2
12
жылдық
мектептің
11-12
сыныптарында
оқытудың
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
2.1
Мектеп
жасындағы
жасөспірімдік
шақ
оқушылардың
психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Жалпы білім беретін мектептегі оқушылардың балалық шақтары мынадай
кезеңдерге бөлінеді [9]:
1-кезең. Мектепке дейінгі балалық. Бала негізгі өмірлік мұқтаждарын
қамтамасыз етуде ересектердің көмегін қажет етеді, оның ортаның жағымсыз
әсеріне қарсы тұра алу мүмкіндіктер деңгейі өте төмен.
2-кезең. Кіші мектептегі балалық. Баланың биологиялық, эмоционалдық,
материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі сақталады,
бірақ
әлеуметтік-танымдық
мұқтаждарын
мектеп
қанағаттандырады.
Ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті балада аздап өсті. Негізгі
қорғау қызметтері отбасы мен мектепке жүктеледі.
3-кезең. Жеткіншектік балалық. Баланың биологиялық, эмоционалдық,
материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі белгілі бір
мөлшерде сақталады, әлеуметтік-танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда
мектептің, құрбы-құрдастарының ролі жоғарлай түсті. Балада микро-,
макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті біршама өсті.
Құқықтық жауапкершілігі қалыптаса бастады. Ересектердің, тәрбиелеуші
ұжымның қорғау қызметі біршама төмендейді. Осы кезде, еркін қарым-
қатынаста
туындаған жағымсыз жағдайдың
ықпалы балада жоғары
эмоционалдық қабылдауды қалыптастырады.
4-кезең. Үлкен балалық. Эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын
қанағаттандыруда
отбасының
рөлі белгілі бір мөлшерде сақталады.
Оқушының әлеуметтік, танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда, оның өз
білімін жетілдіру,
өзін-өзі тәрбиелеуді
ұштастыра білетін мұғалімдер
маңызды роль атқарады. Кейбіреуі материалдық мұқтаждарын өз бетінше
қанағаттандыруы
мүмкін. Толық құқықтыққа ие (үйленуден басқа).
Ересектер сияқты микро-, макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу
қабілеті жоғарлады. Енді ересектер болашаққа әлеуметтік-кәсіби бағыт-
бағдар беру қызметімен айналысады.
Жасөспірім кезеңде оқушылардың дамуы мынадай ерекшеліктермен
жүзеге асырылады [9]:
баланың биологиялық, эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын
қанағаттандыруда отбасының ролі белгілі бір мөлшерде сақталады. Бірақ,
осы кезеңнің аяғына қарай өздерінің кейбір материалдық мұқтаждарын
қанағаттандыру мүмкіндігі пайда болады;
эмоционалдық,
материалдық
мұқтаждарын
қанағаттандыруда
отбасының ролі белгілі бір мөлшерде сақталады. Кейбіреуі материалдық
мұқтаждарын өз бетінше қанағаттандыруы мүмкін;
әлеуметтік-танымдық
мұқтаждарын
қанағаттандыруда мектептің,
құрбы-құрдастарының ролі жоғарлай түсті;
12
оқушының әлеуметтік, танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда,
оның өз білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеуді ұштастыра білетін мұғалімдер
маңызды роль атқарады;
толық құқықтыққа ие (үйленуден басқа). Ересектер сияқты микро-,
макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті жоғарылады;
ересектердің,
тәрбиелеуші
ұжымның қорғау
қызметі біршама
төмендейді. Осы кезде, еркін
қарым-қатынаста
туындаған жағымсыз
жаңдайдың
ықпалы
балада
жоғары
эмоционалдық
қабылдауды
қалыптастырады;
енді ересектер болашаққа
әлеуметтік-кәсіби бағыт-бағдар беру
қызметімен айнасады.
16-18 жастарда адамның тұлғалық жағынан өсіп жетілуі аяқталады, оның
өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, алғаш рет өз бетімен
шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады.
Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі емес, сонымен бірге
мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейдегі білім, нормалар мен дағды
жүйесін игеруі, сол арқылы тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара
алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезіне алады. Жасөспірім шақ пен
жастық шақтың арасында айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты
түрда ғана алынады, тіпті көп жағдайда бір-бірімен үйлесімді болып келеді
[10].
Жасөспірім шақтағы оқушылардың маңызды психологиялық үдерісі –
өзіндік ақыл-ойдың және «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады.
Сананың толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастылығымен,
басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленетін жалғыздық сезімі пайда
болады. Жастық шақтағы «мен» әлі толық аяқталмаған, бұлыңғыр сезім. Ол
көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды
қажетсіну сезімінде болады. Осыдан кейін басқалармен араласуға деген
құштарлық, кіммен қарым-қатынас жасауды таңдау, оңаша қалу пайда
болады.
Қазіргі жоғары сыныптардағы оқушылардың
дене жетілуі мен
психикалық дамуы жағынан, осыдан он жыл бұрынғы құрдастарына
қарағанда, айтарлықтай жоғары. Олар өздерін ересектер санатындамыз деп
есептейді.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші
педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның
негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін жағдай жасау, өз болашағының
әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алу үшін көмектесу.
Мектеп жасындағы жасөспірім шақтарында оқушылардың өз өмірінің
келешегі мен жоспарлары, дүниетанымның негізі қалыптасады, өмірге деген
өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Балалардың дамуына
әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге
болады: биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта (қоршаған орталық
және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау
заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады.
13
Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған
өзгерістерді айтады.
2.2
Жоғары
сынып
жасөспірім
жасындағы
оқушылардың
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Психологиялық-педагогикалық
зерттеулерде
көрсеткендей
негізгі
мектептегі оқушылардың психикалық дамуындағы өзгерістер бәрінен бұрын
оқу дағдысымен байланысты болса, ал жоғары сыныптағы оқушылардың
психикалық дамуында қоршаған ортамен әлеуметтік қатынас орнату жүйесі
маңызды орынға ие.
Мектептің жоғары сатысы кезеңінің басты ерекшеліктерінің бірі –
физикалық және жыныстық жетілу жасөспірімдер үшін үлкен түсіністік пен
іштей толқуларды туғызады. Бірақ бұл өзгерістер әр жасөспірімде түрлі
жолдармен жүзеге асады. Бала ағзасында осындай өзгерістер олардың
психикасы мен мінез-құлқына үлкен әсер етеді деп ойлайды үлкендер.
Сондықтан да бұл кезеңде шамадан тыс ренжігіштік, ашушаңдық, өжеттік,
шапшаңдық бой көтереді. Бірақ ересектер жағынан байқағыштық пен назар
салушылық байқалса, бұлардың болмауы да мүмкін [11].
Физикалық және жыныстық жетілу жасөспірім басқа жынысқа деген
қызығушылықты және бір мезетте өзінің сыртқы түр сипатына назар
аударуды күшейтеді. Бірақ
бала
бұл мәселелерді не
әлеуметтік, не
психологиялық жағынан шешуге әлі дайын емес. Іштей бой көтерген қарама-
қарсылықтарды шешуге көмектескен үлкендердің көмегі арқылы жасөспірім
қылығы анықталады. Оның психикалық дамуында бағыт-бағдар алуында
әрбір ересек үшін және әрбір бала үшін әлеуметтік ортамен ара қатынасында
өзіндік жүйесі бар [9].
Жасөспірімнің әлеуметтік жағдайда дамуының өзділігі сонда, оның
қарым-қатынастың жаңа жүйесі кіретіндігі мен жаңа міндеттерді орындау
барысында ересектер мен жолдастары арасында жаңа орын алатындығында
болып отыр.
Жасөспірімдер мұғалімнің іс-әрекетіне, қылығына, даралығына жоғары
талап қойады. Олар мұғалімді үнемі бағалап отырады және сол арқылы
өздерінің оған деген қатынас деңгейін қалыптастырады. Тәрбиешілер мен
ата-аналардың пікірінің жолдастардың, ұжымның пікірімен, жасөспірімнің
өзінің пікірімен сәйкес немесе сай келуі өте маңызды. Тек осындай жағдайда
ғана пайда болған қарама-қарсылықтарды дұрыс шешуі және осы арқылы
жасөспірімнің
дұрыс дамуы
үшін жақсы жағдай туғызуға
болады.
Жасөспірімнің жолдастарымен тұрақты қарым-қатынас орнату ұжымда тиісті
орнын алуға деген құлшынысын арттырады. Бұл баланың іс-әрекеті мен
қылығындағы
басты
түрткілердің
бірі.
Бұл
кезде
өзін
нақтылау
құлшынысының қаттылығы сонша, жолдастарын танып-білуде жасөспірім
көптеген нәрсеге дайын: ол өзінің көзқарастары мен дәйектемелерін алға
тарта алады. Жолдастарының көз алдында абыройын жоғалтып, өзінің ары
мен намысын түсіріп алу жасөспірім үшін үлкен қасірет. Міне, сондықтан да
14
жолдастарының
алдында дұрыс емес іс-әрекеттеріне
айтылған сын-
ескертпелерді жасөспірім өте зор шарпумен қабылдайды. Мұғалімнің мұндай
сын-ескертпесін ол өзінің даралығының төмендеуі деп түсінеді. Осындай
жағдайлар жолдастары мен ата-аналар тарапынан айтылған сын-ескертпелер
кезінде де байқалады. Осы жағдай негізінде жасөспірім мен мұғалім
арасында қарама-қайшылық пайда болады да, жасөспірім қиын балаға
айналады. Жасөспіріммен мектеп ұжымындағы тек қана нақты ара қатынас,
эмоционалды сәттілікпен қаматамасыз ету оң дамуына психологиялық
сәттілік негіз бола алады.
Жоғарыда айтылғандардың ең бастысы – отбасы. Барлық жол, барлық
бастау отбасынан басталатын болса, онда жасөспірімдердің толыққанды өсіп
жетілуінде отбасының алар орны ерекше. Жасөспірімді өз отбасында дұрыс
түсініп, оның пікірлерімен санасып, көптеген сұраулары мен мәселелері оң
шешімін тауып отырса, барлық нәрселердің дұрыс жолда болары анық [10].
Жасөспірімнің интеллектісі (қабылдау, ес, қиял,т.б.) шарықтап, дами
түсетіндіктен, олардың қабылдауы да жүйелене, күрделене түседі. Естің
логикалық, мағыналы жағы, әдейілеп еске түсіру, қайта жаңғырту формалары
жаңа мазмұнға ие бола бастайды, ойлау қабілеті белсенді, орамды, терең,
дербес болып келеді [11]. Олар жұрттың айтқанын таразыға салып, сын
көзімен қарап, бұларды пайымдай салыстырып, содан кейін санаға тиісті
қорытындыға келуге тырысады. Шығармашылықтық ойлау, яғни, айналаны
жәй ғана аңғартып қоймай, өткендегіні де танып – білуге құмарту, болашаққа
көз жүгірту, заттың ішкі мәнін, сыр – сипатын, жалпы заңдылықтарын
тұжырымдау осы жастағылардың ойлауына тән басты ерекшелік.
Тұлғаның
дамуы
өзіндік сананың
дамуымен
қатар
ұғынылмаған
психикалық реттеуді, өзінің «Мені» жайлы түсініктердің (бейнелер, Мен-
концепциясы) өзіндік бағалау, өзін сыйлау сезімдері, талаптану деңгейлері
жүйесінен тұрады. Адамдағы «Мен концепциясы», «Мен кіммін?», «Мен кім
боламын?» деген сұраққа жауап береді. «Меннің құрылымы» дегеніміз ол
өзіңе деген сенім, өзіңе қатысты информацияларды өңдеуге бағытталады,
«мүмкін деген Мендер» болады ол қандай болғым келеді деген армандар
және болашақта не болады деген
қорқыныштар», «әлеуметтік мен»
әлеуметтік тәжірибелер сәттіліктер мен сәтсіздіктер тәжірибесі, басқа
адамдарды бағалау, «мен сезімі» деген болады, ол өз ойлары мен әрекеттерін
ұйымдастыру.
Психологияда ғылыми зерттеулер басталып, тұлға жайлы анықтамалар
көп. Көп жағдайда тұлғаны оның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіретін
орнықты психологиялық қасиеттерінің, атап айтқанда жақсылық, жамандық,
этика және мораль, оларды орнату немесе бұзу сияқты қасиеттердің
жиынтығы ретінде анықтауға болады [12].
Адамның тұлға ретінде қалыптасуы жасөспірім жасында деп санайды,
яғни 16-18 жаста. Осы жаста адамда барлық тұлғалық негізгі қасиеттері
көрінеді, осы жаста адам орнықты тұлға бола бастайды бұдан кейін өтетін
өзгерістер
балалықта
қалыптасқан тұлға негізін аз мазалайды. Адам
15
тұлғасында өтетін өзгерістер оның индивидуалды тәжірибесі мен өмір
бейнесімен байланысты мектепті аяқтағанда өтуі мүмкін.
Сондықтан, жасөспірім жасындағы баланың лидерлік тұлғасын дамытуды
мақсат етуіміз, осы шақтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, болжамды іске асыру керек деп санаймыз.
Жасөспірім
кезеңнің
күрделілігі,
оның
«өтпелі»,
«бет
бұрыс»,
«сыналатын», «қиын» т.б. атауларға ие болуынан да көрініс табады [12].
Себебі, бұл жас кезеңінде барлық бағыттарда саналылық, жаңа құрылымдық
қалыптасады, ағзаның,
сана-сезімнің үлкендермен және жолдастармен
қарым-қатынастың,
олармен
әлеуметтік
өзара
іс-әрекет
әдістерінің,
мүдделердің, мінез-құлық пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-
этикалық
нормалар мазмұнының қайта
құру нәтижесінде ересектік
элементтері пайда болады.
Әлеуметтік ересектің дамуы – баланың ересектер қоғамында, оның толық
та кең құқықты мүшесі болып өмір сүруге деген даярлығының қалыптасуы.
Бұл процесс объектілік қана емес, субъективті даярлықтың да дамуын
көздейді, ол іс-әрекетке, ересектердің мінез-құлқына деген көзқарастарға
қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет. Өйткені, әлеуметтік
ересектің өзі осы талаптарды игеру үдерісінде дамиды [13].
Жасөспірімде өзі туралы енді балалықтың шекарасыннан өткен адаммын
деген түсініктің пайда болуы, оның бір нормалар мен құндылықтардан
басқаларына - балалық нормалар мен құндылықтардан, ересектік нормалар
мен
құндылықтарға
–
қайта
бағдар
алуын
айқындайды
[14].
Жасөспірімдердің ересектерге теңелуі, оларға ұқсауға, олардың өмірі мен іс-
әрекетінің
кейбір жақтарына ортақтасуға, олардың қасиеттері мен
іскерліктеріне, құқықтары мен артықшылықтарына жетуге ұмтылуынан,
оның өзінде бұлардың
ішінде алдымен балалармен салыстырғанда
ересектердің ерекшелігі мен артықшылықтары көзге анық көрінеді.
Жеткіншек пен жасөспірім үшін танымал болып қана қоймай, олардың
ризалығы мен құрметіне бөлену үшін, ең алдымен, жақсы жолдасы болу
керек. Осыған байланысты жеткіншек пен жасөспірімдік кезеңдерде бұрын
танымал болған балалардың тобында өзгеріс болатыны жиі кездеседі.
Біріншіден, бұрынғы беделділер кетіп, олардың орнына жаңалары шығады.
Екіншіден, сынып белсенділерінің неғұрлым сыйлы, әрі беделді балалар
тобы болмауы жиі байқалады. Өйткені, көптеген мұғалімдердің жасөспірім
белсенділік танытқанда, олардың жолдастық қасиеттерін ескермей, үлгірімі
жақсы және тәртіпті балаларды лидер етіп алатыны жиі кездеседі.
Сыныптастары үшін беделі аз белсенділер – ұжым құрудағы және сыныптағы
ұйымдастыру жұмыстарындағы қиындықтардың себептерінің бірі.
Мұның мәні одан кем түспейтін тағы бір себебі – мұғалімде басқарудың
авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы және белсенділердің де
сыныптастарымен қарым – қатынаста осындай әдістермен тәрбиеленуі.
Жеткіншектер мен жасөспірімдер мұны мүлдем қабылдамайды, өйткені олар
ересектердің де, жолдастарының да қарым-қатынастарына сол бір негізгі
16
талап тұрғысынан қарайды. Адамшылдық қадір-қасиет пен жеке басты
құрметтеуді талап етеді.
Жасөспірімнің құрдастарымның алдында танымал да сыйлы болсам деген
мүддесі себепті, ол бұлардың пікірі мен бағдарына сергек қарайды.
Жолдастарының ескертулері, наразылықтары мен өкпелері, оның себептері
жеткіншекті ойлантады. Өзіне назарын аударады. Ал, олармен жақсы қарым-
қатынаста болу, сыйлы болуға ұмтылу, олар қоятын талаптарға сай болайын
деген ниет туғызады.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың бүкіл өмірін қамтымайды.
Сондықтан, оны жастардың әр түрлі ұйымдарының – саяси, спорт және
мәдени-ағарту
ұйымдарының қызметі толықтырады. Алайда,
қарым-
қатынасының бұл ұйымдасқан формалары жастарда мектепте қалыптасатын
достар компаниясы немесе көшедегі серіктестер секілді ресми емес,
стихиялы топтарды қажетсінудің орнын түгел баса алмайды, сыныптардағы
ұжымдардай емес, стихиялы топтарда әдетте әр түрлі жастағы балалар және
әлеуметтік құрамы жөнінен көбіне аралас болады. Егер жеткіншектер мен
жасөспірімдерге
стихиялы топтар көбіне мектеп ішіндегі
ұйымдарда
ұйымдастырылып, бұларда лидер болатын балалар бірге болса, жоғары
сыныптарды жағдай өзгертеді [14].
Адамның әр жас шамасы айнала шындықпен тікелей қатынаста болады,
сондай-ақ әрбір жас шама адамның өміріндегі өз ерекшелігімен маңызды
орын алады. Сондықтан, әрбір жас кезеңінің өзіндік мәнін, сипаттарын
зерттеу, білу болашақ ұрпақты өмірге дайындау ғана емес, баланы әр жас
шамасына
сай,
оның
талап-тілегімен
санасып,
нақтылы
мақсатқа
бағыттауымен байланысты.
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау – бұл оқушыны басқалардан айырып
тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл оқушыға әр уақытта
және барлық қарым-қатынасты жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да
және өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау.
2.3 Жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықтарына бағыт
берудің психологиялық аспектілері
Орта білім берудің жоғары сатысының функционалдық қызметінің басым
бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге дейінгі даярлығын
жүзеге асыру үшін бейіндік оқытуды енгізу болып табылады.
12 жылдық білім беретін мектептегі үдеріс жеке тұлғаға бағдарланған
оқыту ұстанымына негізделіп, оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай
қоғамдағы өзгерістерге бейімделген оқушы – жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағытталады.
Оқушы – тіршілік иесі ретінде биологиялық тұрғыдан ғана дамып
қоймай, танымдық іс-әрекет субьектісі ретінде үздіксіз дамиды. Демек,
оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік
жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушыны жеке тұлға ретінде
ерекшеліктерін ескеру баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін
17
оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен
жеке
тұлғаның
бойында
мәдени,
рухани
құндылық
қасиеттерін
қалыптастыру, оқыту мен қоса тәрбие беру, оқушының тұлғалық қасиетін
көре білу, дамыту аса маңызды орын алады. Оны жүзеге асыру арқылы білім
беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіне ене алады және ұрпағымыздың жер
шарының кез келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік
береді.
Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе
бастайды. Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне
мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандайда бір
пәнге қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны
өзгертеді.
Психологиялық және педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби
ниет
пен
пәнге
деген
қызығу
арасындағы
ешқандай
байланыс
байқалмайтындығын, ал 14 жастан бастап бейімдік таңдау нақты оқу пәніне
деген
қызығуымен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді.
Бұл
байланыс тікелей және нақты (мысалы, физиканы зерделеуге қызығатын
оқушы физик болғысы келеді) немесе жалпы сипаты (оқушы техника
саласында қызмет істегісі келеді) болуы мүмкін. Жалпы оқушылардың оқу
бағдарын таңдап алуына аймақтық әлеуметтік-экономикалық жағдайлар,
өзінің жолдастары, отбасы әсер етеді [15].
Орта мекептің 11-12 сыныптарында бейінді оқудан өткен мектеп
түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын,
өмір жолдарын таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы
әзірлікте болмақшы. Бұл - қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы
мол уақыт талабы.
Мектеп бітіруші түлек алдында бірнеше сұрақтар туындайды, «Кім
боламын?», «Қандай мамандықты таңдап, оқуға барамын?», «15-20 жылдан
кейін менің таңдаған мамандығыма деген сұраныс бола ма?», «ХХІ ғасырдың
орта шегіне қарай қоғам мамандыққа қандай талап қояды?» деген сан алуан
сұрақтар шешімін таба алмауда. Қазіргі таңда оқушы өз таңдауын дұрыс
жасай ма әлде таңдауы қате болып шыға ма деген күдік ата-ананы да, оқушы
мен ұстазды да толғандырады. Сондықтан да «Кім боламын?» деген сұрақ
жанында «қандай болуым керек немесе қажет?» деген сауал туындап
отырады. Ал бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті болу өте маңызды болып
табылады.
Мамандық таңдау өте қиын мәселе. Өйткені таңдаған мамандығың
ертеңгі сенің өмірің, яғни сенің болашағың, қоғамның болашағы, елдің
ертеңі. Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша жастардың 40%
мамандық таңдау тәртібін білмегендіктен өздерінің икемділігіне, қабілеті
мен қызығушылығына сәйкес келмейтін мамандықтарды таңдайтын көрінеді.
«Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат. Іштен туғаннан-ақ
белгілі бір өнерге, қызметке икемді болып туады. Басқаша айтқанда әр
адамда бір нәрсе - талап, ыңғай, қабілет, яғни зеректік болады. Біреуі бала
оқытуға, біреуі әкім болуға, біреуі дәрігерлікке берілуге, біреуі саудаға,
18
біреуі сөзге ыңғайланып жаралады. Кейде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз
жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына, әлеуметке де көп пайда келтірмек» -
деген Ж.Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған емес.
12 жылдық білім жүйесіне көшу кезінде бейіндік оқытуды тиімді
ұйымдастыру, мектеп түлегінің бейімін анықтау бойынша мұғалім қауымына
үлкен
жауапкершілікті
жүктейді.
12
жылдық
мектептегі
жоғары
сыныптардағы бейіндік оқыту үдерісінде болашақ мамандығы мен іс-
әрекетіне бейімдеумен оқыту және бағыт беру жүзеге асырылатын болады.
Мамандыққа бағыт беру – жоғары сынып оқушыларының тілегін,
денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға
қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету
үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе.
Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше
аспектілерді бөліп қарауға болады [15]:
психофизиологиялық аспект – жасөспірімдердің жеке басының
ерекшеліктері, оның қабілеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері
ескеріледі;
медициналық аспект – оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;
әлеуметтік экономикалық аспект – қоғамға әр саладағы мамандар
қажеттілігі ескеріледі.
Оқушылардың кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді,
соның ішіндегі ең маңыздылары [9]: мамандық және оның қажеттілігі туралы
білу; бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы); қабілеттер,
денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер); ықылас деңгей мен өзін-өзі
бағалау; ата-ананың, отбасының көзқарасы; құрбы-достарының көзқарасы;
мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы; жеке кәсіби жоспар – адамның
кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі.
Оқушының өз қызығушылығын және кәсіби бағытын анықтау үшін
төмендегідей зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады:
1) Оқушылардың кәсіби ой-ниетін анықтау. Мақсаты: Оқушылардың
негізгі мектепті бітіргеннен кейінгі ой-ниетін анықтау, яғни ересектердің
айтқан ақыл кеңесін, өзі таңдаған мамандығының мазмұны мен оның адамға
қоятын талабы туралы не біледі, өзінің қабілеттерін қалай дамытады, жасаған
жоспарын қалай жүзеге асырады, қосымша нұсқалары барма деген алуан
түрлі сұрақтарға жауап іздеу.
2)
Оқушылардың
мамандық
туралы
хабардарлығы.
Мақсаты:
оқушылардың жеке пікірі бойынша өзінің бойында дарындылықтың қандай
түрі бар екендігі; мамандықты игеруде қандай кедергілердің болуы мүмкін;
таңдау аясы тар болған жағдайда қандай мамандық түрін таңдар еді; адамның
қандай кәсіби сипатын ерекше бағалайды; өзі таңдаған мамандығына қандай
талаптар қоятыны туралы анықтау.
3) Табандылықты зерттеу. Мақсаты: алға қойған мақсатқа жетуде
байқалатын табандылық дәрежесін анықтау.
4)
Кәсіби-тұлғалық
типті бағалау.
Мақсаты: тұлғаның әлеуметтік
бағытын анықтау және кәсіби типін бағалау.
19
5) Оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігі. Мақсаты:
оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігін анықтау.
6) Оқушылардың қызығушылығы. Мақсаты: оқушының түрлі қызмет
аясындағы негізгі қызығушылықтарының бағытын анықтау.
7) Кәсіптік ынталануын зерттеу. Мақсаты: кәсіптік қызметтегі ынта,
түрткілерін зерттеу.
Жоғары сынып оқушыларының ең жауапты кезеңдері – қорытынды
емтихан тапсыру.
Қазіргі уақытта мектеп
бітірушілері
қорытынды
емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын ортақ Ұлттық
бірыңғай тест түрінде тапсыратыны белгілі. Оқушылардың мұндай екі
сыннан бір уақытта өтуде оқушылармен және олардың ата-аналарымен
алдын-ала психологиялық тұрғыдағы кеңестер жүргізіліп, дайындықтармен
қамтамасыз ету керек.
Сондықтан,
12 жылдық
білім берудің 11-12
сыныптарында, яғни бейіндік білім беру сатысында
жұмыс істейтін
психологтың мақсаты – балаға өмірлік жол таңдауда мүмкіндіктерін ашып,
психологиялық негіздемесін беру, тұлғалық ерекшелігіне байланысты кәсіп
таңдауға көмектесу, болашақ өмірге әзірлеу, жоғарғы оқу орнына түсуге
психологиялық дайындау мен оларды қолдау [9].
Орта білімнің жоғарғы сатысындағы білім мазмұны саралау, кіріктіру
және кәсібилендіру негізінде жүргізілуіне байланысты бұл деңгейдегі білім
беру әлем, қоғам және адам туралы жүйелендірілген түсініктерді меңгеруге
және оларды өз бетінше кеңейтіп, тереңдете білуге көшу қамтамасыз етілуі
тиіс.
11-12 сынып оқушылары оқытудың нысандары мен тәсілдерін, жеке білім
беру бағдарламаларын таңдауына болады, онда шығармашылық қызметке
және оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға айрықша
орын бөлінген.
|