Негізгі басу тәсілдері (жазық офсеттік, шығыңқы флексографиялық және ойыңқы) үшін мәтіндік және бейнелеу ақпаратының фотоқалыптарын даярлауды бірнеше белгілеріне қарап:
- өнімнің түрлі-түсті бояумен басылуы;
- ақпараттың белгілік табиғатына қарай;
- басу тәсілінің түріне қарай;
- ақпаратты жазу әдісі бойынша, деп жіктеуге болады.
Фотоқалыптарды даярлау және оған дейінгі жұмыстарды мәтіндік және бейнелеу ақпараттарын өңдеу деп атайды. Мәтіндік ақпаратты өңдеу — бұл корректуралауды, мәтінді редакциялауды, теруді, оныбеттеуді, баспалық мәтіндік түпнұсқаларды даярлауды, фотоқалыптарды (ақпаратты жазу және фотосуреттерді өңдеу) біріктіретін жұмыстардың кешені. Бейнелеу ақпаратын өңдеу жұмыстарының екі тобын: полиграфиялық ұдайы өндіріс мақсатында бейнелерді өзгерту және фотоқалыптарды даярлауды біріктіреді. Бірінші топқа бейнелеу түпнұсқаларының сипатына қарай әр түрлі жұмыстар, олардың ішінде бейненің өлшемін реттеу (масштаб) мен растрлау, түстерін бөлу, үдеме (бірден бірге сатыланушылық) және түс бөлушілік түзетулер жатады.
Фотоқалып - ақпараттың мөлдір негіздегі фотосуреттік бейнесі. Мұнда оны алдағы уақытта материалға көшіруге қажетті технологиялық өзгертулер болады.
Фотоқалыптар, олардың құрылымы мен түрлері, басу тәсіліне қарай штрихтық, жартылай реңдік және растрлық болып бөлінеді.
Реңдік фотоқалыптар- ойынқы басылымның басу қалыптарын жасап шығару үшін қолданылады. Реңдік фотоқалып үздіксіз өзгеріп тұратын оптикалық тығыздығымен немесе тіпті болмағанда, оның бірнеше деңгейінің (екіден көп емес) бар екендігімен сипатталынады. Бейнелердің әртүрлі топтарының қараю (қалыңдану) дәрежесі (D) әртүрлі болады. Реңдердің ұдайы өндіріс сипаты, негізінен, түпнұсқаның сипатына тәуелді. Фотоқалыптағы жарықтар және көлеңкелер деп аталатын бөліктері олардың оптикалық тығыздықтарына тәуелсіз, түпнұсқаның жарық және көлеңке бөліктеріне сәйкес келеді.
Штрихтық фотоқалыптар офсеттік, шығыңқы және ойыңқы басылым қалыптарын даярлау үшін қолданылады. Штрихтық қалыбының оптикалық тығыздығының тек екі ғана деңгейі бар: штрихтың тығыздығы Dштр және үстіне бір нәрсенің суреті салынатын негізгі түстің тығыздығы Dфн. Штрихтық фотоқалыпта түпнұсқаның барлық деталдары нақты көшірулері керек. Фотоқалыптардағы штрихтар деп түпнұсқадағы штрихтар сәйкес келетін деталдарды айтады.
Растрлық фотоқалыптар жазық және шығыңқы басылым қалыптарын даярлау үшін қолданылады. Растрлық қалыптарды даярлау реңдік түпнұсқадан іске асырылады. Растрлық фотоқалып оптикалық тығыздықтары біркелкі әртүрлі көлемді жеке микроэлементтерден құралады. Бейнені растрлау элементтеріне жіктеу штрихтық фотоқалыптың типтік белгілері бар, атап айтқанда, оптикалық тығыздықтың тек екі деңгейі: растрлық элементтердің тығыздығы мен араларындағы үстіне бір нәрсенің суреті салынатын негізгі түстің тығыздығы бар фотоқалып алуға мүмкіндік береді. Қалыпты қарағанда растрлық фотоқалып реңдік ретінде қабылданады. Басылым қалыбын даярлаудың нақтылы технологиялық сұлбасына және қолданылған жабдықтарға қарай, фотоқалыптар түпнұсқаға қарағанда әртүрлі кереғарлы бейне болу да мүмкін.