12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Кітаптың беттерін жиыстыру



бет11/12
Дата13.04.2023
өлшемі47,22 Kb.
#82164
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Кітаптың беттерін жиыстыру - бұл өнімнің мәтіндерін теріп, мәтін және сызба-суреттерді белгілі үлгі бойынша жиыстырып, болашақ полиграфиялық өнімнің беттерін құрастыру. Өнімнің түрлеріне сәйкес кітап, журнал және газет беттерін құрастыру алғашқы қатардағы және аяқтаушы беттер болып бөлінеді.
Бастапқы немесе алғашқы беттерін жиыстыру - кітаптың бөлімдері мен тарауларын көрнекті етіп ең жоғарғы шетіне орналастырып, ал мәтіндерді біраз төмен түсіріп барып бастайды.
Кейбір, әсіресе, көркем-әдеби басылымдарда бұл бос орындар ою-өрнекпен немесе әдеби шығармалардағы іс әрекеттің, оқиға желісінің дамуы туралы суреттермен толтырылады. Кітаптардың бөлімдері мен тарауларының соңғы беттерін аяқтаушы жиыстырып құрастыру деп атайды. Пішімдері бірдей, түгелдей мәтінмен немесе сурет аралас мәтінмен толтырылған және басқа барлық жиыстырып құрастырулар қатарлы деп аталады.
Колонтитул (фр. Colonne – қатар, лат, titulus – жазу, тақырып) - кітап бетіндегі мәтіндердің жоғарғы жағына орналасқан терім жол, сол беттегі мәтіннің мағынасы осы жолға сәйкес болуы қажет.
Колонцифр - кітап бетінің реттік санын көрсететін цифр. Ол беттің төменгі оң жақ бұрышында, не ортасында өте сирек мәттіннің жоғарғы жағына орналастырылады.
Сигнатура (лат. signatura - жазу) - кітап блогындағы жиыстырылған дәптерлердің реттік саны. Ол дәптерлердің қырына цифр және төртбұрыш немесе дөңгелек белгі ретінде орналастырады. Сонымен қатар, ол - мәтіннің сол жақ төменгі бұрышына, цифр, автор мен кітаптың атауы жазылған мәтін жол. Сигнатура блок дәптерлерінің дұрыс жиыстырылғанын тексеруге арналған.
Кейде кітаптарға сыртқаптама кигізіледі, ол қағаздан немесе мөлдір синтетикалық пленкадан жасалынады. Кейде кітаптарды бандерольмен (қағаз белдемемен) қаптайды. Сыртқаптама мен бандерольдарды брошюраларға да қолданады, бұл мұқаба мен қаптаманы қорғайды, басылымның жалпы безендіруін толықтырып, жарнама қызметін атқарады. Кейбір басылымдарды қынаптарға салады, бұл оларды баспаханадан кітап сөресіне жеткенше жолда бүлінуден қорғайды. Кітаптардың, брошюралардың, журналдардың мәтіндік өнімдерін көркемдейтін бейнелеуші ақпаратты, кейде, негізгі мәтіннен бөліп алып, біртүсті немесе түрлі-түсті етіп жеке басады да, біріктіріп, кітапты түпкілікті шығарарда қосымша, жап-сырма, ендірме, өңірбет түрлерінде орналастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет