12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Баспа және баспаханалық өлшем бірліктері



бет16/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

1.5. Баспа және баспаханалық өлшем бірліктері

Баспалар мен баспаханаларда орындалатын жұмыстардың мөлшерін есептеу үшін мынандай өлшем жүйесі (СИ) пайдаланады. Ол метрлік және баспаханалық (типометрия) болып екіге бөлінеді. Метрлік жүйе сызықтық (терім цехтарында) өлшемдердің бірлігіне сантиметр (см) мен миллиметр (мм) қызмет етсе, баспаханалық жүйеде арнайы 1737 жылы Фурье ұсынған, кейінірек Париж баспагері Фирмен Дидо (Didot) одан әрі жетілген жүйе бірліктері - француздың дюйм деген сөзінен туындаған пунктер (п) мен квадраттарды (кв) қолданды. Оның негізінде баспаханалық пункт (0,376мм) немесе француз дюймі 1/72 (27,06мм) бөлігін кұрайды, ал 1 квадрат - 48 пунктке (18,04мм) тең.


Практикалық жұмыста баспаханалық бірліктерге бөлінген жол өлшейтін арнайы өлшем сызғышын қолданады. Баспаханалық жүйе ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда, Франция, Германия, Италия, Испания және басқа көптеген елдерде (Англия мен АҚШ-тан басқа) қолданылады. Ал АҚШ, Англия және басқа да бірсыпыра елдерде негізінен ағылшын дюймі (25,4 мм) алынған. Көп уақыттан соң, алғаш рет АҚШ-та көптеп шығарыла бастаған компьютерлерде негізгі бірлігі ағылшын дюймі (25,40 мм) алынған ағылшын типометриясы қолданыла бастады. Мұнда баспаханалық пункт 1/72 ағылшын дюйміне тең, яғни - 0,3527мм. Өлшемнің ағылшын-американдық жүйесінде құрастырылған параллель екі - французша және ағылшын-американдық баспахана өлшем жүйесін қолдану белгілі қиыншылықтар тудыруда. Осыған орай, өлшем жүйесін пайдалану жеңіл болу үшін, жиі пайдаланатын атаулардың кестесі беріледі.
Пунктпен қаріптің кеглі, интерлинияжі терілім жолдарының арасындағы бос орын), беттестіру кезінде фрагменттердің араларын ашық элементтермен бөліп тастауы өлшенеді ал квадратпен терім жолдарының ені мен ұзындығы және терілген кестелердің орналасуы өлшенеді.



Атауы

Шамасы (пунктпен)

Дидо жүйесі (мм)





Ағылшын-американ жүйесі (мм)

Нонпарель

6

2,25

2,11

Петит

8

3,00

2,82

Корпус

10

3,76

3,52

Цицеро

12

4,50

4,2

Квадрат

48

18,043

16,944

Миллиметрмен басылымның пішімі, жиектері, ал сантиметрмен қағаз парағының ені мен ұзындығы өлшенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет