13- лекция. Қайшылықты, күйзелісті және өзгерістерді басқару


Нашар байланыс ақпаратты дұрыс жеткізбеу және оны бұрмалау шиеленістің негізгі себеп-салдары болып табылады



бет3/6
Дата26.12.2022
өлшемі190,32 Kb.
#59759
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Психология Мөж отработка

7. Нашар байланыс ақпаратты дұрыс жеткізбеу және оны бұрмалау шиеленістің негізгі себеп-салдары болып табылады.

Қайшылықты басқарудың тиімділігіне байланысты оның салдары


функционалды
дисфункционалды

Қайшылықтың функционалды салдарына:


Мәселе тек қана шешім қабылдауға екі жақтыңда адамдарының қатынасуы. Бұл екі жақтың қарсылығын, жауласушылықты жояды.
Екі жақтың бірлесіп жұмыс істеуі
Топтың ой-пікірлері
Шешімдердің баламасының болуы
Шешімдердің орындалуына баға беретін белгілер
Екі жақтың бір-біріне тәуелділігі

Егер қайшылықты басқарудың тиімді жолдары табылмаса, онда мақсатқа жетуге кедергі жасайтын төмендегідей дисфункционалды салдар пайда болады:


өнім өндірудің төмендеуі, қанағаттанбаушылық
алдағы уақыттағы достасудың төменгі дәрежесі
өз тобына қатты берілуі
келесі жақты жау ретінде санау
қарсыласушы жақпен жұмыс істеуі мен араласуының кері бұрылуы
жауласуларының ұлғаюы
нағыз мәселені шешкенге қарағанда, қайшылықтағы жеңіске көп көңіл бөлулері

Қайшылық жағдайларын басқарудың әдістерін екі категорияға бөлуге болады:


құрылымдық
жеке адамдар стилі арқылы басқару

Қайшылықтады құрылымдық әдістер арқылы шешудің төрт түрі бар:


Жұмыс талабына түсініктемелер беру әдістері дисфункционалды қайшылықты болдырмаудың алдын алуының бірден бір басқарудағы тиімді әдісі. Мұнда әр бір қызметкердің және бөлімшеден қандай нәтіже күтілетіні түсіндіріледі.
Координациялық және интеграциялық механизмдерді қолдану әдістері өте кең механизмі – команда тізбегі, өкілеттіктер иерархиясы адамдардың қарымқатынастарын қалыптастырады. Мысалы, екі немесе одан да көп бағыныштылар бір сұрақты шешу барысында көз қарастарында таластар тудырса, ортақ басшы шешім қабылдау арқылы қайшылықты болдырмауға тырысады.
Жалпы ұйымдық кешенді мақсаттарды орнықтыру әдістері. Мақсаттардың тиімді түрде іс жүзінде асырылуы үшін бір немесе бірнеше қызметкерлердің бөлімшелер мен топтардың бірігуі қажет.
Марапаттау жүйелерін қолдану әдістері. Адамдардың қылықтарына, іс-әрекеттеріне марапаттау әдістері арқылы әсер ету қайшылықтарды басқару әдісі ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет