13-ДӘріс. Мінез-қҰЛЫҚ модельдері жәНЕ КОНФЛИКТІЛІК Мінез-қҰЛЫҚТЫҢ ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата11.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#137348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
13-дәріс

Басқарылмайтын модельдегі адам:
импульсивті, өзін жеткілікті 
қадағалай алмайды, мұндай адамның мінез-құлқын бірден түсінбейсің, 
күтпейсің, өзін өте агрессивті көрсетеді, өзіне сынмен қарамайды,үнемі 
көңілсіз, өзінің сәтсіздіктерін басқалардан көреді, іс-әрекеттерін сауатты 
жоспарлай алмайды, әрекеті мен мақсаттары сай болмайды, өткен 
тәжірибеден, негативтерінен аз сабақ алады. 
Шамадан тыс дәл модельдегі адам
: жұмысқа өте ұқыпты, дәлдікпен 
қарайды, өзіне және қоршағандарға жоғары талап қояды, алайда адамдар 
оны түсінбейді, жақтырмайды, мазасыздануы өте жоғары, әрбір нәрсесіне өте 
сезімтал, қоршағдардың ескертпелеріне шамадан тыс сезімтал, аяқ асты 
достардан, таныстардан қол үзе салады, ойлайды мені ренжітті деп, алайда 
олай болуы мүмкін болмасада солай ойлайды, өзі жалғыз соған қайғырады
өзінің жіберген қателеріне, сәтсіздіктеріне өте қатты қайғырады (ұйқысы 
қашады, басы ауырады),сырттай әсіресе эмоцияларға ұстамды, топтағы 
өзара қатынастарды әлсіз сезінеді, дұрыс көрмей қалады.
Конфликтсіз модельде болатын адам:
бағалау мен пікірлеріне орнықты 
емес, тез иланып қалады, іштей бәріне қарсы, жағдайға байланысты тез 
болатын, лезде өтіп кететін сәттілікке ғана бағдарланады, болашақты жақсы 
болжай алмайды, қорғағандардың пікірінен тәуелді, шамадан тыс 
компромиске ұмтылады. 
 Енді конфликтілі мінез-құлықты адамдардың жіктеулеріне 
токталамыз:
1. «Мақта»: Басында өзара әрекеттесу ұнайды, алайда өте жиі мәселелер 
туындай бастайды, ол уәдесінде тұрмайды, айтқанын орындамайды, ылғи 
сылтауы көп, аяқ асты бір нәрсе болып қалды деп істен қаша береді, 
дегенменде ол бір көргенде сүйкімді, тіл алғыш, тез көнгіш, сөйлегіш адам 
болып көрінеді.
2. «Кінә таққыш»: оның ойынша барлық адамдар мисыз, түк істемейтін 
жалқаулар. Бар әлемді емес, нақты бір адамдарды сынай береді, мысалы 
көршісін, автобустың жүргізушісін, сатушыны, дәрігерді, кластастарын, 
қысқасын айтқанда бәрін сынағыш. Өзінің өзгертпейтін қатып қалған пікірі 
бар, кім қалай өмір сүру керек, кім қалай жұмыс жасау керек деген сияқты өз 
пікірлерінен айнымайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет