12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата10.01.2017
өлшемі2,83 Mb.
#1579
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Информатика

Операциялық

жүйелер.  Операциялық

жүйені


орнату  және  кескіні

(конфигурация).  Ақпараттық

жүйелер.

Қазіргі  заманауи  компьютерлік

программалық  қамтамасыз  ету. Аудармашы - программалар.  Компьютерлік

және оргтехникамен жұмыс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Мультимедия. Деректер

қорымен жұмыс. Баспа жүйелері.

Программалау.  Кәсіби  баспа  жүйесінде  жұмыс  істеу  технологиясы.

Компьютерлік  графика  және  дизайн.  Movie  Maker  программасының

мүмкіндіктері.  Web-беттерді құру  жане  дизайны.  Web-сайтты  жобалау  және

жариялау. Программалау. Модельдеу және формальдау.



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: оқу  жобасына қойылатын  талаптарды; құжатты  сканерлеу

технологиясын;  мәтінді  танып  алу  программасын;  мәтіндік  процессордың

негізгі мүмкіндіктерін; құжатты рәсімдеудің негізгі түрлері мен стандарттары;

макростар

ұғымын;

құжатты


қорғау 

тәсілдерін;

анимация 

мен


мультипликацияны

ұйымдастыру 

негіздерін; 

Web-дизайнның

негізгі

қағидаларын;  операциялық жүйе  параметрлерін  баптауын;  компьютерлік



вирус  және  вирусқа қарсы  программа ұғымдарын; компьютерлік графика

түрлерін:

векторлық

және


растрлық

графиканы;

«баспа 

жүйесі»


программасының міндеті  мен интерфейсін; браузерлер функциялары  мен

олардың түрлерін;  ақпаратты қорғау  аймағындағы ҚР  заңнамасын; жоғары

деңгейлі программалау тілінің орта ұғымын; құрылымдық, модельдік, объекті-

бағдарлы  программалау  туралы ұғымдарын;  объекті-бағдарлы  ортасында

құрылған файлдар  міндетімен  типтерін  білу; ДҚ  қалыптастыруға  арналған

программалардың мүмкіндіктерін білуі керек;



сонымен

қатар,  оқушылар: өзекті сұрақты  тұжырымдауға,  зерттеу

тақырыбы  бойынша  гипотеза ұсынуды; құжатты  мәтіндік  процессорда

құруды,  сақтауды,  редакциялауды,  баспалауды;  графикалық бейнелер  мен

анимацияны құруды  және  редакциялауды;  кез  келген  мектеп  пәнінде  және

өзін-өзі дамыту  мақсатында  мәтіндік  редакторды,  графикалық редакторды,

баспа  жүйелерін қолдануды;  программалық қамтамасыз етуді  орнатуды  және

жоюды;  компьютерге қосылған құрылғыларды  баптауды;  операциялық жүйе

параметрлерін  баптауды;  вирусқа

қарсы  программаларды

қолдануды;

растрлық және  векторлық графикада  жұмыс  істеуді; жоғары  деңгейлі

программалау  тілінде  программалау;  негізгі  алгоритмдік құрастырылуымды

жобада қолдануды;  негізгі  Интернет  клиенттерін:  браузерді,  электрондық

поштаны  іске қосуды; модемді  орнатуды  және  баптауды; жергілікті  желіні

баптауды;  HTML  тілінде  программалауды;  Web-беттер құруды;  деректер

қорын құруды,  толтыруды,  сақтауды,  редакциялауды;  деректер қорымен

жұмыс істеуді меңгеруі тиіс.


61

4.3 «Жаратылыстану»  білім  саласындағы  пәндердің  үлгілік  базалық

мазмұны

«Жаратылыстану»  білім  саласының мазмұны  «География», «Физика»,

«Биология», «Химия» пәндері арқылы жүзеге асырылады.

География

Жер  планетасы: жердің даму  тарихы,  жердің пайда  болуы  туралы ғылыми

болжамдар,

қалыптасу  кезеңдері,

өлшемдері,  геологиялық

жыл  санау,

геохронологиялық, Күн  мен  Айдың жердегі үдерістерге әсері.  Географиялық

қабық,  литосфера,  гидросфера,  атмосфера,  биосфера  туралы

ұғымдар,

литосфераның  құрылысы,  зерттеудің  қазіргі  кездегі әдістері,  тау  жыныстары,

минералдардың белгілері,  жел қақтыру,  жер  бедері, пішіндері,  планетадағы

ғажайып пішіндер.  Гидросфера,  оның  құрамы,  Жер  бетінде  судың таралуы,

табиғаттағы  дүниежүзілік  су  айналымы,  оның маңызы.  Судың булануы,

өсімдіктердің суды  буландыруы,  судың  қасиеттері,  табиғаттағы  ерітінділер.

Атмосфераның

зерттелуі,

құрылысы

мен


құрамы,  ауаның  қасиеттері,

маусымдық құбылыстар, ауа райы, климат. Биосфера, ноосфера жайлы түсінік,

биосфераның  құрамы,  топырақ және  оның маңызы.  Ландшафт  туралы  түсінік,

оның дамуы, Қазақстандық ландшафтар.  Экваторлық ылғалды,  субэкваторлық

ауыспалы-ылғалды 

орман, 


саванналы, 

тропиктік 

шөлді, 

субтропиктік



жерортатеңіздік,  далалы,  шөлейтті,  шөлді,  тайгалық арктикалық шөлді,

субарктикалық ландшафтар, биіктік белдеулер.

Дүние жүзінің экономикалық географиясы: табиғат ресурстары, минералды,

агроклиматтық, су, жер, биологиялық, рекреациялық ресурстары, Дүниежүзілік

мұхит  ресурстары,  энергияның балама  көздері. Халықтар  географиясы,  ірі

агломерациялар, 

мегалополистер.

Ғылыми-техникалық

революция,

дүниежүзілік  шаруашылық,

негізгі  түсініктер,

өзгерістер.

экономикалық

ықпалдастық  (интеграция). Өндірісті  аумақтық орналастыру өнеркәсіптік

аудандар. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның экономикасы,  саяси,  дипломатиялық

байланыстар,  экономикалық реформалар,  «Қазақстан – 2050»  Бағдарламасы.

Халықаралық ұйымдар.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: география ғылымының даму  кезеңдері; Жердің планета  ретінде

даму  ерекшеліктері;

Күн  және  Айдың

жердегі


үдерістерге  ықпалы;

географиялық  қабық

планетарлық

масштабтағы  табиғат  кешені;

Жер

материктеріндегі 



ландшафтардың

алуан 


түрлілігі;

материктер 

мен

Дүниежүзілік  мұхиттың табиғат  ресурстарының орналасу  заңдылықтары; Жер



халықтары  ерекшеліктері; ҒТР дүние  жүзі  шаруашылығына әсері; өндірісті

ұйымдастырудың

аумақтық

проблемалары;

дүниежүзілік

өнеркәсіп

салаларының

географиясы;  ауыл  шаруашылығының

жетекші  салаларын

орналастыру  географиясы; дүние  жүзінің  әр  түрлі  аймақтарында  көлік

түрлерінің дамуы  және  рөлі; қазіргі әлем  шаруашылығындағы Қазақстан

экономиасының құрылымы жайлы түсініктері болуы тиіс.



және оқушылар: Жердік  математикалық  өлшемдерін; географиялық  қабық

компонентерінің ерекшеліктерін: литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера,



62

олардың  қазіргі  жағдайын  және  дамуын; «ландшафт»  түсінігінің  құрамдас

компонентерін; географиялық қабықтың кеңістіктік бөлінісін; минералды, жер,

агроклиматтық, су,  биологиялық, рекреациялық ресурстардың экономиканың

дамуы үшін  маңызын;  адамдардың денсаулығын қалпына  келтіруде  және

сақтауда  рекреациялық ресурстардың маңызы; Жер  халқы  санының  өзгеруін;

аймақтар  бойынша ғаламшар  халқының  құрамын; елді  мекендердің типтерін,

қалалардың жіктелуі мен қызметін; ғылым мен техниканың жетістіктерін және

олардың дүние жүзі шаруашылығы салаларының экономикалық дамуына әсерін

және олардың орналасуын; дүниежүзілік өнеркәсіп салаларын орналастырудың

факторларын  және  негізгі  бағыттарын,  жаңа үрдістерді; ауыл  шаруашылық

салаларын  орналастырудың факторларын  және  негізгі  бағыттарын,  жаңа

үрдістерді;

көліктің


маңызын;

қазіргі


кезеңде

Қазақстан  экономикасы

құрылымының өзгеруіне әсер еткен  факторлар; Қазақстан Республикасы  мүше

болып табылатын халықаралық экономикалық ұйымдарды; «Қазақстан – 2050»

Бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы дамуының артықшылықтарын

білулері тиіс.

сонымен қатар,  оқушылар: жалпы  географиялық карталарға  талдау;

геохронологиялық таблицаның деректерін  талдау; климаттың түрін  анықтау

үшін ауа  райы әр  түрлі  көрсеткіштерін  салыстыру; статистикалық деректердің

көмегімен  жекелеген  елдердің

даму  деңгейін  және  шаруашылығының

құрылымын анықтау; шаруашылық салалары  бойынша  кешенді сипаттама

жасау үшін  тақырыптық карталарды  талдау; берілген  тақырып  бойынша

хабарламалар,  рефераттар  дайындау үшін қосымша  ақпарат  жинақтау; таңдап

алынған проблема бойынша өз көзқарасын дәлелдеу; презентациялар дайындау;

сабақтарда  бұқаралық ақпарат  материалдарын,  басқа  да  ақпарат  көздерін

қолдану; ғылыми зерттеулер  жүргізу  және  жұмыс  нәтижесіне  презентация

жасауды жүзеге асыра алулары тиіс.



Физика

Әлемдi  танып-бiлудiң  ғылыми әдiстері.  Физика – табиғаттың  қарапайым

және iргелi қасиеттерi туралы ғылым.

Механика.  Классикалық механиканың негіздері. Релятивтік механиканың

негіздері.

Молекулалық физика. Термодинамика. Молекулалық-кинетикалық теория.

Электродинамика. Электростатика. Тұрақты электр тогы.

Кванттық


физика.

Жарық


кванттары.  Атом  ядросының

физикасы.

Астрофизиканың элементтері.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар:  табиғатты  танып-білудің  ғылыми әдістері  бойынша  оқушылар:

табиғатты  танып-білудің заманауи ғылыми әдістерін; техниканың және  басқа

ғылымдардың дамуындағы  физиканың ролін сипаттауды және түсіндіруді

білуі және игеруі тиіс.

классикалық механика,  молекулалық физика  және  термодинамиканың

физика, электродинамика, кванттық механика теорияларын;

модель,  болжам, қағида,  постулат,  заң, теория,  кеңістік  және  уақыт,

инерциалды санақ жүйесі,  материялық нүкте,  зат, өзара әрекеттесу,  идеал  газ,



63

модель,  болжам,

қағида,  постулат,  заң,

теория,  механикалық

және

электромагниттік тербелістер, электромагниттік өріс, электромагниттік толқын,



атом,  квант,  фотон,  атом  ядросы,  радиоактивтік, планета,  жұлдыз,  галактика,

Әлем ұғымдарын;

орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, масса, күш, қысым, импульс, жұмыс,

қуат,  механикалық

энергия,  ішкі  энергия,  зат  бөлшектерінің

орташа


кинетикалық энергиясы,  абсолют  температура,  жылу  мөлшері,  период,  жиілік,

тербеліс  амплитудасы,  толқын

ұзындығы,  сыну  көрсеткіші,  линзаның

оптикалық күші,  элементар  электр  заряды,  электр

өрісінің

кернеулігі,

потенциалдар  айырмасы,  электрсыйымдылығы,  электр өрісінің энергиясы,

электр  тогының күші,  электр  кернеуі,  электр  кедергісі,  электрқозғаушы  күш,

магнит  ағыны,  индуктивтік,  магнит өрісінің энергиясы, байланыс  энергиясы,

жартылай ыдырау периоды физикалық шамаларды;



заңдар, қағидаларр  және  постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу

шекарасы);

жаңаратын  және  жаңармайтын  табиғи қорларды  тиімді  пайдалану

негіздерін, адамның белсенді іс-әрекеті арқылы табиғи нысандарда байқалатын

физикалық заңдылықтарды; физиканың дамуына ғалымдардың  қосқан үлесін

білуі және игеруі тиіс.

физикадан  игерген  кинематикалық

және  динамикалық  қоғалыс,

газдардың, сұйықтардың және қатты  денелердің жылулық  ұлғаюы, қатты

заттардың серпімділік қасиеттерінің температураға  тәуелді өзгеруі  туралы

білімдерін күнделікті өмірде проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алуы;

бақылаулар  мен  эксперимент  нәтижелерін  сипаттап,  түсіндіре  алуы

тиіс.

Биология

Цитология.  Цитологияның міндеттері.  Жасушалық теория.  Жасушаның

химиялық  құрамы.  Прокариоттық

жасушаның  құрылысы  мен

қызметі.

Эукариоттар 

жасушаларының 

құрылыстық

-

функциялық 



құрылымы.

Тіршіліктің жасушалық емес формалары. Жасушадағы зат алмасу (метаболизм).

Организмдердің көбейуі  және  жеке  дамуы (онтогенез). Өсімдіктер  мен

жануарлардың жыныссыз  көбейуі.  Жынысты  көбейу.  Жеке  даму(онтогенез).

Организмнің дамуы және қоршаған орта.

Тұқым қуалаушылықтың негізгі  заңдылықтары. Өзгергіштіктің негізгі

заңдылықтары.  Адам  генетикасы.  Селекция  және  биотехнология  негіздері.

Жерде  тіршіліктің пайда  болуы  және  дамуы.  Жерде  тіршіліктің пайда  болуы

туралы алғашқы көзқарастар. Жерде тіршілік пайда болуының алғышарттары.

Эволюциялық ілім.  Тірі  табиғаттың эволюциясы  туралы  көзқарастардың

Ч.Дарвинге 

дейінгі 


дамуы. 

Микроэволюция. 

Эволюцияның

негізгі


заңдылықтары.  Макроэволюция.  Жер  бетінде  органикалық дүниенің дамуы.

Жануарлар  және өсімдіктер  дүниесі  эволюциясының негізгі  ерекшеліктері.

Адамның шығу  тегі.  Организм  және  ортаның  өзара қарым –қатынастары.

Экология  негіздері.  Биосфера  туралы  түсінік.  Бірлестіктердегі  тіршілік.



64

Организмдер мен ортаның өзара қарым-қатынастары. Организмдер арасындағы

өзара қарым-қатынастар. Бионика.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар  білуі  тиіс: тірі  табиғаттың негізгі құрылым  деңгейлерін;

жасушалық теорияның негізгі қағидаларын; жасушаның химиялық  құрамын;

нәруыздардың,

нуклеин


қышқылдарының,

липидтердің,

АТФ 

және


бейорганикалық заттардың жасуша  және  организм  тіршілігіндегі  рөлін;

генетикалық

код,  геннің  құрылысы  мен

қызметін;

прокариоттар  және

эукариоттар,  автотрофтар  және  гетеротрофтар  жасушаларының  құрылысы  мен

қызметін; пластикалық және  энергиялық алмасу  мен  олардың маңызын,

өсімдіктердегі  пластикалық алмасу  ерекшеліктерін  және ғарыштық рөлін; зат

алмасудағы  ферменттердің рөлін; хромосомалар,  олардың тұқым қуалау

ақпаратын  сақтау  және ұрпақтарға  берудегі  рөлін: хромосомалар  санының,

пішіні  мен  мөлшерінің,  әр  түр өкілдеріне  тән  тұрақтылығын; митоз,  мейоз,

ұрықтану  және  олардың маңызын; генетикалық  әдістерді,  адам  генетикасын

зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін; тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын,

модификациялық және үйлесімдік өзгергіштіктерді,  олардың себептерін;

фенотип қалыптасуда  генотип  пен  орта  жағдайларының, мутациялардың

эволюциядағы  мутацияның, селекция  мен  денсаулық сақтаудағы  генетиканың

маңызын;

тірі  табиғаттың эволюциясы  туралы  түсінік;

Ч.Дарвин  ілімі

қалыптасуының алғышарттары; Ч.Дарвиннің  қолдан  және  табиғи  сұрыпталу

туралы ілімі; тіршілік үшін күрестің формалары; мутациялардың эволюциялық

рөлі; табиғи  сұрыпталудың формалары; түр  түзілу  туралы қазіргі  көзқарастар;

эволюциялық процестің негізгі  бағыттары; биологиялық прогреске  жету

жолдары; эволюцияның негізгі  заңдылықтары:  дивергенция,  конвергенция,

параллелизм; архей,  протерозой,  палеозой,  мезозой,  кайнозой  замандарында

жерде  тіршіліктің дамуы; биологиялық түр  ретінде  адамның  қасиеттері;

биоәлеуметтік  тіршілік  иесі  ретінде  адамның  қасиеттері;

«әлеуметтік

дарвинизмнің» кертартпалық мәні; организм  және  ортаның  өзара қарым-

қатынастары; биосфераның  құрылымы  және  оның  құрам  бөліктері; ортаның

биотикалық, абиотикалық және  антропогендік  факторлары; орта  факторлары

әрекетінің қарқындылығы,  шектеуші  факторы; организмдер  арасындағы өзара

қарым-қатынас формалары; антропогендік  факторлардың биоценоздарға әсері;

экологиялық кешендер түзудің шаралары.



сонымен қатар,  оқушылар: автотрофтар  мен  гетеротрофтар,  прокариоттар

мен  эукариоттар  жасушаларын  салыстыра  білуі; митоз  бен  мейозды  анықтау;

организмдердің көбею әдістерін  ажырата  білу; фенотип  пен  генотипті,  гомо-

және 


гетерозиготаны 

салыстыру;

организмдердің

мутациялық

және

модификациялық  өзгергіштіктерін  анықтау;



эволюция үшін  мутацияның

маңызын  түсіндіру; селекция үшін  генетика  заңдарын  негіздеу; жер  бетінде

тіршіліктің пайда  болу  процесін  материяны  эволюциялық түрөзгерістері

тізбегіндегі  табиғи  оқиға  ретінде  материалистік  тұрғыда  түсіндіруді; алуан

түрлі  организм  түрлері  шығуының

және  олардың

тіршілік  ортасына

бейімділігінің себептерін  эволюцияның  қозғаушы  күштері  мен  олардың мәні

туралы білімге сүйеніп түсіндіруді; экологиялық жүйелерде түрлердің бірлесіп


65

тіршілік 

етуге 

бейімділік 



белгілерін 

айқындауды;

өнеркәсіп

пен


ауылшаруашылығындағы  экологиялық заңдылықтар  туралы  мәліметтерді  іс-

тәжірибеде қолдануды; биоценоздың түрлік құрамына  талдау  жүргізуді;

биоценоздардағы қарым-қатынастардың жеке  формаларын  анықтауды; нақты

орта  жағдайларындағы қоректік  жүйелерді  сипаттауды;  орман  шаруашылығы,

балық шаруашылығы  тағы  басқа, ұйымдастыру үшін  экологиялық білімді

дұрыс  пайдалануды; табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану  және қоршаған

ортаны қорғау  дың барлық міндеттер  кешенін  шешу үшін  білім  мен  заңдарды

қолдануды;

зертханалық

және 


практикалық

жұмыстарды 

орындауда

техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды меңгеруі тиіс.



Химия

Химия  саласындағы  ашылған  жаңалықтар.  Манызды  бейорганикалық,

органикалық

заттармен

қосылыстар, 

олардың 


құрылыс 

теориясы.

Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері. Қазақстан мунай және газ химиясы,

осы өндірісте қолданатын заттар.  Оттекті,  азотты  органикалық  қосылыстар.

Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар. Химия және адам денсаулығы.

Қазіргі заманға  сай  «жасыл»,  «экологиялық» химия. Қазақстанның табиғи

ресурстарын үнемді  және  тиімді  пайдалану.

Химия күнделікті өмірде,

химиялық

лаборатория 

мен

өндірісте, 



табиғатта 

болатын 


химиялық

құбылыстарды бақылау және түсіндіруі. Жаратылыстану бағытындағы ғылыми

жетістіктер (медицина, биотехнология, биохимия, биоинформатика, нанохимия

негіздері).



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар білуі  тиіс: химияның ролі  мен  маңызы;  заттар  мен  химиялық

құбылыстарды танып  білудің негізгі әдістер,  химияның эксперименттік  негізі;

көмірсутектердің табиғи  көздері,  оларды өңдеу  және Қазақстандағы  кен

орындары; жоғары  молекулалы қосылыстар,  мономер,  полимер, құрылымдық

буыны,  полимерлену  дәрежесі,  полимерлену  және  поликонденсациялану

реакциялары;  кең таралған  полимерлер,  олардың  қасиеттері,  практикада

қолданылуы,  пластмассалар,  талшықтар,  каучук; химиялық  өндірістің  ғылыми

принциптері; қоршаған  ортаның химиялық ластануы  мен  зиянды әсері;

биогенді органикалық қосылыстардың биологиялық маңызы;

оқушылар келесіні атқара алуы тиіс: химиялық терминдер мен таңбаларды

пайдалану;

кең

тараған  полимерлерді



қасиеттері  бойынша 

анықтау;


молекулалардағы  атомдардың  өзара әсерін ескере  отырып,  органикалық

қосылыстың

химиялық  қасиетін  түсіндіру;

көмірсутектер  мен  олардың

туындыларының  құрамы  мен құрылысын  және  олардың класын  анықтау;

химиялық экспериментті қауіпсіздік  техникасының ережесіне  сәйкес  жүргізу;

химиялық зақымдану  не  улану  кезінде  алғашқы  медициналық көмек  көрсету;

игерілген білімді күнделікті өмірде сауатты пайдалану; сандық анализ нәтижесі

мен 

жану


өнімдерінің

массасы 


бойынша 

заттардың

молекулалық

формулаларын  анықтауға  сан  есептерін  шығару; химиялық ақпараттарды өз

бетінше  іздеу; химия  пәніне  деген  жоғары қызығушылық; ғылыми танудың

негізгі


әдістерін  игеру  мен

қолдануға  деген  дайындық және

қабілет;

аналитикалық біліктілік – жүргізген  тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу,



66

түсіндіру  және қорытындылау  біліктілігі;  зерттеушілік біліктілік – химиялық

эксперимент  орындау  біліктілігі  мен  дағдысы; математикалық біліктілік –

химиялық формулалар  мен  теңдеулер  бойынша  есептеулер  жүргізу  және

сандық баға  беру; коммуникативтік  біліктілік – жұп,  топ құрамында  жұмыс

істеу; әртүрлі көзден  алынған  химиялық ақпараттың шынайылығына өзінің

объективті  көзқарасын  білдіру; оқуын  жалғастыруында  профильді  сауатты

таңдау;


оқушылар пайдалана білуі керек: химия мен химия білімінің орны мен рөлі

туралы қалыптасқан түсінік; танымдық әрекеті мен күнделікті өміріндегі білімі;

таным  процесінде ғылыми  негізделген  икемдер; өмірлік проблемаға ұқсайтын

оқу 


проблемаларын 

шешуге 


жарайтын

әмбебап


қабілет;

химиялық


тәжірибелерді  жасау  мен  түсіндіру  дағдысын  жетілдіру; эксперименттік

жұмысты  жүргізу  барысында  және өз бетінше  алған  білімді  күнделікті өмірде

қолдану мақсатында  танымдық және  зияткерлік қабілетін  дамыту; химияға

жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде

көзқарасын дамыту; адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның

қоғамдық мәні  мен  гуманистік  бағыттылығын  дамыту; оқушының химиядан

алған  білімі  мен  біліктілігін  заттар  мен  материалдарды  тұрмыста,  ауыл

шаруашылығында  және өндірісте қауіпсіз  пайдалануға,  адам  денсаулығы  мен

қоршаған ортаға  кері әсерін  тигізетін құбылыстардың алдын  алуға қолдану;

қолданбалы химияны,  заманауи қоғамға қажетті  заттар  мен  материалдар

шығаратын өндіріс  пен  технология  негіздерін  білу; заттар  мен  материалдарды

қолданудың заманауи  проблемалары  мен  экологиялық аспектілерін  анықтау;

пәнаралық

байланыстарды, 

химиялық

экспериментерді 

(көрсетілімдер,

зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстар) және есептеулерді жүргізуі;

Қазақстандағы табиғи  шикізат  ресурстары  және  негізгі  металлургиялық,

химиялық


және

өңдеуші


өндірістер, 

олардың


еліміздің 

әлеуметтік-

экономикалық

дамуындағы 

маңызы;

минералды 



ресурстарды 

тиімді


пайдалануының білу.

4.4  «Адам  және қоғам»  білім  саласындағы  пәндердің  үлгілік  базалық

мазмұны

«Адам  және қоғам»  білім  саласының мазмұны  «Қазақстан  тарихы»,

«Дүниежүзі  тарихы»,  «Адам.

Қоғам.


Құқық»

пәндері


арқылы  жүзеге

асырылады.



Дүниежүзі тарихы

Қазіргі заман  тарихының мазмұны. Қоғамның ХХ ғ.дамуының жалпы

нышандарын  сипаттаудың  әртүрлі  нұсқалары.  Кеңес  тарих ғылымындағы

капитализмнің

жалпы  дағдарысы  туралы  тұжырымдама.  Капитализмнің

өзгеруге, дағдарыстан дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге қабілеттілігі туралы

идеялар.  Кеңестен  кейінгі  тарих

ғылымындағы

қазіргі


заман  тарихын

кезеңдерге бөлудің нұсқалары.



67

ХХғ. бірінші  жартысындағы  дүниежүзілік-тарихи үдеріс. Капитализмнің

дәстүрлі құрылымының дағдарысы  және қоғамда  терең демократиялық

реформалар жасауға ұмтылыс.

Дүниежүзі  ХХ ғ. басы. Батыстың басты  елдерінің ХХғ.басындағы  дамуыс.

Англияның ХХ ғ. басындағы  дамуы. Францияның ХХ ғ.басындағы  дамуы.

АҚШ-тың ХХ ғ. басындағы  дамуы. Германияның ХХ ғ. басындағы  дамуы.

Ресейдің ХХ ғ. басындағы  дамуы. Шығыс  елдерінің ХХ ғ. басындағы  дамуыс.

ХХғ. басындағы халықаралық қатынастар және біріншідүниежүзілік соғысс.

Еуропа  мен  американың негізгі  аймақтарының 1918-1945  жж.  дамуы.

Еуропа елдеріндегі 1918 - 1923 жылдардағы революциялық оқиғалар. Соғыстан

кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон  жүйесіс. Ресейдегі  1917

жылғы революция және азамат соғысы. Германиядағы қараша революциясы.

Батыс  елдерінің  1918-1945  жж.  саяси  және әлеуметтік - экономикалық

дамуы. Батыс елдерінің дүниежүзілік соғыстар аралығындағы дамуының негізгі

бағыттары. Италия. Германия.  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағы.

Испания. Францияс. Ұлыбритания.  Орталық және  Оңтүстік-Шығыс  Еуропа

елдері. Америка Құрама Штаттары. Латын Америкасы елдері.



1918-1945  жж.  азия  және  африка  елдері. Шығыс елдерінің дүниежүзілік

соғыстар  аралығындағы  дамуының негізгі  бағыттары және  ерекшеліктері.

Жапония. Түркия. Қытай. Үндістан. Ауғанстан және Иран. Араб елдері. Африка

елдері.


ХХ ғ. бірінші  жартысындағы ғылым мен  мәдениеттің дамуы. ХХ

ғ. бірінші жартысындағы ғылым және мәдениет. Социалистік қоғамдағы ғылым

мен 

мәдениет. 



Халықаралық 

қатынастар. 

ХХ

ғ. 20-30-жылдарындағы



халықаралық қатынастар. 1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс.

Екінші  дүниежүзілік соғыс.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстың басталуы  және

барысы. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс.



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар:  Еуропа  мен  дүниежүзінің саяси  картасының  XX  ғасырдың

бірінші  жартысында қалай өзгергенін түсіну  және  карта  бойынша  сипаттауды;

қазіргі заман  тарихын  кезеңдерге  бөлудің заманауи  нұсқаларын; әртүрлі

елдердегі  саяси  тәртіптер  мен  жүйелердің жалпы  белгілері  мен  ерешеліктерін;

дүниежүзілік ғылым  мен  мәдениеттің елеулі  жетістіктерін  және оған әдебиет

пен өнердің,  ғылымның жеке өкілдерінің  қосқан үлесінің мәнін;  дүниежүзі

тарихының

тұтастығын  сипаттайтын

негізгі  фактілерді,

үдерістер  мен

құбылыстарды;  шетелдер  тарихының

маңызды  мәселелерінің

заманауи

түсіндірмелері мен бағасын білуі тиіс.



сонымен қатар,  оқушылар: XX ғасыр  тарихын ғылыми  тұрғыдан  дәуірлеу

туралы  білімді  меңгере  отырып,  тарихи  оқиғаларды  тарихи

қезеңмен

сәйкестендіре  білуді; қазіргі  заманғы әлемдегі құбылыстар  мен үдерістердің

тарихи  байланыстылығын  түсіну, қазіргі  нақты өмірге қатысты өзінің жеке

тұғырнамасын  анықтай  алуды;  деректерді  оқып үйрену  нәтижесінде  тарихи

оқиғаларды  түсіндіру,  салыстыру,  талдау  және қорытындылауды; өз  бетімен

қажетті әдебиеттерді тауып,  оларды  жіктеп,  рефераттар  мен  баяндамалар

дайындауды;  адамдардың тіршілік  сипатында, әлеуметтік  мінез-құлқында


68

болған өзгерістерді  дұрыс  түсінуді;  XX ғасырдың бірінші  жартысындағы

көрнекті  тарихи қайраткерлердің іс-әрекетін дұрыс  бағалай  білуді;  аталған

кезеңдегі негізгі қоғамдық және саяси қозғалыстардың мәнін түсініп, cипаттама

беруді;  дүниежүзінің ірі  елдерінің  XIX  ғасырдың бірінші  жартысындағы

экономикалық дамуының жалпы  сипаты  мен  жеке  елдердегі  ерешеліктерін

сипаттай білуді меңгеруі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет