12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері


 12  жылдық мектепте  жалпы  орта  білімнің базалық мазмұнын



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата10.01.2017
өлшемі2,83 Mb.
#1579
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3 12  жылдық мектепте  жалпы  орта  білімнің базалық мазмұнын

анықтау әдістемесі

3.1

Бейіндік  оқытуды

ұйымдастыру  бойынша  шетелдік  және

қазақстандық тәжірибелер

Алдыңғы қатарлы дамыған елдердегі 12 жылдық білім беру жүйесі қазіргі

жедел  дамушы  және өзгермелі  заман  талаптарына  сай  жастарға  сапалы  білім

берудегі өз  оңтайлылығын  көрсетіп  отыр.  Бұл  міндетті  жүзеге  асыруға

мынадай үрдістер себеп болды:

ақпараттық  қоғамға  көшу;  мәдениаралық  өзара

қарым-қатынас

ауқымының кеңеюі;

халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде  шешілуі  мүмкін ғаламдық

проблемалардың туындауы;

қоғамның демократиялануы;

экономиканың  қарқынды  дамуы,  бәсекелестіктің  өсуі;  адам  капиталы

мәнінің артуы.

Осыған  сәйкес  дамыған  елдердің білім  беру  жүйесінде  төмендегідей

тенденциялар байқалады [16]:

білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы;

білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі;

білім беру жүйесінде жетілдірілген модельдердің жасалуы;

білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы;

оқыту-тәрбиелеу үдерісіне жаңа технологиялардың енгізілуі;

оқытудың

дәстүрлі


әдіс-тәсілдерін 

ығыстырып, 

оқушылардың

танымдық белсенділігі  мен өзіндік  ойлауын қамтамасыз  ететін  білім  беру

моделіне көшу;

терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

оқушы 

жастарға 



азаматтық-патриоттық,

рухани-адамгершілік,

көпмәдениеттілік,  денсаулық сақтау  және  экологиялық тәрбие  беру  рөлінің

күшейтілуі;

білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

Алыс  және  жақын  шетелдік  мемлекеттердегі  білім  беру  жүйесін  зерттеу

барысында  соңғы  он  жылдың ішінде  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінің

құрылымында, 

оқыту 

мазмұнында 



айтарлықтай

өзгерістер 

болғанын

анықтадық [17].

Әлем елдерінің тәжірибесінде әр  елдің,  әр  мемлекеттің  өзіне  тән жалпы

орта білім  беру  жүйесі  мен  мектеп үлгісі,  орта  мектептердің  әрқайсысының

қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы  мен  мазмұнының ерекшеліктері  бар.

Дүние жүзі елдерінде, атап айтсақ, АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада

мен  Германияда  жалпы  білім  беру ұзақтығы  12  не  13  жыл,  ал  Жапонияда,

Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе

жатқан  елдерде ғана  орта  мектеп  11  жылдық. Жоғары  орта  білім  беру


21

сатысында  оқушыларға білім  беру үдерісінде бейіндік  оқыту  толық  өлшемде

жүзеге асырылып, ерекше белгілерімен ажыратылады [16, 17, 18].

Енді  осылардың кейбіреуінің жалпы  орта  білім  беру  жүйесіне  тоқталып

өтейік.

Америка Құрама  Штатының (одан әрі – АҚШ) білім  беру  жүйесін

зерттеушілер  «демократиялық»,  «барлығы

үшін  ашық»,  «білім  беру

мүмкіндіктері  тепе-тең» деп  атайды.  Ал  оның  құрамындағы әрбір  штат  білім

мазмұны  және құрылымымен,  оқу  бағдарламаларымен  айрықшаланады.

Барлық штаттар үшін білім  алу ұзақтығы – 12 жыл, оқу  мерзімі 6 жас пен 18

жас  аралығын қамтиды.  Жалпы  орта  білімнің  құрылымы – 6+3+3  немесе  8+4

(мектептің  қай  штатта  орналасуына  байланысты). АҚШ-та  орта  мектеп  2

буыннан  тұрады:  кіші  және  жоғары  мектеп.  Кіші  орта  мектептің  7-9

сыныптарында  жалпыға  бірдей  бағдарлама қолданылып, қалған  сабақтары

таңдау  бойынша  (элективтік  курстар)  жүреді,  жоғары  орта  мектептің  10-12

сыныптарында  міндетті  түрде  5  оқу  пәні  және  тәжірибелік,  академиялық

бағыттағы  бейіндік пәндер  оқытылады. Әрбір  оқушыға  арнайы  оқу  жоспары

құрылып,  одан  кейін  оқушылар  топтарға  бөлінеді  (әр  түрлі  бағыттарға

байланысты):  филологиялық,  қоғамдық, математикалық, жаратылыстану,

ақпараттық. Академиялық емес  бағыттағы  оқушылар  міндетті  пәндерді  және

тәжірибелік  курстарды  оқиды.  Барлық оқушылар үшін  міндетті  пәндер  және

таңдау  пәндері  бекітілген.  Солардың көмегімен  оқыту  бағыты  бойынша

саралау  (дифференциация),  яғни  білім  беру қызметінің вариативтілігі әртүрлі

таңдау  пәндері  бойынша  оқу  пәндерінің аймағын  кеңейту  арқылы  жүзеге

асырылады. 

Барлық


штаттарда 

ағылшын 


тілі 

(оқу), 


математика,

жаратылыстану ғылымдары  және ғылыми әдістер,  АҚШ  тарихы,  бейнелеу

өнері, музыка, денсаулық және тамақтану, тәжірибелік өнерлер (дизайн), дене

тәрбиесі  және  шетел  тілдері  оқытылады.  Көптеген  мектептер  шет  елдердің

тарихы  мен  мәдениетін  оқиды.  Апталық оқу  жүктемесі  19,8-ден  24,9  сағат

аралығында  (қай  штатта  орналасуына қарай)  болады. Әдетте,  орта  білім  беру

жүйесінде  2  жыл  математика,  2  жыл  жаратылыстану ғылымдары,  4  жыл

ағылшын тілі  және  3  жыл әлеуметтік  пәндер оқытылады. Оқушылар басқа  да

пәндерді,  сонымен қатар  көрсетілген  талаптардан  жоғары  болатын  жекелей

бағдарламаларды  алуы  мүмкін.

Білім  деңгейін  бағалау  мен  бақылау

барысында  көбінекей  кредитті  көп қолданады.  Мектепті  бітіргендігі  туралы

аттестат алу үшін небәрі 16 кредит жинауы қажет. Орта мектепте оқу жылы 2-

3  кезеңге  бөлінеді, әрқайсысының аяғы  5  немесе  100 ұпайлық жүйемен

бағаланады. Мысалы, А (93-100) - өте жақсы; В (85-92) - орташадан жоғары; С

(75-84) - қанағаттанарлық; Д (65-74) - нашар; Е (0-64) - ешқайда көшірілмейді,

ең төменгі баға [16].

Англияның орта  білім  жүйесінің  құрылымы  (бастауыш  мектеп  +  негізгі  +

толықсыз орта мектеп + толық орта мектеп): 6+5+2. Міндетті оқу мерзімі – 11

жыл,  оқуға  баланы  5  жасынан қабылдайды.  Академиялық бөлімде  оқитын

оқушылар  тереңдетілген  бағдарламалар  бойынша  оқып,  11-ші  жылдың

соңында  толық орта  мектепке  түсу үшін  емтихандар  тапсырады.  Міндетті

мектепті 

бітірушілердің

кейбіреулері 

жұмыс 

істеуге 


немесе 

кәсіби


22

мектептерде  оқуға барады.  Англияның орта  мектептерінде  жоғары  оқу

орындарына  түсуге  бағытталған  тек  академиялық оқыту  жүзеге  асырылады.

Мұнда ғылыми-жаратылыстану немесе гуманитарлық және басқадай бағыттар

жоқ;  әрбір  оқушы үшін  жеке  оқу  жоспары құрылады.  Академиялық бағыт

негізгі және мектептің мүмкіндіктеріне байланысты пәндерді қамтиды. Негізгі

пәндер  (ағылшын  тілі  және әдебиет,  тарих,  география,  математика,  физика,

химия,  биология, өнер,  шетел  тілдері)  жеке  курстармен  берілген.  Олардың

ішіндегі  3  пән  (ағылшын  тілі,  математика,  жаратылыстану)  орта  білім үшін

негізгі болып саналады. Қалған жеті пән базалық болып табылады: технология

(дизайн  және  технология  және  ақпараттық технология),  тарих,  география,

музыка, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі, қазіргі заманғы шетел тілдері[17].



Ұлыбританияда 11  жылдық міндетті  білім  беру  мен  міндетті  емес  13

жылдық жалпы  білім  беру  жүйесі  жұмыс  жасайды.  Білім  берудің реформасы

АКТ-не  байланысты  міндетті  білім  беру  4  «негізгі  кезеңге»  бөлінген:  5  пен  7

жас,  7-ден  11  жасқа  дейін,  11–14  жасқа  дейін,  14-пен  16  жас  аралығы.

Жасөспірім 14 жасқа толғаннан кейін кәсіптік мектепке түсуге құқысы бар. Ал

16 жастан кейін оқушы білім алуын жалғастыруға немесе өз қалауы бойынша

жұмыс істеуге құқылы. Олар өз білімдерін екі жыл бойы жалпы білім беретін

мектептерде жалғастыра алады. Сонымен Ұлыбританиядағы жалпы білім беру

ұзақтығы 13 жылға тең келеді. Мұнда 3 түрдегі мектептер бар: жалпы мектеп,

грамматикалық мектептер  мен қазіргі  таңдағы  (MODEM)  мектептер.  Он  бір

жылдық білім  16  жас  шамасында  аяқталады.  Жалпы  білім  беретін  мектептің

орта  білімдік  мектебін  бітіргендер өз  білімдерін  екі  жылдық колледжде

жалғастыра  алады,  соңынан  «А»  деңгейлі  сертификатқа  ие  болады,  бұл

арнайы білім туралы сертификат. Ал он бір жылдық грамматикалық сыныпты

бітіргендер өз  білімдерін әрі қарай жалғастыруы үшін  12-13  сыныптарда  оқи

алады, оны бітіргеннен кейін ЖОО түсуіге жолдама алады. Ұлыбританияда екі

негізгі бейіндік бағыт бойынша оқыту жүргізіледі: біріншісі – «академиялық»-

таңдаған  пәнін  тереңдетіп  оқу  (ол  жоғары  оқу  орнына  түсуге жол  ашады),

екіншісі – «кәсіби» - қолданбалы және  кәсіби  пәндерді қысқартылған  оқу

жоспарына сәйкес оқыту болып табылады [16].



Германиядағы орта  білім  жүйесінің  құрылымы  (әртүрлі  жерлерде):  4+5+4

және  6+4+3.  Мектептегі  оқыту  екі  сатыдан  тұрады.  1-ші  саты – бастауыш

мектеп,  ол  1–4  сыныптарды қамтиды  (оқу  6  жастан  басталады).  2-ші –

жоғарғы  саты,  ол  міндетті  кәсіби  мектепті қамтиды,  оның мынадай  типтері

бар:  жоғары  оқу  орындарына  түсу үшін  жалпы  дайындыққа  бағытталған

оқыту  циклі,  жоғары  арнайы  оқу  орындарына  түсу үшін  дайындыққа

бағытталған оқыту циклі, кәсіп бойынша арнаулы оқыту циклі, дуальды жүйе

бойынша кәсіби оқыту (өндірістік оқыту және кәсіби мектеп). Негізгі мектепте

(5-10  сыныптарда)  50%-ға жуығын  жасөспірім  оқушылар құрайды,  олар

толықсыз  жалпы  білімді  меңгергеннен  кейін,  кәсіби  білім  алуға  жолдама

алады. Ал нақтылы мектепте (5-10 немесе 7-10 сыныптар) кәсіби-практикалық

бағытта  жалпы  толықсыз  білім  беріледі,  онда  физика,  химия,  биология,  шет

тілдері  мен  басқа  да  академиялық пәндер  оқытылады.  Нақтылы  мектепті

бітірген оқушы  орта  және содан  кейін арнайы жоғары  кәсіби-техникалық оқу



23

орындарына  түсе  алады.  Гимназия  (5–13  немесе  7–13  сыныптар)  толық орта

білім  меңгертіледі  және  университеттік үлгідегі  ЖОО  түсу құқығын  береді.

Гимназиядағы  міндетті  пәндер:  неміс  тілі  мен әдебиеті,  тарих,  география,

математика,  биология,  дене  тәрбиесі,  музыка,  дінтану  болып  табылады.

Гимназияның бейіндік  білім  беруіне  байланысты әртүрлі  нұсқадағы  оқу

бағдарламалары  беріледі.  Германиядағы  мектептерде  бейіндік  оқыту

барысында пәндер блоктарға сәйкес біріктіріледі, мысалы: «тіл-әдебиет-өнер»,

«әлеуметтік  білімдер»,  «әлеуметтік-экономикалық», т.с.с.  Бейіндік  бағыттағы

пәндерден  басқа  тілдік, әдеби-көркем, қоғамдық-ғылыми,  математикалық

немесе  жаратылыстану-ғылыми пәндерін  меңгере  алады. Міндетті  пәндер

қатарына «Құдайдың заңы»  («Закон  Божий»)  және  дене  тәрбиесі  кіреді. 12

және  13  жылдық

мектепті  сәтті  аяқтаған  балалар

үшінші  деңгейді

аяқтағандары туралы  аттестатқа  ие  болады.  Бұл  аттестат  кез-келген  бейінде

оқуға жолдама болып табылады. ЖОО-ғатүсуде оқушының аттестаты, ондағы

орта ұпай негізгі рөл атқарады. Германияда элитарлы орта мектептермен қатар

училищелер  жұмыс  істейді.  Орта  білім  беретін  оқу  орындарында  алты

деңгейлі  білімді  бағалау  шкаласы  негізге алынған,  ол:  «өте  жақсы» (1)  =  15-

14-13 ұпай; «жақсы» (2) = 12-11-10 ұпай; «қанағаттанарлық» (3) = 9-8-7 ұпай;

«қанағаттанаралықтан  төмен» (4)  =  6-5-4;  «нашар»  (5)  = 3-2-1 ұпай;

«қанағаттанарлықсыз» (0) = 0 ұпай [18].

Франция мектептері  5+4+3  схемасы  бойынша  жұмыс  істейді,  бірін-бірі

біртіндеп  ауыстырып  отыратын үш  білім  беру ұйымдарынан:  бастауыш

мектеп,  колледж,  лицейден  тұрады.  Оқу  мерзімі – 12  жыл.  Бірыңғай  оқу

жоспары,  курстары,  жалпы  критерийлері,  емтихандары,  біліктіліктері  (білім

беру  бағыттары  бойынша)  барлығы үшін  бірдей болатын  республикалық

дәстүрі бар. Франциядағы жоғары (бейінді) мектеп арнайы білім беру ұйымы –

лицей болып табылады. Лицейде оқуын жалғастыруға колледжді (біздің елде –

негізгі орта білім) бітірген азаматтар ғана құқылы. Қазіргі уақытта Францияда

3 жылдың ішінде бакалавриат беретін лицейлер көп. Колледж түлектерінің бір

бөлігі  мамандық алып,  кәсіби  лицейлерге  (lycee  professionell)  барады.  Онда

олар  таңдаған  бағыт  бойынша  білім  алады.  Басқалары  жоғары  оқу

орындарына  түсуге ұмтылады  және үш  жыл  бойы  бакалавр  дәрежесіне

емтихандар тапсыруға дайындалады. Жалпы білім беру филология, экономика

немесе 


жаратылыстану

ғылымдары 

бағыттарына 

орай


құрылған.

Мамандандыруға  сәйкес  лицейліктер  BAC-ES  (экономика  және әлеуметтік

ғылымдар),  BAC-L  (тіл  және әдебиет),  BAC-S  (жаратылыстану ғылымдары)

игереді.  Техникалық бағыт  төрт  түрлі  мамандандыруды қарастырады:  STI

(ғылым  және өндірістік  технологиялар),  STT  (қызмет  көрсету  аймағындағы

технологиялар), 

STL 

(зертханалық



зерттеу 

технологиялары) 

SMS

(медициналық-әлеуметтік ғылымдар). Бастауыш  және орта  мектеп деңгейінде



оқушылардың білім,  іскерлік,  дағдысын  бағалауда  арнайы  екі  шкаланы

қолданады. Бірінші жағдайда - 0-ден 10 ұпай аралығында, екінші ретте - 0-ден

20-ма ұпай  аралығы.  1-ші  шкала  бойынша  білімді  бағалау  келесідей  ретте

сипатталады:  «өте  жақсы» - 8  және  одан  жоғары ұпай,  «жақсы» - 7 ұпай,

«жеткілікті деңгейде жақсы» - 6 ұпай, «қанағаттанарлық» - 5 ұпай, «орташа» -


24

4 ұпай, «нашар» - 3 ұпай, «өте нашар» - 2 ұпай және одан да төмен. Ал екінші

шкалаға  сәйкес  бағалау  реті  келесідей:  «өте  жақсы»-16  және  одан  жоғары

ұпай,  «жақсы» - 14–16 ұпай  аралығы,  «қанағаттанарлық» - 10–11 ұпай,

«орташа» - 8–10 ұпай, «нашар» - 6–8 ұпай, «өте нашар» - 5 ұпай және одан да

төмен.  Мектепті  тәмамдағаннан  кейін  оқушылардың барлығы  бакалавр

курсына сәйкес емтихан тапсырады.

Канаданың білім  беру  жүйесінің  құрылымы:  бастауыш  (1-6  сыныптар),

жалпы орта білім (7-9 сыныптар), толық орта білім (10-12 сыныптар). Міндетті

білім беру 16 жасқа дейін бекітілген. Мектептік білім беру әр аймақта өзіндік

ерекшелігімен  сипатталады.  Конституция  бойынша әр  провинция  білім  беру

жүйесімен өздері  айналысады.  Балалар  мектепке  6  жастан  барады.  Басқа

мемлекеттердегідей  Канададағы  білім  беру  бастауыш,  орта  және  жоғарғы

сыныптардан  тұрады.  Барлық аймақта  (тек  Квебек  провинциясында  оқу  11

жылдық)  12 жылдық білім  беру  орын  алған,  бірақ Онтарио  провинциясында

13  жылдық білім  алу  бекітілген әрі  арнайы  емтихан  тапсырумен  аяқталады

(Ontario  Academic  Credit).  Толық орта  білімді  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес

оқушылардың  90%-ы  меңгереді. Алғашқы  кәсіби  білім  беру  орта  мектептің

жоғары сатысындағы 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады. Мектепте білім

беру  ағылшын  және  француз  тілдерінде  және  тегін  жүргізіледі.  Он  жылдық

оқу міндетті, кейін оқушылар өз білімдерін 11-12 (13) сыныптарда жалғастыра

алады  немесе  колледжге  барып  оқуға құқығы  бар. Әр  провинциялық білім

беру жүйесі өзінің дінін, тарихы мен мәдениетін оқыта алады. Орта білім беру

жүйесі  3  сатыдан  тұрады:  бастапқы  немесе  элементар  мектеп  (6  жыл  оқу);

төменгі  орта  мектеп  (3-4  жыл  оқыту), жоғары  орта  мектеп  (3-4  жыл  оқыту).

Жоғары  орта  мектеп  бағдарламасы  3-4  жылға  (10-12  және  кейде  13-ші

сыныпқа)  арналған.  Оған  да  төменгі  орта  мектептегідей  көппрофильдік,  яғни

әртүрлі

бейіндерге  бөліну  жүзеге  асады:  академиялық,



жалпы  және

практикалық бағыттар [16, 17, 18].



Норвегияда мемлекеттік мектептер басым болғандықтан, ондағы білім алу

тегін  жүзеге  асырылады.  Толық орта  білімді  меңгеру  13  жылға  дейін

ұзартылған (6 жастан 19 жасқа дейін). Жоғары мектеп – білім беру ұйымының

өзіндік түрі. Барлық норвегиялық жоғары мектептер бейіндік болып табылады

және  олар  оқушыларға  академиялық немесе  кәсіби  бағытын  таңдауға

мүмкіндік береді. Академиялық бағытта оқыту 3 жыл, ал кәсіптік оқыту 4 жыл

(өндірістегі  практикасымен қоса  алғанда). Әрбір  жоғары  мектеп  жалпы  білім

беретін 


профильдерді 

(физика-математикалық, 

ғылыми-жаратылыстану,

әлеуметтік-экономикалық, тілдік, қоғамтану)  және  4-5  кәсіби  профильдерді

ұсынады.  Олардың  қатарына:  ағаш  және  темір өңдеу,  электроника  және

компьютерлік  техникаға

қызмет  көрсету,

құрылыс,  аспаздық,

ауыл

шаруашылығы,  сонымен қатар бірнеше  шығармашылық профильдер:  музыка,



би, театр, журналистика негіздері және т.б. 10 жылдыққа бастауыш және орта

сыныптар, қалған үш  жылда  жоғары  сыныптар  жатады.  Жоғары  сыныптарда

оқушылардың мектепті бітіріп ЖОО-ға түсуіне көп көңіл бөлінген.

Жапонияда орта  білім  беру  3  сатыдан  тұрады  (6+3+3):  бастауыш  мектеп

(1-6  сыныптар) – сегакко;  төменгі  орта  мектеп  (7-9  сыныптар) – тюгакко;



25

жоғары  орта  мектеп  (10-12  сыныптар) – котогакко. Жапонияда төменгі орта

мектептегі 

негізгі 


сабақтар: 

жапон 


тілі,

қоғамтану, 

математика,

жаратылыстану ғылымдары,  музыка, өнер,  дене  тәрбиесі,  шетел  тілдері,

әлеуметтік сабақтар,  пәнаралық сабақтар,  таңдау  бойынша  пәндер  (ауыл

шаруашылығы  және  коммерция, өндірістік өнер  және үй  шаруашылығы).

Төменгі  орта  мектепті  бітіргеннен  кейін  оқушылар  жоғары  орта  мектепке,

техникалық колледждерге,  арнайы  орта  мектептерге  бөлінеді.  Жоғары  орта

мектепте  екі  бөлім  бар:  жалпы  білім  беретін  және  кәсіби  бөлімдер.  Жалпы

білім  беретін  бөлім  екіге  бөлінеді:  жалпы  және  академиялық  (гуманитарлық

және  жаратылыстану-математикалық). Жалпы  бөлімде қолданбалы  сипатты

мазмұндағы  пәндер  жүреді.  Кәсіби  бөлімде  оқу  мерзімінің жартысынан  көбі

кәсіби  дайындыққа  кетеді. Мектептің жоғары  сатысы  (10-12  сыныптар)  бес

түрлі:  техникалық, сауда,  ауылшаруашылық, флоттық,  қосымша  мектептер

болып құрылған. Білімді  тексеру  тәсілі – жазбаша  тест  арқылы  жүзеге

асырылады.  Бастауыш  және  орта  мектепте  5  дәрежелі  шкала  бағасы

қолданылады:  S  (өте  жақсы),  А  (жақсы),  В  (қанағаттанарлық), С  (нашар),

D  (өте  нашар).  Сонымен қатар  орта  мектепте  білімді  бағалау  американың

кейбір мектептері секілді кредиттік жүйе де қолданылады [16, 17, 18].

Қытай елінде  міндетті  9  жылдық мемлекеттік  білім  беру  енгізілген.

Бастауыш  мектеп – 6  жыл,  ол  екі  сатыға  бөлінеді:  4+2.  Екінші  саты  осы

жастағы  балалар үшін  кәсіби  дайындық береді. Қытайдың базалық білім

жүйесіне  мектепке  дейінгі,  бастауыш,  толықсыз  орта  және  толық орта  білім

беру  енеді.  Жалпы  орта  білім  беру  12  жылдықты құрайды,  бірақ бұл

барлығына  міндетті  емес болып  табылады. Қытайдағы  орта  білім  жалпы

пәндер  (3  жыл)  және  таңдау  пәндері  (1  жыл)  бойынша  дайындық жүргізеді.

Негізінен,  кәсіби  білім  беру  жүйесі қалыптасқан.  Оған  жоғары,  орта  және

бастауыш  деңгейлері  және  кеңірек  профильдер  жатады.

Ақпараттық

технологияның, бәсекеге  негізделген  нарықтық  қатынастардың жаһандану

үрдісінің өрістеуін алдын  ала  болжаған Қытай  елінде  болашақ  Қытайдың

азаматын

қалыптастыру  мақсаты

қойылып,  білім  беру  парадигмасын

технократтық

көзқарастан  гуманитарлық

көзқарасқа  ауыстыра  отырып,

ұлттық рухани құндылықтарға, Қытай ұлтының озық мәдени  дәстүрлеріне,

ізгілік  пен  рухани-адамгершілікке  негізделген  идеологиялық, патриоттық

тәрбиеге  басты  мән  беретін  парадигмаға өту  жүзеге  асырылған.  Сонымен

қатар,  бұл  елде  базалық білімді  нағайту;  білімді қатаң регламенттендірілген,

орталықтандырылған түрінен мазмұны мен әдістемесі вариативті, көп нұсқалы

жүйеге ауыстыру; оқу жоспарының оқшаулығын, шашыраңқылығын азайтып,

технология  мен қоғам  дамуының жаңа  тенденцияларына үйлестіру;  пәндік

білімдерді

сабақтастырып,  кешенділігін  арттыру,  оны  практикалық іс-

әрекетке,

өмірлік  тәжірибеге,  шығармашылыққа  бағыттау,  ақпаратты,

көкейкесті  мәселелерді  талдауға  және өз  бетінше  шешуге қабілеттілікті

қалыптастыруды шешу  жүзеге  асырылуда.  Жоғары  сыныптарда бейіндік

бағытта  оқыту  жүзеге  асырылады.  Аптасына  40  сағаттық оқу  жүктемесі

жоспарланған,  оның  35-і  нақты  сыныптық білімідерге  арналса,  3-і қайталау

мен  емтихандарға,  ал  2-і қоғамдық тәжірибеге  (бұл әскери  даярлық,  әрі



26

өндірістік және  ауылшаруашылық  өндіріске)  арналған.  Жалпы  толық орта

мектептік  деңгейде  12  міндетті  және  7  факультативтік пәндер  енгізілген.

Факультатив  сабақтардың сағатының ұлғаюына байланысты  20%-ға міндетті

физика  оқу қысқарды,  химия  мен  тарихқа  берілетін  уақыттың төрттен бірі

қысқартылды,  ал  математика  болса - 30%-ға қысқарды. Бірақ шет  тілдерін

меңгеруге  деген  сұраныс ұлғайып, сағаты  көбейтілді. 40%-ға эстетикалық

тәрбие  беру,  ал саяси  тәрбие  мен  спорт  5%-ға өсті.  Ал  басқа  міндетті болып

табылатын  биология  мен  географияға,  тіл  мен әдебиетке берілетін  уақыт  сол

қалыпта қалады.  Академиялық мектептерді  аяқтаған  оқушылар, әрі  сәтті

емтихан тапсырғандар орта білімді аяқтағандары туралы аттестатқа иемденеді,

ол–Senior High School Graduation Diploma. Ал жоғары  кәсіби  мектепті

аяқтаған оқушылар арнайы бағдарламамен оқытылу негізінде көптеген білікті

мамандарды  даярлап  шығады,  олар өндіріске, әлеуметтік қызмет көрсетуге,

ауылшаруашылыққа қажетті  мамандар  болып шығады.  Бұл  мектепті  аяқтаған

оқушылар жаппай тапсырылатын емтиханға қатыспайды, олар өз мектебіндегі

бекітілген емтиханды тапсырады да оқуды аяқтағандығы туралы куәлік алады

(Certificate of Graduation) [16, 17, 18].

Білім 


берудегі 

реформалар 

Ресейде, 

Украинада, 

Белоруссияда,

Өзбекстанда, Қырғызстанда,  Арменияда, Әзербайджанда  және  тағы  басқа

ТМД елдерінде де жүріп жатыр.

Дүние  жүзінде  міндетті  негізгі  білім  жүйесі  де әр  түрлі. Біз әлемдегі

жалпы  және  орта  білім  берудің  құрылымының сипаттамасын  диаграмма

түрінде ұсынып отырмыз (1-сурет).

1-сурет ‒ Әлемдегі жалпы және орта білім берудің құрылымы


27

Сонымен, білім  беру  жүйесі  бойынша әлемдік тәжірибені  зерттеу  және

талдау барысында мынадай бағыттар айқындалды:

– дүние жүзінің көптеген елдерінде 12 жылдық оқыту моделі жұмыс істейді

және  оның мазмұны  оқушылардың  қазіргі  заманғы  білім  алу қажеттіліктерін

толығымен қанағаттандыруға  бағытталған.  Дүние  жүзінің көптеген  елдерінде

соңғы  онжылдықта  орта  білімнің  құрылымында  да,  оқытудың мазмұнында  да

айтарлықтай өзгерістер  болды.  Мектептік  білім  берудің теориясы  мен

тәжірибесіндегі  жаңа үрдістер әлеуметтік-экономикалық жетілдірудің және

ақпараттық индустрияның қоғамға көшудегі міндеттерінен туындап отыр;

– экономикалық жағынан  дамыған  елдерде  12  жылдық білім  берудің

стандарттары мен оқу бағдарламалары өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға,

оқушының

жеке  басының  қызығушылығы  мен  талғамдарын  ескеруге,

дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-

ақ әрбір оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке

тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған;

– оқушының  қабілетін  отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына,

жынысына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан барынша дамыту

көзделген;

– жастардың күнделікті қоғамдық өмірдегі болып отыратын өзгерістерге тез

бейімделуіне жағдай жасалған;

– білімнің нәтижелері,  ақпараттарды өздігінен  табу  мен өңдеу  біліктілігін

қалыптастыру,  ақпараттық технологияларды  тиімді  пайдалану, өздігінен  даму

және

өзін-өзі


бағалау  дағдыларын

қалыптастыру  оқушылардың

жеке

мақсаттарымен байланыстырылған.



Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде  жоғары  орта  білім  беру  бойынша жалпы

үрдістер айқындалды:

1) Әлемнің көптеген  елдерінде  жоғары  (толық) орта  мектептер  бейіндік

мектептер  болып  табылады  және  бейіндік  оқыту  мектептегі  оқытудың соңғы

екі, үш  жылын қамтиды. Жетекші  елдердің басым көпшілігінде  жоғары  орта

білім  берудің табалдырығындағы  сараланған  білім  беруді ұйымдастыру  және

барлық оқушылар үшін  негізгі  орта  білім  беру  сатысындағы  білім  беру

мазмұнын үйлестіру  бойынша  жұмыстар  жүргізілуде.  Міндетті  білім  беру,

оқушылар  15/16  жасқа жеткен  жылы  аяқталады.  Жоғары  орта  мектепте  оқуды

жалғастыратын оқушылардың үлесі 70%-дан кем емес;

2) Бағдарлардың ұқсасы деп есептеуге болатын жіктелу бағыттарының саны

өте көп емес: 2-ден 4-ке дейін. Ағылшын тілді елдерде екеу (академиялық және

академиялық емес  (жалпы)), Германияда  сыныптың ішін  3  бағытқа  бөлу

мүмкіндігі 

бар, 

олар: 


жаратылыстану-ғылыми

және 


техникалық–

математикалық, 

өндірістік-экономикалық, 

әлеуметтік-экономикалық.

Францияда 

жоғары 


мектепте 

бөлім 



(бағыт) 

бар: 


гуманитарлық,

технологиялық,

әлеуметтік-экономикалық,

жаратылыстану-ғылыми.

Бағыттардың

ішінде 


практикалық

бағытта 


көптеген

бейіндік 

оқыту

ұйымдастырылған;



3) Бейіндік  даярлауды ұйымдастыру,  оқушының жеке  оқу  жоспарын

қалыптастыру әдісі бойынша  ажыратылады:  барынша қатаң белгіленген



28

міндетті  оқу  курстары  тізбесінен  (Франция,  Германия),  барлық оқыту  мерзімі

бойына

ұсынылатын  көптеген  курстар  жиыны  мүмкіндіктеріне  дейін.



Әдеттегідей 15-тен  кем  емес  және  25-тен  артық емес  оқу  курстары, ұзақтығы

бір  семестрге  дейін  (Англия,  Шотландия,  АҚШ және  т.б.). Негізгі  мектеппен

салыстырғанда  міндетті  оқу  пәндері  (курстар)  саны  елеулі  түрде  аз.  Міндетті:

жаратылыстану ғылымдары,  шетел  тілдері,  математика,  ана  тілде  ауызша

шығармашылық, дене  тәрбиесі. Әлемдегі  апталық сағат  жүктемесі  іс  жүзінде

35-39 сағат;

4)

Оқу  мекемелерінің



жаңа  типтерін,  жалпы  орта  білім  алудың

ұйымдастыру түрлерін  диверсификациялау  мен  күрделендіру үрдістері өсуде.

Бірқатар  елдерде  жоғары  сыныптар  жеке  оқу  орындарына  біріктірілген.

Көптеген  елдерде  жоғары  білім  беру  мазмұнын  жалпы  курспен  және кәсіптік

оқумен  (күндізгі  және  сырттай  түрдегі) қамтамасыз  ете  алатын  мектептен  тыс

мекемелерден алуға болады. Шетелдерде оқушыларға оқуды белгілі бір кәсіптік

қызметтің түрлерімен қоса  игеруге  жол  беріліп  оқудың кешкі  және  сырттай

түрлерінің кеңейуіне  мүмкіндік  жасалады. Бейіндік  мектеп,  білім  беру

мекемесінің дербес түрі ретінде ерекшеленеді: Францияда – лицей, Германияда

– гимназия,  АҚШ-та – «жоғары»  мектеп.  Шет  елдердегі  бейіндік  мектептің

қазіргі құрылымы және  жеке  бағдарлар құрылымы, білім  беру құрылымы  мен

мазмұнын  көптеген  он  жылдар  бойы  генерализациялау  және үйлестіру

үдерісінде қалыптасты.

5) Кәсіптік-техникалық оқу  орындары  орта  білім  беру  жүйесіне  енгізіліп,

«тік» әлеуметтік  оңтайлылыққа,  жоғары  мектептен  білім  алуына қол  жетуіне

мүмкіндік беріледі.

Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесінің дамуы әлемдік білім берудің даму

үрдісіне толық сай  және  оған қайшы  келмейді. Қазақстанда  бейіндік  оқытуды

ұйымдастырудың негізгі  идеялары Қазақстан  Республикасының жалпы  білім

беретін  мектептерін дамыту  тұжырымдамасында  (1996),  жалпы  орта  білім

мазмұнының тұжырымдамасында  (1996)  көрініс  тапты. Қазақстанда  бейіндік

оқыту  11-жылдық білімнің МЖМБС  сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және

жаратылыстану-математика бағыттары бойынша жүзеге асырылады [19].

Орта білім  мазмұнын  бағдарлы  жіктеу  бойынша қазақстандық тәжірибені

талдау  барысында,  12-жылдық білім беру жағдайында  бейіндік  оқытудың

моделін құрылымдау кезінде жағымсыз салдарларын ескеру қажет болатын 11-

жылдық білім берудегі бейіндік  оқытудың бірқатар мәселелері анықталды:

материалдық-техникалық базаның сәйкессіздігі; кадрмен жеткіліксіз қамтылуы;

бейіналды  даярлық жүйесінің жетілмегендігі;  бейіндік  оқытудың екі  бағытпен

шектелгендігі;

бейіндік 

оқытудағы 

білім

мазмұнының



басқа 

білім


деңгейлерімен  сабақтастығының жүзеге  аспағандығы;  бейіндік  мектепте

оқушылардың оқуын  жалғастыруға ынтасының төмендігі; бейіндік  оқыту

нәтижелерін бағалаудың дұрыс жүйесінің болмауы; шағын жинақты мектептер

жағдайында бейіндік оқытуды ұйымдастырудағы қиыншылықтар.

12-жылдық білім беру жағдайында  бейіндік  оқыту  моделін құрастыру

кезінде, әлеуметтік  тәжірибені, қоғамдағы  жаңа құндылықтардың бекуін  және

11-жылдық білім берудегі бейіндік оқыту мәселелерін ескеру керек. 12-жылдық


29

білім берудегі бейіндік  оқыту  мазмұны,  ішкі  бағдарлауларымен  екі  бағыт

(жаратылыстану-математика,

қоғамдық-гуманитарлық)

аясында

жүзеге


асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет