12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО)



бет28/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) — аппараттық бағдарламалық, ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық құралдар кешені. Оған, міндетті түрде, енгізілуші ақпаратты бейнелейтін бейнетерминалдық кұрылғысы және принтер түріндегі шығарушы құрылғысы бар жеке компьютері енеді. Бұған аталған бейнелерді өңдеуге арналған құралдардан басқа, сканер де енуі тиіс.
Атқаратын қызметіне байланысты, АЖО құрылғылары енгізу құрылғыларына (пернетақта, сканер, дисководтар, желі), ақпаратты сақтау кұрылғыларына (қатты, икемді және оптикалық дискілер, өңдеу құрылғыларына (микропроцессор), шығару құрылғыларына (монитор, принтер, дисководтар) бөлінеді.
АЖО жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз ету (Soft Ware) кешені қажет. Атқаратын қызметіне қарай, АЖО жүйесі бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдыкталуы тиіс. Теру бейнелерді өңдеу және беттеу үшін, тиісті мәтіндік редакторлар, графикалық бағдарламалар және беттеу жүйелері керек.
Атқаратын қызметтеріне байланысты АЖО техникалық құралдарына қойылатын негізгі талаптар - олардың қуаты, сиымдылық көлемі (память), жүйелердің тез жұмыс істеуі, монитор, принтер мен сканердің сипаттамалары.
Бірнеше компьютерді өзара біріктіру үшін жеке есептеу желі пайдаланылады. Желілерді қолдану деректер алмасу үшін желіге қатысушының кез-келгенімен тез байланысуға, ресурстарды (мысалы, қуатты шығарушы құрылғыны) бірлесіп пайдалануға мүмкіндік береді.
Желілер негізгі екі типті болады: серверлі және бірнеше бірдей компьютер бір бағдарламамен жабдықталатын тең құқықты желі.
Сервер — жұмысқа қажетті бағдарламалар кешені жазылған және қуатты принтер қосылған желіге қызмет ететін компьютер. Әдетте, серверде шеткі компьютерлердегі барлық ақпараттар сақталады. Осыған байланысты, серверде қатты дискілер мен жедел сиымдылық көп көлемді процессор жиілігінің үлкен ырғағы болуы керек.
Беттерді жиыстырып құрастыру - терілген терімдерді, фотосуреттерді және графикалық бейнелерді белгіленген үлгі бойынша, оның ашық жерлері мен беттерді рет-ретімен орналастырып фотоқалып жасау технологиялық процесі. Беттерді жиыстырудың негізгі мақсаты, баспа табақ қағаз, басылым машинасынан басылып шыққаннан кейін, ол қағаз бүктеліп, оның реттік саны, яғни беттері бірінен соң бірі орналасуы қажет.
Егер беттерді орналастыра түсіру компьютерде орындалмаса, онда беттер фототерімде шығарылады. Қазіргі фототерім автоматтарының негізгі сипаттамалары мына төмендегідей болады:
механизімнің түрі, сәулелену, нүктенің көлемі, аппараттық мүмкіншілігі мен линиатурасы, жарықтаудың жылдамдығы, пайдаланушы материалдардың ені. Бұлардың араларында ең жетілгендері, сандық қаріп тасушылары бар лазерлік фототерім автоматтары болып табылады. Бейнені фотопленкаға аудару және оны бекіту үшін фотоматериал химиялық өңдеуден өткізіледі: бекіту жасалынады, суда жуылады және кептіріледі. Пленка шығару машиналарында өңдеудің барлық сатыларынан өткізіледі. Шығару автоматтары жұмыс ерітінділерін түзету, араластыру және белгілі температураны ұстап тұру үшін құрылғыларымен жабдықталған.
Диапозитивтің сапасын бақылау визуалды түрде іске асырылды.
Бейненің пленкадағы оптикалық қалыңдығы декситометрде өтіп жатқан жарықта, ал мәтін диапозитивтерде өтіп жатқан жарықта бақыланады. Мәтінді диапозитивтерде бейнелеу анық, дақсыз болуы тиіс, бейне элементтерінің пішіндерінің бұзылуына, штрихтар мен олардың араларындағы бос орындардың ішінара немесе толық жоғалуларына рұқсат етілмейді. Пленкада дақ, сызат, бөгде нүктелер болмауы керек, мәтіндік бейнелеудің оптикалық қалыңдығы бүкіл аумақта біркелкі болуға тиіс.
Жинақтау (монтаж) жарық түсірілген үлкен столдарда жасалынады, оларға милиметровка (сызбалық қағаз түрі) төселінеді, милиметровканың үстіне астролон салып, жинақтау үлгісіне сәйкес, осы дәптердің беттері орналастырылады. Жинақтау біткен соң, кейбір баспаханаларда синькалау жасайды. Ол үшін жарық сезгіш қағаздың бір табағын көшіруші жақтауға жайып, үстіне фотоқалыптардың жинағын қойып, жарық түсіреді. Қағазда алынған көшірмені аммиакты тұнбада шығарады. Осыдан соң, синьканы оқиды, беттеудің дұрыстығын тексереді. Қателері жоқ болса, басу қалыбын даярлауға кіріседі.
Қателер болған жағдайда оларды түзетеді. Жалпы, түзетуді терілген материалдың принтерден қағазға шығарғаннан кейін жасайды да, содан соң түзетуге кіріседі. Егер синькада қателер табылса, түзетуді басу қалыбын көшіру алдында жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет