13-ДӘріс. Мінез-қҰЛЫҚ модельдері жәНЕ КОНФЛИКТІЛІК Мінез-қҰЛЫҚТЫҢ ерекшеліктері


Адамдар арасында бақталастық деген жағдайлар көп кездеседі



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата11.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#137348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
 
Адамдар арасында бақталастық деген жағдайлар көп кездеседі,
соған байланысты да мінез-құлық модельдері бар:
1.«Берсекер» (ежелгі канадалық сөз, психологияда бақталастық ретінде 
қолданылады, пайда әкелмейтін қатынастары болады, бәрібір ол тұрақты 
емес, жойылып кетеді), алдауды, қулықты көп пайдаланады, серіктестің 
ойына келмейтін әрекеттерге итермелейді; қарсыласының мінез-құлқын 
қатал бақылап отырады, ол туралы ақпараттарды көп жинайды; өзі 
жаңалықтардан қашады, өз мінез-құлқын ешкім сынамаса екен деп қорқады, 
бағыныштылары болсы оларды басып тастайды, шешім қабылдағанда әдейі 
маңызды еместерін қолданады;
2. «Жаны жайдарлы адам» түріндегі мінез-құлық: мінез-құлықтағы негізгі 
принципі: «не жасағыңыз келеді маған бәрібір, тек дос болып өмір сүрейік», 
қарсыласы айтқан барлық талаптармен келісе береді, жеңісті қажет 
етпейтінін үнемі білдіреді, мінез-құлқына рухани құндылықтар, ар ұят 
сияқты түсініктер арқылы қысымды жасайды және қоқан лоқы беделді 
құртады деп санайды, күрделі жағдайда жеке меншік пікірі жоқ, бәріне 
жаққысы келеді, ешкімді ренжіткісі келмейді, мұндай адамдар жиі 
манипуляцияға түсіп қалады.
3. «Камикадзе» (латын тілінен алынған, термиттердің бір түрі, псхологияда 
мінез-құлықтың қорғаныс тәсілі)-өте енжар, конфликтіге тез түсіп қалушы,
диалогқа түскісі жоқ, күш қолданудан қашады, қарсыластан келген барлық 
ақпаратты жоққа шығарады, қабылдағысы келмейді, мәліметтерге сенбейді 
оларды жинамайды, шешім қабылдауда өте баяу, жауапты қадам жасауға 
қорқады, қарым-қатынасқа түскенге аса ұялшақ болады.
4. «Клейстер» - конфликтіні реттеуге ұмтыла береді, өзара көнгіш тәсілді 
таңдайды, яғни ол да, қарсыласта бір біріне жол беруі керек, алайда өзінің 
қажет нәрселерінде ұмытпайды, соны қанағаттандыруға жұмыс жасайды, 
сізбен саудаласа береді, саудаласқандарды жақсы көреді, болып жатқан 
жағдайға қарай жақсы бағдарланады, үнемі таладу жасап отырады, мінез-
құлықтың ойнақы тәсілін жақсы көреді, бағалауда, сын айтқанда өте аса сақ 
болады, әдемі құр сөздерді ұнатады, өз ойын білдіртпей адамдарды тез 
көндіргісі келеді. 
5. «Виртуоз»-ынтамақтасқыш тәсілде жүреді, конфликтіге түскендермен 
бірге өзара пайдалы конструктивті шешім қабылдағанды ұнатады, жұмысқа 
қатынасты конфликтімен қарамайды, мәселе ретінде қарайды, 
ақпараттардың маңыздысын ғана жинайды, мәселені ашық талқылайды, 
келіспеушіліктен қорықпайды, егер оппонент ақылды нәрсе айтса 
қабылдайды, мәселені шешу үшін диалогтан қашпайды, өз мүмкіндіктерін 
дұрыс бағалай біледі.
6. «Педант»: ұсақ түйекке дейін мән береді, кез келген нәрсеге қатып қалған 
принциі бар, орындағыш бірақ соған өте талапты қатты қояды,
қоршағандарға да жоғары талап қояды, өте жоғары мазасыздық, әр нәрсеге 
көңіл бөлгіш .


7.«Танк»: әдейі қарсы келеді,басқалардың ойымен, сезімдерімен санаспайды, 
эгоист, өзінің беделі үшін бәрін құрбан етеді, ауыр қабылдайды, өзін өте 
жақсы көреді, өзінің сәтсіздігін қоршағандардан көреді. 
Мінез-құлықты зерттеген ғылыми зертетулерге де шолу жасап кетеміз, 
дәрісте қаралған мәселелерді толық түсінуге негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет