтік сферада адамдардың бір формалды 


кездесулеріндегі аймақ, көпшілікке арналған жиналыстар, конференциялар. 
аудиториядағы кездесулер.
Коммуникативті процестердің сатылары туралы білу де артык етпейді. 
Американдық психолог Б. Такманның (B.W. Tuckman) пікірінше топтың 
дамуында коммуникативті процесстің төрт сатысы өтеді:
1.қалыптасу сатысы - лидерді бөліп алу, міндеттерді қою, қарым-қатынас 
ережелері; 
2.қарсылық сатысы - «адамдар арасындағы конфликт, лидерді, ішкі 
бағдарларды, өзіңе бағытталған бағдарды қабылдамау;
3.норма орнату сатысы - топтың тұрақты құрылымының пайда болуы, 
олардың нормалары, топ мүшелерінің өзара жақындаса бастауы
4.ынтымақтасу сатысы - «тұлға аралық келіспеушіліктерді жеңу, жалпы 
міндеттерді шешу.
Коммуникациялық процестердегі негізгі төрт элементін айта кетейік, 
біріншісі жіберуші-ақпараттарды беруші, жинаушы, идеяларды жалпылау; 
екіншісі, хабарлау-тікелей ақпарат беру; үшіншісі каналдары- ауызша беру, 
жиналыс өткізу, телефонмен іс бітіру, қызметтік хаттар, есеп берулер, 
электронды пошта, компьютерлік желілер, жазбаша беру; төртіншісі- алушы 
-адресат (ақпарат арналған адам және ол ол ақпаратты интерпретациялайды.
Коммуникацияда тәсілдер болады: өзін тарату, өзін ашу, өзін қорғау, 
өзіне кету. Коммуникативті дағдыларды түсіндіргенде коммуникативті 
біліктілік және толерантылық ұғымдарын да талдау кажет. Коммуникативті 
біліктілік коммуниканттардың білімдеріне, тәжірибелеріне, көзқарастарына 
тікелей байланысты калыптасады. Себебі адамдарда ұлттық, этностық, 
әлеуметтік, діни, кәсіби сияқты сипаттамалары болады, оларда осы 
біліктілікке қатысты.
Коммуникациядағы аса маңызды факторлар: 
-әңгімелесу барысында әңгіме айтып жатқанның сөзін бөле бермеу,
-басқа нәрсеге алаңдамау,
-артық сұрақтар коймау,
-тексере бермеу,
-өзіңнің кеңестеріңді тықпалай бермеу,
-өз қатынасыңды жағымды бере білу,
-айтушыны зейінді тыңдау, оның сезімдеріне көңіл бөлу.
Г. Грайс коммуникациядағы төрт принципті көрсетті, яғни төрт
максима (латын сөзі жоғарғы принцип) (өмірлік ереже) кіргізеді:
-ақпараттың толықтық максимасы (саны); 
-ақпараттың сапасы максимасы;
-релеванттылық (мәнділігі) максима;
-өзін ұстау максимасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет